"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

26.01.2016
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаңтар айының аяғы мен ақпан айында жедел респираторлы вирустық жұқпаның (ЖРВЖ) белең алатын шағы. Өткен жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Семей өңірі бойынша ЖРВЖ–мен ауырғандар саны 8 564 адамды құраса, оның 73,6%-ы балалар болған. Бұл туралы өткен бейсенбі күні БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Баспасөз мәслихатына Семей қаласының бас инфекционисі Эльвира Исабаева, қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Айгүл Тоқтабева және жедел медициналық жәрдем емханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Ғалия Әлімбаева қатысты.

Жедел респираторлы вирустық жұқпа (ЖРВЖ) тыныс алу жолдарын қабындырып, ауа арқылы берілетін полиэтиологиялық аурулар тобына жатады екен. Ақ халаттылар күз, қыс және көктем мезгілінде аталмыш вирустық жұқпамен ауыратындар саны көбейетінін айтады. Бұл ретте жұқпаның алдын алудың бірден–бір жолы — вирусқа қарсы екпе алу.   Семей қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Айгүл Тоқтабева осы бағытта бірқатар шаралар қолға алынғанын жеткізді.

— 2015 жылдың қазан-қараша айларында тұмау вирусының алдын алу мақсатында қала көлемінде вакцинация жұмыстары жүргізілді. Нақтылап айтқанда, 30 мыңнан аса тұрғынға осы жұқпаға қарсы екпе салынды. Жергілікті бюджет есебінен 1200-ге тарта қала тұрғындары вакцинацияны тегін түрде алды. Олардың дені әлеуметтік жағдайы төмен жандар екенін айта кеткен абзал. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда ЖРВЖ-мен ауырғандардың саны біршама төмен,- дейді Айгүл Төлеген-қызы.

Ал Семей қаласының бас инфекционисі Эльвира Исабаева қаладағы жұқпалы аурулар емханасының 140 адамды бір мезетте қабылдауға қауқары жететінін, қазір жағдайдың тұрақты екенін атап өтті.

— ЖРВЖ–ның жұқпалы екенін естен шығармаған абзал. Алайда өткен жылмен салыстырғанда вирустық жұқпамен ауырғандар саны едәуір төмен. Дегенмен де осы ретте қалалықтардан сақтық шараларын мейлінше қатаң ұстануын сұраймыз. Ең алдымен жеке бастың гигиенасына баса мән берген жөн. Жөтелген сәтте инфекцияны таратпау мақсатында қол орамалын қолдану керек. Сондай-ақ пәтеріңіздегі ауаны жиі тазартып отыруды да ұмытпаған абзал. Дертті асқындырып алмау үшін дәл уақытында тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша учаскелік дәрігерге қаралған дұрыс болады,- дейді қаланың бас инфекционисі.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,- деп халық даналығында айтылғандай, ағзаларыңызға зиян келмес үшін, жоғарыда айтылған мамандардың кеңесіне құлақ ассаңыздар, ұтылмайтындарыңыз анық. Себебі қазіргі нарық заманында экономикалық тұрғыда ауырмаған тиімді екені даусыз.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

6 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

6 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

6 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

6 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

7 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

8 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС