"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНІМ ӨНДІРУДЕ САПАҒА МӘН БЕРІЛУДЕ

26.01.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Экономика арқа сүйейтін бірден-бір сала ауыл шаруашылығы екендігі белгілі. Бұл орайда Елбасының Жолдауларынан туындайтын міндеттемелерді орындау бірінші кезектегі мәселеге жатады. Стратегиялық даму барысында өңірлерді алға бастырудың алғашқы қадамдары осы саяси құжат басымдықтарын орындау аясында жүзеге асатыны белгілі. Осы ретте  Семей өңірі бойынша өткен жылы ілкімді шаралар қолға алыныпты. Шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің бірқатар бастамалары негізінде қаланың аграрлық секторында ауыл шаруашылығы саласын көтеру және дамыту, ауыл тұрғындарының өмір деңгейін көтеру және жұмыспен қамту, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржылай қолдау көрсету ісі нәтижелі жүргізілді.

Бұл ретте қаламыз бойынша, Мемлекет басшысының Жолдауларында айтылғандай, ауыл шаруашылығы саласын екі бағытта дамытудың алғышарттары іргелі нәтиже беріпті.  Атап айтсақ, аталмыш саланы дамытудың тетіктерін тиімді қолдану мен өндірілген өнімдердің тиімді нарықтық жүйесін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар қабылданып, іске асыпты. Қала әкімі Ермак Бидахметұлының назарда ұстауымен өткен жылғы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 21,1 млрд. теңгені құрапты. Бұл — қазіргі қалыптасқан ахуал бойынша елеулі көрсеткіш.

Бүгінгі күні қалада 650 шаруа қожалықтары, екі өндіріс кооперативтері, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, мұнымен қоса 32 мыңнан астам тұрғындардың өзіндік қосалқы шаруашылықтары бар. Яғни, ауыл шаруашылығы саласы бойынша қажетті ресурс толығымен жеткілікті. Сонымен қатар  бірқатар шаруашылықтардың жаңа технологияларға көшуі жетістікті нәтижеге қол жеткізген. Мәселен, өсімдік шаруашылығы саласында алдыңғы жылмен салыстырғанда картоп жинау 2,8 мың тоннаға ұлғайған. Және де көкөністерді жинау динамикасының сақталуы есебінен өндірісті 8,5 млрд. теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік туған. Ал өнімдердің ұлттық тұтыну мөлшеріне сүйенсек, картоп өндірісінің көлемі  2,5 есеге, көкөністер өндірісінің көлемі  22,6%-ға артық орындалыпты.

Сонымен қатар іргелі істің жемісті орындалуына мүмкіндік берген шаралардың қатарында көктемгі-суару және жинау жұмыстарын жүргізу үшін минералды тыңайтқыштарды, шөпжойғыларды және дәнді дақылдар сатып алуға бөлінген 383,2 млн. теңге субсидияларды да атап өтуге болады.

Мұнымен қоса соңғы бес жылда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингтік жүйесі бойынша және меншік қаражаттарына 200-ден артық техника алыныпты. Соның ішінде өткен жылы 12 шаруа қожалықтары лизингке және меншік қаражаттарынанда 40 бірлік шаруашылық техникалары  және 140,2 млн. теңгеге құрал-жабдықтар алынған. Бұл орайда жыл сайынғы техниканы жаңарту 4,3%-ды құрайды екен. Жалпы, өңірдегі шаруашылықтардың соны технологиямен жарақтануын қала әкімі Ермак Бидахметұлы назарында ұстап отыр. Жергілікті атқарушы биліктің кеңес беріп, қолдау жасауымен бұл тараптағы көрсеткіш өткен жылы да жоғары болды.

Осы орайда ауыл шаруашылығы саласының екінші бағыты бойынша, яғни  өнім өндіру ісіндегі ілгерілеушілік жайына да тоқтала кету ләзім. Есепті   жылға 25 мың тонна ет, 34,5 мың тонна сүт, 3 млн. дана жұмыртқа, 240 тонна жүн өндіріліпті. Өнімдердің ұлттық тұтыну мөлшеріне сәйкес, ет өндірісінің көлемі  тұрғындардың қажеттілігінен 9,1%-ға артық көрінеді. Сондай-ақ сүт және жұмыртқа өндірісі сәйкесінше тұрғындар қажеттілігінің 22,6%-ын және 6,3%-ын жаба алады екен.

Айта кетер бір жайт — облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Семей өңірі бойынша екі сүт-тауарлы ферма таңдалып алынды. Дәлірек айтсақ, «Нұр» және «Көпежан» шаруа қожалықтары жанынан «200 бас сиырға арналған СТФ қайта жабдықтау» жобасын іске асыру шарасы басталды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы ірі қара малын сатып алу бойынша «Сыбаға», қой сатып алу бойынша «Алтын асық», жылқы сатып алу бойынша «Құлан» бағдарламалары іске асырылады. Бұл бағдарламалар шеңберінде 95,5 млн. теңгеге 476 бас ірі қара малы және 22,9 млн. теңгеге 1048 бас қой сатылып алынған. Яғни, Елбасы Жолдауында айтылғандай, түліктерді асылдандыруда іргелі жұмыстар орындалған. Жалпылама деректерге жүгінсек, өңіріміз бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын иеленген он тоғыз шаруашылық субъектілері бар. Бұл тараптағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуін болдырмау мақсатында есепті жылы нарықтық бағадан 15-20 пайыз төмен жергілікті тауар өндіру-шілердің өнімдерін іске асырған ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліпті. Жаңадан «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығының ашылуы ауылшаруашылық өнімдерін санитарлық талаптарға сай саудалау ісінде мол мүмкіндік беруде.

Өткен жылдың қарашасынан бастап ағымдағы жылдың мамыр айы аралығы «Маусымаралық кезеңінде» тұрақтандыру қорына салынған картоп және көкөніс көлемі 5700 тоннаны құрапты. Оның ішінде 3500 тонна картоп, 850 тонна қырыққабат, 600 тонна сәбіз, 150 тонна қызылша, 600 тонна пияз қоры бар. Мұнымен қоса жергілікті жердегі ең ірі ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық «Приречное» агрофирмасы оператор болып анықталып, қоймада картоп, көкөніс өнімдері сақталып, халыққа сатылымға шығарылды. Осы тәріздес жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өңірде жеміс-көкөніс сынды өнімдердің бағалары тұрақты.

Қорыта айтқанда, Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық саласына соны серпін беріп отырған аталмыш сала өткен жылы да жетістікті еңбекке толы болды.

Қ.ӘЛІМБЕК,

Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

6 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

7 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

7 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

7 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС