"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

02.10.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 29 қыркүйек күні қалалық әкімдікте Семей қаласы әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысты.

{jcomments on}Жиынды кеңес төрайымы Жанна Жибраева ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырып өтті. Қаралған мәселелер бойынша ең алдымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин сөз алып, облыстық қоғамдық кеңестің жұмысы туралы баяндады. Владимир Лопаткиннің айтуынша, өңірдегі көптеген қоғамдық ұйымдардың басын біріктіретін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы қоғамдық кеңес облыс аумағында туындаған келелі мәселелерді шешуге атсалысып келеді.

— Құрамына кәсіби мамандар кіретін облыстық қоғамдық кеңес отырысында кез келген мәселе талқыланып, оң шешілуіне ықпал жасалады. Әрине, бұл өз кезегінде қоғамдық кеңестің беделін арттырып, кәсіби тұрғыдан шеберлігін шыңдай түсуде. Айта кетуіміз керек, бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша қала мен аудандарда 19 қоғамдық кеңес жұмыс жүргізуде. Ал облыстық қоғамдық кеңес өңір бойынша барлық аудандарда көшпелі отырыстарын өткізіп келеді. Ондағы мақсат — қоғамда туындаған кез келген мәселені халық арасында талқылап, тиімді шешу жолына ықпал жасау, — деді В.Лопаткин.

 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобы төрағасының орынбасары Индира Кәкімова баяндама жасады. Оның айтуынша, аталмыш жұмыс тобы облыстық денсаулық сақтау департаментімен тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Аудандарға шығып, аталған салада туындаған мәселелер анықталып, кеңес отырысында талқыланып, ортақ шешім қабылданады екен.

 

Сондай-ақ Индира Болатқызы еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа модельдің негізгі принциптері жайында да сөз қозғады. Оның пайымынша, соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына жасалған жағдайлар бәсекеге қабілетті үлгі қалыптастыруға мүмкіндік берген.

Отырыста негізгі азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі де қоз-ғалып, ол бойынша қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров    баяндады. Бөлім басшысы бүгінде қаладағы азық — түлік бағасын бақылау мақсатында штаб, оның аясында арнайы жұмыс тобы құрылғаны жайында айтып өтті.

— Соңғы мәліметтер бойынша, қалада 1149 азық-түлік дүкені бар. Жұмыс тобы осы дүкендерді күніне екі рет аралап, тәулігіне 300-400 дүкендегі баға тұрақтылығына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар тұрғындармен байланыс орнату мақсатында сенім телефоны жұмыс істейді. Айта кетуіміз керек, арнайы желіге 20 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында 157 тұрғын қоңырау шалған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізсіз көтерілгені анықтал-ған жағдайда, сауда орнына сала мамандары шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, — деген кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров, жалпы, рейд тұрақты жүргізіліп тұратынын, бағаның негізсіз көтерілгені анықталса, түсіндіру шаралары өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар ол бағаны тұрақтандыру мақсатында  сауда үйлерінің жетекшілерімен 927 меморандумға қол қойылғанын жеткізді.

Отырыс соңында Семей қаласындағы консультативтік-диагностикалық орталықтың Ұранхаев көшесі, 20 мекенжайында орналасқан бөлімшесі ғимаратының тарлығы да сөз болды. Бұл жайында мекеме жетекшісі Жанат Тұрсын-ғалиева мәселенің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, емдеу мекемесінің 88 шаршы метр аумағында жүзден астам медицина қызметкерлері жұмыс жасауда. Ал қызмет көрсететін тұрғындардың саны                         3 мыңға жуық екен. Бір сөзбен айтқанда, еш талапқа сай келмейтін ғимарат аумағын кеңейту керек. Жиын соңында аталған мәселенің алдағы уақыттарда талқыланып, шешу жолдары қарастырылатыны сөз болды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС