"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕСЕПТІ МЕРЗІМ- ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛДЫ

11.02.2014
ЕСЕПТІ МЕРЗІМ- ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында басталған Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің халық алдындағы дәстүрлі есептік жиыны сенбі, ақпанның 8-і күні қалалық мәдениет сарайында қорытындыланды. Қала тұрғындары көп  жиналған алқалы басқосуға ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Астанадан арнайы келген Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің бас инспекторы Сәлімгерей Бақбергенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Талғатбек Абайділдин мен Сергей Плотников  қатысты.

Айбек Кәрімов өткен 2013 жылғы Семей қаласы атқарушы билігінің өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудағы жұмысы жайлы баяндамасын  өңірді дамыту жоспарын жүзеге асыру шараларынан бастады. Шаһар басшысы айтып өткендей өткен жылы өңірімізде елеулі жаңалықтар көп болды. Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында ғана емес, мәдени-рухани саладағы серпілістер де халықтың көз алдында. Бұл орайда Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы аясында көптеген жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылды. Анығырақ айтқанда, экономикалық салада өркендеуге айқын бетбұрыс жасалды. Жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, азық түлік қауіпсіздігі тәрізді  шаралардың барлығы ел Президентінің  Жолдауындағы басымдықтар негізінде жүргізілді.

 

{jcomments on}- Семей қаласы жергілікті атқарушы билігінің бүгінгі атқарып жатқан жұмыстары  БАҚ арқылы ашық көрсетіліп те ,жазылып та жүр. Қала әкімдігінің өткен жылғы негізгі қызметі Елбасының Жолдауы аясындағы ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыру нәтижесінде жүргізілді, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы. Осы орайда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шаһар басшысының сөзіне қатысты өз пікірін білдіре кетті:

 

– Жалпы, жергілікті биліктің жұмысын  халықтың санының артуына қарап-ақ  бағалауға болады. Біздің бүгінгі таңдағы басты мақсатымыз да сол, халықтың өсімін жоғарылату, Семей қаласы тұрғындарының  санының артуы –       халыққа жасалып отырған жағдайдың жақсы екендігін аңғартады. Ел Үкіметі осы үшін қыруар қаржы бөліп отыр, — дей келе, — Бүгінгі таңда Семейде қанша халық тұрады? — деген сауал қойды.Бұл сұраққа қала әкімі:

— Дәл қазіргі күні өңірімізде 350 мың халық қоныстанған.  Елбасы өзінің халыққа Жолдауында  «Қазақстан халқының 70 пайызы қалада тұруы тиіс» деп атап көрсетті. Тұрғындардың өсімі жоғары, демография бойынша да, көшіп келушілердің есебінен де халық саны жыл санап артып келеді. Біздің жобамыз бойынша 2025 -2030 жылдары Семей хал-қының саны шамамен 500 мыңға жететін болады. Жалпы бұл орайдағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, халық денсаулығын жақсартуда біршама жетіс-тіктерге қол жеткізілді. Жүрек сырқаты барлар дәрігер-мамандарды іздеп алыс-қа бармайды. Семей қаласындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға 30 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Өткен жылы атқарылған шаралардың қатарындағы қомақтысы осы деп білеміз. Бізде ана мен бала өлімі азайды. Туберкулез ауруымен күрес қарқынды жүргізіле бастады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту ісінде де жетістік көп. Оның ішінде жеке инвесторлардың саны артып отыр. Балалардың туберкулезге қарсы диспансерінің құрылысы басталып кетті. Қалалық емхана мен салынып жатқан радиологиялық орталық құрылысы да өңірдегі медицина саласына айтарлықтай көңіл бөлініп отырғандығының айғағы, — дей келе, алдағы уақыттың еншісіндегі шаралар жайына да тоқталып өтті. Мәселен, халықтың денсаулығын оңалту орталығын салу жоспарлануда. Бұған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тарапынан көмек қажет екендігі де айтылды.

Қала әкімі  шаһардың әлеуметтік-экономикалық өркендеу барысына қысқаша тоқтала келе,жиналғандарды  кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, азық-түлік бағасын тұрақтандыру жайында да кең ауқымды  мәліметтермен ақпараттандырды. Өткен жылы қала маңынан құрылған азық-түлік белдеуі зор нәтиже берді. Тұрғындарды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтуға толықтай қол жеткізілді,қалалықтарды көкөніспен, ет өнімдерімен  қамтамасыз ету  мәселесі 100 пайыз жүзеге асып отыр. Ал салынған қоймалар арқылы бағаны жазға дейін бір қалыпта ұстап тұрудың мүмкіндігі артты.  Семейде тек өнеркәсіп саласы бойынша ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және ұқсату бойынша облысымыздағы аграрлық сала қарқынды дамыған  Үржар, Шемонайха сынды аудандармен теңесе алды.  Бұған қоса қала экономикасына айрықша серпін беріп келе жатқан кейбір кәсіпорын салалары  бойынша да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалға, «Семаз» ЖШС ауылшаруашылық техникаларының бірнеше түрін, оның ішінде трактор, жүк көліктерін құрастырып шығарады. Зауытта құрастырылған «Shaсman» атты жаңа техника түрі   басқа  көлік шығарушы кәсіпорындармен бәсекелестікке түсе алады.

Семейде өткен жылы айтарлықтай жаңалықтар көп болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаламызда арнайы сапармен болып қайтты. Қаламызда атқарылып жатқан шараларға жоғары баға берді. Әлеуметтік сала бойынша бірқатар міндеттер жүктелді. Премьер — министр де қаламызға арнайы іс сапармен келді. Бұл жайттың барлығы өз кезегінде шаһар өміріндегі айшықты істерге айтарлықтай ықпал етті.

Сондай-ақ, қалада көптеген қоғамдық-саяси және спорттық маңызы бар ха-лықаралық деңгейдегі шаралар өтті. Мәселен, қалалықтар мен қала қонақтары үшін ерекше есте қалған айтулы шара деп Қазақстан футболының ғасыр то- йын айтуға болады. Елімізді мекендейтін ұлттар достығының айқын көрінісіндей болған Сабантой мерекесіне Татарстанның бірінші президенті Минтемир        Шаймиев арнайы келіп, Семейде  болды. Невзоровтардың отбасылық мұражайында ғылыми-теориялық конференция өтіп, әр жерден ғалымдар келіп, кеңес өткізді. Мұның барлығы Семейдің мәдени өмірінің өткен жылғы жарқын беттері.

Осы жерде айта кетуіміз керек, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкіміне баяндама жасауға  20 минут қана  уақыт беріп, оның орнына қала тұрғындарының сұрақ қоюларына немесе, қала өміріндегі әр түрлі сала жұмыстары мен проблемалық мәселелер жайлы  кеңесуге көбірек  уақыт бөлсек деген ұсыныс жасады.

Тұрғындар сұрақтарына кезек берілгенде алғашқы болып сөз алған қаладағы №6-шы мектеп-гимназияның ұстазы өз сөзін қала әкіміне алғыс айтудан бастады. Шаһарға басшы болып тағайындал-ғаннан бері іргелі өзгерістер орын алып, қала көшелеріндегі абаттандыру шараларының ойдағыдай жүзеге асуына ұстаздар қауымы атынан ризашылығын білдіре  келе, өз өтінішін жеткізе кетті: Гимназия жолдың бойында орналасқан.  Көлік ағынының көптігіне орай  балалар өмірінің қауіпсіздігі ұстаздар қауымын  алаңдатады. Осы орайда «мектеп жанынан жаяу жол өткелі салынса» деген  сауалға  қала әкімі Абай театры мен №6-шы гимназия арасындағы жолдың тығыздығы назарда тұрғанын жеткізді:

— Жылдан жылға көлік көбейіп келеді. Жүргіншілер қауіпсіздігі үшін аспалы көпір мен №2 мектеп маңайынан және Жоламандағы  мектептің тұсынан, сондай-ақ медициналық университет  жанынан жаяу жүргіншілерге арнайы   орын белгіленген. Ол үшін биыл 18 млн. теңге қаражат бөлінді. Наурыз айында тендер өткізілген соң жұмыс басталады, — деді қала әкімі.

Ал келесі сөз алған қала тұрғыны     Ғаббасов қазандығының жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Өткен аптадағы аязды күндері  академик Павлов көшесіндегі бір үйдегі кейбір пәтерлерде салқындаушылық байқалған. Бұл жайында түсінік берген Айбек Мүталапханұлы, аталмыш қазандық тарапынан туындаған мәселенің байыбына қанық екенін жеткізді:

– Қазір мұнда 2 қазандық үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Тағы бір қосымша қазандық тұр. Алайда, бұл арада анықталған бір жайт — кейбір жекелеген кәсіпкерлер қазандыққа қосылатын ғимараттарына қуаттылығы жоғары насос орнатқан. Сол себептен күннің суық кездерінде басқа нысандарға берілетін қысым  төмендейді. Сонымен қатар ,мұндай нысан иелері жылу есептегіш құрылғыларды орнатпаған. Көше бойындағы монша, сауна, шаштараз сынды кәсіпкерлік орындарымен қатар, кейбір жеке үйлердегі жағдай да дәл сондай. Арнайы рейд жүргізілді. Биік қақпалы кейбір үйлерге кіру мүмкін болмады. Қыс мезгілі болғандықтан оларды жылудан ажыратуды жөн санамадық. Жалпы, бұл қазандық бойынша жылу беруде ешқандай кедергі жоқ. Бүгінгі таңда аталған  мәселе бойынша арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр, — деп жауап беріп өтті.

Келесі кезекте  өзін сол жақ Шығыс саяжайының тұрғынымын деп таныстыр-ған Гүлшат Қалиева  сөзін қала әкіміне алғыс айтудан бастады:

– Өткен жылы біздің саяжай тұрғындары үшін ерекше қуанышты жағдай болды. Айбек Мүталапханұлының көмек көрсетуімен электр желілері ауыстырылып, тұрғындарды қатты алаңдатқан жарық мәселесі жөнге келді. Осы үшін сол жақ Шығыс саяжай тұрғындары атынан қала әкіміне үлкен ризашылығымды жеткізгім келеді, — деді.

Ал өзін Саят Мұратовпын деп таныстырған жігіт 2007 жылы Юность кентінен жер алғандығын, алайда жариялан-ған мараторийге байланысты үй салуға рұқсат ала алмай отырғанын айтып, бұл жайттың қашан шешілетінін сұрады. Бұл сауалға қала әкімі ретсіз құрылыстарға жол бермеу мақсатында Бас жоспар күшіне енгенше тұрғын үй салуға рұқсат берілмегенін, алайда,  алдағы наурыздан бастап бұл тыйымның алынатынын жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған зейнеткер Роза Шағиахметова жәрмеңкелерде, сондай-ақ көше бойларында сатылатын ет мәселесі туралы сөз қозғады. Ветеринариялық-санитарлық экспертиза саласының байырғы маманы өз сөзіне бірқатар дәлелдер келтіріп өтті:

– Кей жағдайда көп қабатты тұрғын үйлер ауласына келіп, көлігімен ет сатып тұратындарды жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар, жәрмеңкелердегі ет сатушылардың да тиісті анықтама қағаздары болатынына күмәнмен қараймын. Кей жағдайда ол жерлердегі жағдай санитарлық талапқа сай келмей жатады. Ауру малдың еті тұрғындарға тарап кетпеуі тиіс. Бұл  көше бойында қымыз сатушыларға да қатысты. Сол себептен алдағы уақытта бұл мәселе шешімін таба ма екен, — деп сұрады ол өз сөзінде.  Сұраққа  жауап берген қала әкімі айтылған мәселелермен  келісетінін жеткізді:

– Қазір қаланың Бас жоспары бекітілді. Енді ынта білдірген кәсіпкерлерге сауда үйлерін ашып беріп, жабайы саудаға тоқтау салу көзделуде, — деді Айбек Мүталапханұлы.

Дулатов  көшесі, 135-ші үйдің тұрғыны өз пәтеріндегі жылудың 15 градустан аспайтынын айтып, көмек көрсетуін сұрады. Оған жауап берген қала әкімі суық түскен мезгілде берілетін жылудың мөлшерден азайып кеткендігі жайлы кейбір тұрғындардың өтініштері туындағанын, осыған орай арнайы комиссия үйлерді аралап, тексеру жүргізіп жүргендігін айтты. Мәселе анықталды, енді шешіледі дей келе түсінік беру үшін «Теплокоммунэнерго» мекемесінің техникалық директоры Асхат Букатовтан мән-жайды түсіндіріп беруді сұрады. А.Букатов бұл орайда туындаған мәселе Ғаббасов қазандығына байланысты екендігін айтты:

– Біз 47 нысанға тексеру жүргіздік. Тек коттедждер орналасқан ауданда түйткілді мәселе бар екені анықталды. Көпшілігі үйлеріне кіргізбейді. Қуатты насос орнатып,  аязды күндерде  өзгелерге залал тигізетіндермен әңгіме ендігі жерде басқаша болады. Алдағы уақытта олардың бірқатарымен келісім-шартты бұзатын боламыз, — деді ол. Қала әкімі   тұрғындарға   жылу берушілерге қарызды қайтару қажеттігін де  еске салып  өтті.

Зейнеткер Жұманбаев бұрындары сол жағалау мен Шығыс кентінің арасына қатынаған №233 бағытты автобус  қалпына келтірілсе  деген өтінішін білдірсе, Шығыс кентінің тұрғыны Тамара Петровна көшелердің жөнделгендігіне алғыс білдіретіндігін айта келіп, алдағы уақытта сол көшелердің бойындағы арықтар тазартылып, тереңдетілсе деген өтінішін жеткізді.

Сонымен қатар, көпшілік арасынан сөз алған Майра Әбенова жергілікті атқарушы билікке орын алған мәселелерді  қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып  талқылау жайлы ұсынысын білдірді.   Бұл пікірге қала әкімі кез-келген бірлестік өкілі үшін ашық әңгімеге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.

Қоғамдық көліктердегі тіл мәселесін тілге тиек еткен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев кейбір атаулардың қазақшаланбай тұрғандығы жайлы  ойын  облыс әкіміне 2014 жылды Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазақ тілі жылы деп атасақ деген ұсыныспен жеткізді.

Бұл пікірге Бердібек Мәшбекұлы атал-ған мәселелердің біртіндеп шешімін табатынына сенімді екенін,  тіл саясаты Елбасы атап көрсеткендей, мезгілінде шешілетінін айтып өтті.

Жалпы, сұрақ қойған тұрғындар көбінесе әлеуметтік сала төңірегіндегі мәселелерді қозғады. Әсіресе, қала әкімінен үй мәселесіне, мүгедек баласына жәрдемақы тағайындауға көмек көрсетуін өтінушілер көп болды. Сауал берушілердің сұрақтарынан   тұрғындардың көпшілігінің өз құқықтарын білмейтіндігі немесе қайда, кімдерге жолығудан хабарсыз екендіктері байқалып тұрды. Ондай өтініш айтушылардың бірқатарына қала әкімі жұмыспен қамту орталығына барып, мамандарға жолығулары қажеттігін  айтса, енді біріне баспана тұрғын үй кезегі бойынша берілетінін, заңды аттап кетуге болмайтынын ескертті.

Сұрақ пен жауап аяқталған соң сөз кезегі Қазақстан Республикасы Парламенті  Сенатының депутаты Талғатбек Абайділдинге берілді. Сенатор кәсіпкерлік саласындағы көптеген  мәселелерге байланысты заң шығарушы органдар тарапынан атқарылып жатқан бірқатар шараларға қысқаша тоқталды. Сонымен қатар ,әкімдердің есеп беру жиынындағы айтылған мәселелерге байланысты да өз ойын білдіріп, кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы  кейбір жайттарды Парламентке жеткізетінін білдірді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы Семей өңіріндегі атқарылған шараларға көңілі  толатынын жеткізе келе, аймақта әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары екендігін айтып өтті.

– Күннен күнге елдің ахуалы жақсарып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы талаптарын орындау нәтижесінде көптеген жақсы жетістіктерге қол жеткізгеніміз анық. Президентіміздің Мәңгілік Ел туралы ұлттық идеясының негізгі астарында біз үшін, аға буын үшін зор міндеттер тұр. Келер ұрпақтың алаңсыз өмірі үшін қазіргі күні атқарылар шаралардың қатары өте көп. Бүгінгі Семей қаласы әкімінің есеп беру баяндамасынан көп жайтқа қанықтым. Жалпы, Семей менің үнемі назарымда тұрады. БАҚ арқылы Семейге қатысты айтылған әрбір ақпарат мені бей-жай қалдырмайды. Бүгінгі күндері жылу, су, жолдарды жөндеу мәселесінде ешқандай да кедергілер болмауы керек. Егер бұл орайда  мәселе  туындай қалса, ол қала әкімінің емес, оның орынбасарларының, бөлім басшыларының кінәсі деп білеміз. Жалпы, қай салада болмасын халық тарапынан наразылық туғызатындай негіз жоқ. Қазіргі таңда тұрғын үй салуда көп кедергі жоқ, қаржы да бар. Тек құжаттамаларды дұрыс әрі жедел дайындап, тиімді пайдалану қажет. Күні кеше Өскемен қаласында өткен мәжілісте «Тұрғынүйжинақбанк», «Даму» қорының, «Самұрық қазына» қорының өкілдерін шақырдым. Мақсат – олардың мүмкіндігін пайдаланып, өңірде тұрғын үй салу ісін тиімді түрде жүзеге асыру. Ал келесі мәселе шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі. Бұл орайда  Семейде ешқандай да бөгет жоқ екенін білеміз. Бүгінде мемлекетіміздің кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы қолдауы үлкен. Жүзеге асып жатқан берері мол бағдарламалар жетерлік.  Тұрғындар «Жұмыспен қамту – 2020», «Жол картасы» сынды бағдарламалардың игілігін айқын сезінуде. Мемлекет әлі де көмектеседі.

Семей үшін ғана емес, жалпы халық үшін маңызы зор ауқымды мәселе денсаулық сақтау саласы болып табылады. Семей ядролық сынақ зардабын шеккен өңір болғандықтан бұл бағытта іргелі жұмыстар жасалынып жатыр. 30 млрд. теңгенің қаражаты бөлініп, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды.  Семей үшін бір қуанар жайт, жекеменшік емханалардың саны да көбейіп келеді. Ендігі жерде Семейде  сынақ полигонынан зардап шеккендерді емдеу және көмек көрсету мақсатында оңалту орталығын салу мәселесі көтерілуде. Бұл жайында Елбасымен арада келісіміміз бар, облыстық әкімдік бұл бағытта жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, білім беру ісінде де атқарылар шаруалар бар. Олардың шешімі алдағы уақыттың еншісінде тұр. Ал көшелерді жөндеуден өткізу  мәселесіне келер болсақ, барлық проблеманы бір мезгілде шешіп тастау мүмкін емес. Бұл да уақытымен, өз кезегінде шешімін таба береді деп ойлаймын. Мәдениет саласы бойынша Семейде айтарлықтай жұмыстар жасалынды. Бұл тұрғыдан алғанда қалаларыңыз үлгі аларлықтай. Егер қажет болса, қосымша мәдени нысандар салу арқылы көмек көрсетеміз. Спорт саласын дамыту бо-йынша сіздермен бір кездесуімде мен спорт модулін салып беру жайында уәде бердім. Алайда, оның шешімін табуы қаланың әкіміне де байланысты. Қала басшылығы қалай жер бөліп беріп, тиісті құжаттарын әзірлейді, сол кезде ғана спорттық жаңа нысан үшін біз қаржы бөлеміз. Ол жайында «Қазақмыс» компаниясымен арада келісіміміз бар. Бүгінгі күні Семейден жақсы бір нысан салу қажеттігі туындап тұр. Ал мұндай кездесулер ашық болуы тиіс. Тапсырмам бо-йынша 10-шы ақпанға дейін барлық қалалар мен аудандар әкімдерінің есеп беру жиындары өткізіліп болуы тиіс. Мен дүйсенбі күні Бесқарағай ауданында, сонан соң Риддер қаласында халық алдында есеп беремін. Сондай-ақ, кіммен болсын, қай уақытта болмасын кездесуге, ашық әңгіме жүргізуге біз әзірміз. Егер сұрақтар туындаса — бірігіп талқылаудың маңыздылығы зор, — деп атап өтті.

Облыс әкімі сонымен қатар, аймақтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне де тоқтала кетті. Қазіргі күні тұрақтандыру қоры тарапынан бөлінетін азық түлік өнімдері және оларды тұтынушыға жеткізілу барысы қадағалауда тұр. Бердібек Мәшбекұлы сонымен қатар, қала әкіміне халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді әлі де арттыра түсу  қажеттігін тапсырды. Жалпы, туындаған мәселелерді шешуде қала әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары бірлесіп жұмыс істеулері қажет. — Атқарушы билікке жүктелер міндет жоғары. Қазіргі күнгі атқарылар шаралардың игілігін болашақ ұрпақ та айқын сезінуі тиіс. Елбасы осы жолғы Жолдауында Мәңгілік Ел идеясына бекерден бекер басымдық берген жоқ. Мұның астарында қазіргі буын өкілдері үшін үлкен жауапкершілік жатыр. Еліміздің мәңгілік болуы өзімізге байланысты. Артымызда айта жүрер іргелі іс қалдыруымыз керек. Дәлірегі — елімізде ынтымақ, бейбітшілік, тыныштық орын алса, қоғамда ұлтаралық келісім мен  бірлік бекем болса,  оған әркім өз үлесін қоса білсе — еліміздің ырысы артады. Міне, сонда ғана біз мемлекет басшысы атап көрсеткен Мәңгілік Ел болудағы мұратымызға жететін боламыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЫНА ҚАТЫСТЫ

22.05.2025
ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЫНА ҚАТЫСТЫ

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригаданың жас сарбаздары алғаш рет ату жаттығуларын орындады. Тәжірибелік атыс дайындығы бойынша сабақтар ату тирында...

Толығырақ...Details

«Домбыра – ұлттың жаны» атты бірыңғай домбыра сабағы өтті

22.05.2025
«Домбыра – ұлттың жаны» атты бірыңғай домбыра сабағы өтті

Семейлік NIS-те «Домбыра – ұлттың жаны» атты бірыңғай домбыра сабағы өтті. «100 күй» және міндетті домбыра сабағы аясында ұйымдастырылған іс-шараға...

Толығырақ...Details

Құрметті Жаңасемей ауданының тұрғындары мен қонақтары!

22.05.2025
Құрметті Жаңасемей ауданының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылдың 22 мамырында Шүлбі кентінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне...

Толығырақ...Details

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына...

Толығырақ...Details

Данияр Шәкәрімов: «Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді»

21.05.2025
Данияр Шәкәрімов: «Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді»

Ежелден аңыздар елі атанған тарихы бай өлке Аягөз ауданына таяуда жолымыз түсті. Ән мен жырға ертеден арқау болған Аягөздің ерекшелігін...

Толығырақ...Details

21 мамырда Семейде Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

21.05.2025
21 мамырда Семейде Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

2025 жылдың 21 мамырында Семей қаласының Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЫНА ҚАТЫСТЫ

1 день бұрын

«Домбыра – ұлттың жаны» атты бірыңғай домбыра сабағы өтті

1 день бұрын

Құрметті Жаңасемей ауданының тұрғындары мен қонақтары!

1 день бұрын

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

2 дня бұрын

ЕРСІН ЕСКЕНДІРОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУ КЕРЕК

2 дня бұрын

Данияр Шәкәрімов: «Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді»

2 дня бұрын

21 мамырда Семейде Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

2 дня бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу басталады

3 дня бұрын

Семей қаласында жаңа өндірістік цех ашылды

3 дня бұрын

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС