"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ІЛЕСУ

03.10.2017
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Латын әліпбиіне көшу — заман талабы. Себебі әлемнің 4 млрд. астам халқы бүгінде латын қаріптерін қолданады. Корей, Қытай, Жапон елдерінің иероглифтері мен біз қолданып жүрген кириллица ғана өзгелерден ерекше деуге болады. Мұхтар Әуезов «Абай жолын» төте жазумен бастап, латын графикасымен жалғастырып, кириллицамен аяқтаған екен. Иә, ағылшын әріптерін шемішкедей шағатын жас буын үшін латын графикасына көшу аса қиындық туғызбасы белгілі. Ағылшын тілін оқымаған аға буынның өзі неміс әріптерін жақсы біледі. Бір ғана мәселе бар. Ол — лайықты, ыңғайлы әліпбиді таңдап алу.

Жақында Шайсұлтан Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығы мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының латын әліпбиі жобасы ел назарына ұсынылды. Әліпбиді құрастырушылар «бір әріп — бір дыбыс», «бір әріп — екі дыбыс» және «бір дыбыс» принципін ұстанған. 25 таңбалы әліпбиде, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын қосымша 8 диграф ұсынылған. (Диграф — бір дыбысты екі таңбамен жазу). Қазақ тілінде 28 дыбыс бар екенін ескерсек, біз қолданып жүрген қазіргі алфавиттегі әріптер саны бұдан әлдеқайда көп екені белгілі. Ал жиыны 33 таңбадан тұратын жаңа әліпби нұсқасында «ь», «ъ», «щ», «э», «ю», «я» дыбыстары атымен жоқ. Есесіне төл таңбаларымыз екі таңбамен берілген. Мәселен,  «ә» дыбысы «ae» диграфымен берілсе, «ө» — «oe», «ү» — «ue» деп таңбаланды. Бұдан бөлек, «ғ» — «gh», «ч» — «ch», «ш» — «sh» , «ң»- «ng,  және «ж»-»zh» болып белгіленеді. Қазақ тіліндегі Іі/Ии әріптеріне «Іі»,  Хх/Һһ әріптеріне «Нһ» деген бір ғана таңба ұсынылады. Сондай-ақ «бір дыбыс – бір әріп» принципін ұстанған деграфты әліпби жобалары да назарға ұсынылып жатыр. Осы сұрақтар төңірегінде М.Әуезов атындағы Семей  педагогикалық колледжінде алқалы отырыс өтіп, шаһарымыздағы белді оқытушылар өз ойларын ортаға салды. Отырысқа филология ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Арап Еспенбетов, Амантай Исин, Төлеуғазы Мүрсәлімов, Ерзат Жетібаев, Арай Жүндібаева, Арафат Мамырбеков және  Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев қатысты.

Арап Сіләмұлының пікірінше, ғалымдар бұл істе асығыстыққа бой ұрмай, мың ойланып, мың толғанғаны жөн.

— Бәз біреулер қазақ тіліне сұранысы жоқ елде латын тіліне көшудің не керегі бар дейді. Латын әліпбиіне көшуге қарсылығын Мұзафар Әлімбаев, Амангелді Айталы, Шерияздан Елукенов, Мекемтас Мырзахметов, Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов сынды бір топ қайраткерлер 2013 жылғы 19 ақпанда Елбасына жазған хатында білдіріп еді. Екінші қарсылық хат 2017 жылдың 27 сәуірінде жарық көрді. Бұл хатта орыс баспасөзі неге латын қарпіне көшпейді деген ой айтылыпты. Мақала авторлары қазақ баспасөзі ғана латын әліпбиіне бейімделетін болса, қазақ редакциясы тез арада өз оқырмандарынан айырылып тынады дегенді желеу етеді. Меніңше, мұндай сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Қазір қазақ халқының көзқарасы өзгерді. Латын әліпбиіне көшу — дүниежүзілік өркениетке енудің бір жолы. Біздің кері шегінетін жолымыз қалған жоқ. Себебі Елбасымыз мұны әлдеқашан белгілеп қойды. 2022 жылдан бастап төменгі сынып оқушыларын латын әліпбиінде оқытудың алғашқы бастамасы басталатыны айтылды, — деді.

-Барлықтарыңызға белгілі 1929 — 1940 жылдары аралығында қазақ елі латын әліпбиін қолданды. Бірақ сол кездің өзінде латын әліпбиіне көшу үлкен тартыспен өтті. 1924 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиін жүйелеп, реттеп, әбден ықшамдалған нұсқасын ұсынып еді. Осыған орай 1928 жылдың 22 мамырында «Еңбекші қазақ» газетінде мынандай өлең басылыпты:

Ардақты амансыз ба, білікті Ақа?

Бір өсек бізге биыл ілікті, Ақа.

Құйысқан көтеріңкі қобалжулы

Көңіл де көтерілмейді, күдікті, Ақа.

Болушы ед арғын — «азғын», балта – «бална»

Болушы еді қарғын – «қазғын», балға – «балма»,

Дәйекші «ән» дегеннен түсіп қалып,

Өлімнен ұят күшті салды таңба.

Өлең авторы  араб әріптерінің үстінен қойылатын ноқаттарға байланысты сөз мағынасының мүлде басқа арнаға өзгеріп кететінін меңзеп отыр. Жалпы, әліпби ауыстырудың өз қиыншылығы мен мақсаты бар. Қазақ халқын тілінен, тарихын айыру тым әріден басталды. Үш ғасыр Ресей қарамағында бодан болдық. Сол кездері араб әліпбиінің өзі әр түрлі оқылды. 1911 жылға дейін бір бөлек, 1911-1924 жылдар аралығында бір бөлек оқылды. 1924 жылдан бері қарай тағы өзгеше оқытылды. Сосын латын, одан әрі кириллица қаріптерін енгізіліп, қазақты түп-тамырынан ажыратуға күш салынды. Тек екі одақтас мемлекет – Грузия мен Армения ғана өз әліпбиін сақтап қалды. Жақында Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Ерден Қажыбеков пен Әлімхан Жүнісбек және академик Өмірзақ Айтпайұлы бірігіп мақала жазып, көңілге қонымды ой-пікірлер айтты. Польшадағы Адам Мицкевич атындағы университеттің ғылым докторлары, қандасымыз Гүлайхан Ақтай мен жұбайы Генри Янковский да Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі туралы өз ұсыныстарын білдіріпті. Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов ұсынған жоба да көп сынға ұшырап жатыр. Қалай десек те, бұл тақырып төңірегіндегі соңғы сөзі сол саланың мамандары айтсын, — деп сөзін қорытты ғалым.

Өткенге көз салсақ. «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған ерте орта ғасыр кезеңінде ата-бабаларымыз руна жазуын қолданды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының басым бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған сәттен бастап араб әліпбиі кең тарала бастады. Осылайша, Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы  Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылы қайта латынға көштік. Бұл қазақты ислам дінінен алыстатуға бағытталды деген пікірлер де айтылады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің философия кафедрасының оқытушысы Ерзат Жетібаевтың пікірінше, латын әліпбиіне көшудің қазақ елі үшін үш пайдалы тұсы бар. «Біріншіден, әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген қандас бауырларымызбен емін-еркін хат алмасуға мүмкіндік туады. Екіншіден, кітапхана сөрелерінде шаң басып қалған Алаш арыстарының мұраларымен қайта табысамыз. Үшіншіден, әлемдік кеңістіктегі тіліміздің қолданыс деңгейі өседі. Яғни қазақ тілін, әліпбиін білмейтін шетелдіктер қазақ сөздерін дұрыс оқитын деңгейге жетеді», — дейді ол.

— Бүгінде шамамен әлем халықтарының 10-15%-ы ғана кирилл қаріптерін қолданады. Көрші түрік, өзбек бауырларымыз латын қарпіне әлдеқашан өтіп кеткен. Ал кейбір отандастарымыз үлкен мәселеге айналдырған компьютерлік технологияға келсек, неміс пернетақталары қазақ әліпбиі үшін таптырмас құрал. Онда қазақтың төл таңбаларын бейнелейтін барлық әріптер бар, — дейді Ерзат Жетібаев.

Ал тарихшы ғалым Амантай Исин деграфты әліпби жобасын қолдамайтынын білдірді. Оның пікірінше, бұл жоба халықаралық стандарттарға сай емес. «Көрші түрік бауырларымыз деграфты әліпбиге компьютер қолданысқа түспей тұрғанда көшкен. Сондықтан жалпыға бірдей түсінікті диграфты әліпбиді қолданғанымыз жөн. Себебі біздің мақсатымыз – жаһандық ақпартқа кірігу»,- дейді ол.

— Өкінішке орай, біздің ұрпақ ата — бабаларымыз өткен тарихта қолданған әліпби жазуларын оқи алмайды. Жоғары сыныптарда, оқу орындарында араб жазуын, түркі жазуын оқыту керек еді. Бұл іс санаулы оқу орындарында шектеулі аудиторияға ғана қолға алынған. Әлем елдері бойынша «Орхон-Енисей» жазуларын тек бірнеше мың адам ғана оқи алады. Біздің елде де көне түрік жазуын жүйелі түрде оқыту ісі әлі күнге дейін қолға алынған жоқ. Тарихқа көз салсақ, ұлт болып қалыптасқанға дейін қыпшақ, сақ, қаңлы сияқты түркі тайпаларының 10-нан астам жазуы үлгілері болды. Ал ұлт болып қалыптасқан кезеңде ата-бабамыз араб графикасын қолданды. Араб графикасы халқымыздың дүниетанымын, мәдениетін қалыптастыруда аса зор рөл атқарды. Әсіресе, қадым жазуын ерекше атап өтуге болады. Менің пікірімше, бұл жазуға жетер жазу болған жоқ. Араб, парсы, түрік өркениетін кіріктіріп, байланыстырған да осы —  қадым жазуы. Кейіннен Ахмет Байтұрсынов халықтың сауатсыздығын тез арада жою үшін төте жазуды дүниеге әкелді. Шынымен де төте жазу арқылы аз уақыт ішінде халықтың сауаттылығы көтерілді. Дегенмен бұрынғы қадым жазуынан ажырап қалдық. Біз араб графикасынан алыстау арқылы араб-парсы мәдениетінен алшақтасақ, латын әліпбиі арқылы Еуропа мәдениетіне жақындадық. Шындығында, кирилл әліпбиі де бізге жат емес. Кирилл қаріптерін жасаған — болгарлар тілі славян болса да, түбі түркі. Әрине, кириллица да, төте жазу – таза фонетикалық заңдылықтарға негізделген әліпби. Кирилл әліпбиінің бізге берген пайдасы – қазақ дыбыстары мен лексикасын өте дәл бере алды. Нәтижесінде әлемдегі тілі таза халықтардың бірі ретінде мойындалдық. Ал латын әліпбиіне көшу арқылы орыс тілі арқылы қалыптасқан лексикадан алыстап, Еуропа елдері қалыптастырған терминдерді сол күйінде қабылдауға мәжбүр боламыз. Кейбір жағдайда халықаралық терминдер өзге тілде қалай жазылса солай жазып, сол қалпында оқуға мәжбүрміз. Қазіргі фонетикалық принциптен алшақтаймыз. Мысалы, Нью-Йорк деген сөзді ағылшындар қалай жазса, біз де солай жазатын боламыз. Мұндай терминдердің жүздеп, мыңдап саналатынын ескерсек, тілге тигізер зардабы мен салмағы ауыр екенін аңғаруға болады, — деген Амантай Исаұлы латын әліпбиінің ел назарына ұсынылып жатқан қазіргі жобасы туралы мынандай пікір білдірді:

— Түрлі таңбалар арқылы белгіленетін деграфты әліпбиді қабылдайтын болсақ, латын әліпбиіне көшудің қажеті шамалы деп ойлаймын. Бұл әліпби компьютерге дейінгі заманда шыққан, қазіргі заманда сын көтермейді. Көпшілік диграфты әліпбиге қарсылық білдіріп жатыр, меніңше, бұдан қорқатын ештеңе жоқ. Тіпті, мұндағы таңбалар санын қысқартуға да болады. Мәселен, «а» мен «ә» дыбысына бір таңба беруге болады. Қазақ тілін жақсы білетіндер мұны еш қиналмай-ақ оқиды. Өйткені, қасында қандай әріп тұрғанын көріп тұр ғой, — дейді ол.

Ал тіл маманы Төлеуғазы Мүрсәлімов болса қазақ тілінің фонетикасы мен лексикасы дұрыс сақталуы үшін әр дыбысқа бір таңба беру керектігін айтады.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

01.07.2025
Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық...

Толығырақ...Details

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

01.07.2025
Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

Semeytany.kz – Абай облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

30.06.2025
«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

Semeytany.kz – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көкөніс пен жеміс ағаштарын қырып бара жатқан құрттарға қарсы шұғыл шара қабылдауды...

Толығырақ...Details

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

30.06.2025
Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

Semeytany.kz – Ақтөбе облысында өткен «Айбын-2025» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Абай облысының командалары үлкен жетістікке жетті. Қазақстан Президенті –...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

30.06.2025
Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына жұмыс сапары барысында Жанай ауылында болды. Елдімекенде осы ауылдың тумасы Серікбол Омаровтың жеке қаражатына...

Толығырақ...Details

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

30.06.2025
Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

Бүгін Үржар ауданының Таскескен ауылында дәстүрлі «Ауыл – ел бесігі» атты мәдени-спорттық фестиваль басталды. Белгілі меценат Талғат Сақанның ұйымдастыруымен, облыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

2 часа бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

2 часа бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2 часа бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

2 часа бұрын

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

2 часа бұрын

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

1 день бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

1 день бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

1 день бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

1 день бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС