"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРТЫ ЖЫЛ — ОҢ КӨРСЕТКІШ

02.08.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жұма, 29 шілде күні Семей қаласының әкімдігінде қала әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Әкімдің отырысына дербес бөлім басшылары, ауылдық округтер әкімдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес қалалық қаржы бөлімінің басшысы Роза Құдайбергенқызы және экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекованың баяндамалары тыңдалды.

Бірінші сұрақ бойынша «2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа қала бюджетінің атқарылуы туралы» ақпарат берілді. 2016 жылғы қала бюджетінің нақтыланған көлемі 24 480 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне меншікті кірістер бойынша 6 987,2 млн. теңге жоспарланып, 7 115,5 млн. теңге немесе жоспардан тыс 128,3 млн. теңге түсті. Аталмыш көрсеткіш 2015 жылдың осы кезеңінмен салыстырғанда өсу қарқыны 108,8 % — ға жетті.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне еңбекақы және әлеуметтік төлемдер төленіп,  2015 жылғы қала бюджетінің кредиторлық берешегі толық көлемде өтелді. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында бюджеттің орындалу қорытындысынан, ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттің толық орындалуына және түпкі нәтижеге қол жеткізуге бағытталған негізгі міндеттерді шешуге тура келеді. Оның ішінде, мемлекеттік уәкілетті органдармен бюджеттің меншікті кірістері бойынша болжамның орындалуы үшін салық салынатын базаны ұлғайту, еңбекақы және басқа да ақшалай  төлемдерді жүргізу, жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің болжамды орындалуына талдау жасау, құрылыс және реконструкциялау объектілеріне жұмыстың өндіріс кестесінің орындалуы бойынша қатаң бақылауды қамтамасыз ету, негізсіз дебиторлық және кредиторлық берешектердің қалыптасуына жол бермеу жұмыстарын атқару қажет.

Субъективті себептер бойынша конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу және нысандарда өндіріс жұмыстарының жүзеге асырылуына бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бақылаудың жоқтығынан бюджеттен бөлінген қаржаттың игерілмеу фактілері орын алды. Қала әкімі ақпаратты назарға алып, негізсіз қаражат қалдығына жол беруіне байланысты сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің басшыларына мемлекеттік сатып алу жұмысына жауап беретін мамандардың жауапқа тарту мәселесін қарастыруды қатаң тапсырды. Осыған дейін тиісті сөгісті бөлім басшыларына жарияланған болатын. Қала басшысы бөлінген қаражатты игеру басты міндеттердің бірі болып саналатынын атап өтті.

Сонымен қатар әкімдік отырысында 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа әлеуметтік – экономикалық даму  қорытындылары туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г. Алтынбекованың баяндамасы тыңдалды. Ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні байқалуда. Мәселен, 2016 жылғы І жартыжылдықтағы рейтингтік бағалау көсеткіштерін ай сайынғы мониторингілеу қорытындысы қаланың орта серпінді даму аймағына жатқызылғанын көрсетіп, 8 орынды иеленді. Есептік кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 67,5 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2 млрд. теңгеге жоғары. 2016 жылғы 6 айда өңдеу өнеркәсібінде 50,7 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды. Бұл 2015 жыл деңгейінен 9,1 млрд. теңгеге жоғары. Металл өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімін шығару 2,1 есеге немесе 9,6 млрд. теңгеге жоғарылады және 18,03 млрд. теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдың басынан бері жалпы көлемі 842,6 млн. теңгеге  20 шартқа қол қойылып, оларға 15,5 млн. теңге субсидия төленді және кепілдік бойынша 49,4 млн. теңгеге 2 келісімге қол қойылды. Бұл ретте 800 орынға 5 жекеменшік балабақша енгізу жоспарлануда. Балаларды жергілікті мектепке дейінгі мекемелердегі орындармен қамту мәселесін шешу мақсатында, Ұшақтар кентінде 280 орынға арналған, Суық бастау кентінде 230 орынға арналған балабақшалар және Водный кентіндегі 100 орынға арналған мектепке дейінгі шағын орталыққа қосымша құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді.

Соңғы үш жылда денсаулық сақтау жүйесінде тұрғындарды сауықтыруда оң тенденция барын атап өту қажет. Туберкулезбен ауыру (қала бойынша 7,1 %-ға төмендеді), туберкулезден өлім-жітім (1,9 %-ға), онкологиялық аурулардан (5,4 %-ға)  көрсеткіштері қысқарған. Ана өлімі жағдайы тіркелмесе, нәрестенің шетінеуі 4,7 %-ға төмендеді.

Ермак Бидахметұлы ақпаратты назарға алып, әр көрсеткішке жауапты орындаушылар бекітіуді, оларға статистика органдарымен ғана емес, облыстық салалық басқармалармен де облыстың қалалары мен аудандары арасындағы ауданішілік рейтингті қорытындылауға дейін тұрақты түрде тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуді тапсырды.

Сонымен қатар дала өрттерін сөндіру мәселелері жөніндегі қала әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы туралы Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы м.індетін атқарушы Б. Байбуров пен қала әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы С. Қуанышбаева ақпарат берді. Өрт сөндіру жұмыстарына қаражат толыққанды бөлініп, игерілді. Жанармай сатып алынып, бүгінгі күні дала өртін алдын алу мақсатында ауылдық округтерде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

10 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

10 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

10 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

10 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС