"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОНДИТЕРЛІКФАБРИКА ОТАНДЫҚ НАРЫҚҚА ТҮРЕН САЛДЫ

11.02.2014
КОНДИТЕРЛІКФАБРИКА ОТАНДЫҚ НАРЫҚҚА ТҮРЕН САЛДЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050: бір ел, бір болашақ, бір мүдде» атты Жолдауында кәсіпкерлік саласына айрықша қарқын беріп, ел игілігін еселеу жолындағы міндеттемені Мәңгілік Ел идеясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсеткені белгілі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жергілікті жердегі ашылып жатқан кәсіпорындардың, нақтырақ айтқанда олардың отандық нарықты қамтамасыз етуі мен бәсекелестік ортаға бейімділігімен де сыналары белгілі. Бұл орайда Семейдегі жаңадан ашылып жатқан іргелі кәсіпорындардың заманауи жабалар аясында инновациялық технологияларға арқа сүйеуі қаланың әлеуеттілігін де еселей түсуде. Оған бірден бір дәлел ретінде өткен сенбі күні ашылған «Коndiz» фабрикасын айтуға болады. Өткен сенбі күні орын алған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келіп қатысты. Кондитерлік өнімдермен тек өңірді ғана емес, күллі облысты қамтамасыз етуге қауқарлы кәсіпорынның тынысымен танысқан аймақ басшысы жолға қойылған бұл іске жоғары баға берді.

Семей қаласы Кеңес дәуірі тұсында жеңіл өнеркәсіп саласына, оның ішінде тамақ өндіру ісі бойынша алдыңғы қатардан табыл- ғаны аға буынға жақсы мәлім. Сол заманда шетелге экспортталатын өнімдер қатарында да қаламызда жасалған азық-түлік тауарлары өтімді болатын. Қазіргі күні шаһарымыз өндіріс қуатын еселеу ар-қылы байырғы атағын біртіндеп қайтару үстінде. Бұлай деуімізге өңірдегі азық-түлік белдеуінің тұрғындарды көкөніс және етпен 100 пайыз қамту, сондай-ақ, бұл өнімдерді республикамыздың өзге өңірлеріне шығаруы негізгі себеп бола алады. Мәселен, жаңадан ашылған кондитерлік фабрика ұннан жасалынған, ұзақ мерзімге сақтауға арналған, тасымалдауға қолайлы өнімдер шығаруға маманданған. Айта кету керек, негізгі өнім түрлері крекерлер, галеттер, қантты печенье, созылмалы және қатпарлы, сондай-ақ салындысы бар печенье мен бисквитті өнімдер екен. Қысқасы әртүрлі таңдаудағы тәттілердің бірнеше түрін сапалы етіп шығаруды көздеп отыр.

 

{jcomments on}Бердібек Сапарбаев ілтипат білдіріп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғатбек Абайділдинге аталмыш фабрикадағы өндірісті салтанатты түрде іске қосуды ұсынды. Аппаратурадағы рычаг қозғалысқа келтірілген соң, қамыр илеу бөлімінде процесс басталып, көп уақыт өтпей-ақ даяр болған өнімдерден ауыз тию мүмкіндігі туды. Ып-ыстық қытырлақ крекерлер сол сәтте дайын қораптарға салынып, шағын қызметтік көліктермен қоймаға жөнелтіліп жатты.

 

Осыдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты фабриканың қазіргі үлгідегі құрылғыларымен таныстырған кәсіпорын басшысы Мәди Өмірзақ кондитерлік өндіріс саласында жетекші орынға шыққан германиялық «Werner Pfleider» фирмасының аппаратураларымен жабдықталғанын жеткізді.

— Жалпы, бұл жобаға құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгеден астам. Жоспар кедергісіз жүргізіліп, уақытында жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта фабрикада крекер шығаратын екі автоматтандырылған желі жұмыс жасауда. Өндіріс орны толығымен орталық басқару пульті арқылы компьютермен басқарылады. Ал бұл жайт өз кезегінде жоғары сапалы өнім шығаруға толық мүмкіндік береді. Дәл қазіргі күні осы желілер арқылы крекерлер, қантты  және       созылмалы печенье шығарып отырмыз, — деді өз сөзінде Мәди Өмірзақұлы.

Шетелдік су жаңа автоматпен жабдықталған фабрика жұмысына Бердібек Мәшбекұлы қызығушылықпен қарап, бірқатар сұрақтар қойды. Кәсіпорын басшысының берген жауабына сүйенсек, өндірістің алғашқы кезегінің қуаты күніне 20 тоннаға дейінгі немесе жылына 12 мың тонна дайын өнім шығаруға есептелген. Жалпы, аталмыш кәсіпорын өндіріс толықтай іске қосуды төрт кезең бойынша жүзеге асыруды көздеуде. Ағымдағы жылы тағы екі кезең іске асырылмақ. Ал бұл өз кезегінде кәсіпорынның өндірістік қуатын арттырып, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге толығымен мүмкіндік бермек.

Тағы бір ерекшелік, бұл кәсіпорынның өзге кондитерлік фабрикалардан ерекшелігі көп көрінеді. Атап айтсақ, өндірісті басқару толығымен автоматтандырылған. Былайша айтқанда, процесті бастау мен аяқтау небары компьютердің екі клавишасына ғана       тәуелді. Сондай-ақ, бұл автоматтардың қоданылу мерзімі анағұрлым ұзақ, сенімді әрі қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Сондай-ақ, өндірісте 100 пайыз табиғи компоненттер пайдаланылады. Айтпақшы, кәсіпорында тек отандық шикізат пен материалдарды ғана пайдаланылады. Мұның өзі жергілікті нарықтың реттелуіне де көмегін тигізбек.

Осында әзірленіп, пісіріліп, де-густациядан өткеннен кейін осы жерде қорапталады екен. «Қазақстанда жасалған» деген маркамен саудаға шығарылатын кондитерлік өнімдер негізінен қазақстандық  нарықты қамтиды. Алдағы уақыттарда Орта Азия елдеріне шығу жоспарланып отыр. Бұл тарапта кәсіпорын басшысына пікір білдірген Бердібек Мәшбекұлы фабрика өнімдерінің отандық нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру мүмкіндіктерін ескерулері қажеттегін де ескертіп өтті.

Мәди Өмірзақұлы сонымен қатар кадр мәселесіне де тоқталып өтті. Бүгінгі таңда фабрикада 200-ге тарта адам жұмыс істейді екен. Басым көпшілігі өзіміздің қаракөздер. Оның үстіне бірлі-екілі алматылық технологтардан басқасы түгелдей дерлік өз қаламыздың тұрғындары. Атап айтқанда, жергілікті Шәкәрім университетінің түлектері көп екен. — Алдағы уақыттарда өндіріс көлемін арттыра отырып, жұмысшылар санын 330-ға жеткізуді көздеп отырмыз, — дейді бұл тарапта түсінік берген фабрика басшысы.

Осылайша, отандық тамақ өнеркәсібінде жаңа фабрика алғашқы қызметін бастады. Бірінші кезекте өңірдегі тұтынушылар сұранысын қанағатандырып, отандық нарықты қамтып, қала берді шетелдерге өнімдерін экспорттауды көздеп отырған  кәсіпорын басшылығына облыс әкімі алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС