"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ

10.10.2017
439
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл заңғар жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл. Хакім Абайды күллі әлемге танытқан, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлт қамын жеген, Қазақ елінің маңдайына біткен нар тұлғаның мерейтойы Семейде кең көлемде аталып өтті. Қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған зиялы қауым өкілдері,  қала тұрғындары мен жастар кемеңгер жазушының есімін ұлықтау мақсатында Әуезов алаңына жиналды.

Тау тұлғаның тұяғы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов әке рухына тағзым ету үшін алыстан ат арытып келген жайы бар. Мерейлі мереке әке аманатын арқалап жүрген мәдениеттанушы ғалым Мұрат Мұхтарұлы мен қала басшысы Ермак Бидахметұлының Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Шара барысында Қарауылда өткен Республикалық 18-ші «Абай оқуларының» жеңімпазы, қаладағы №42 орта мектептің 11 сынып оқушысы Темірлан Кәмілжановқа Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің оқу гранты салтанатты түрде табысталды.

Жазушы мерейтойы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті қабырғасында жас ғалым Арай Жүндібаеваның жетекшілігіндегі «АКМЕ» халықаралық ағартушылық клубының отырысымен жалғасты. Жиын университет ректоры Мейір Ескендіровтің алғы сөзімен ашылды.

— Мұхтар Әуезов – бөлек әлем. Ол – Алаш әлемі, қазақ әлемі. Бұл шараға кімдер келгені, қанша адам келгені маңызды емес. Маңыздысы – Мұхтар Әуезовтің рухы тірі. Әуезов – бұл Қазақстан үшін сарқылмайтын шежіре. Ұлы жазушы қазақ әдебиетін биік шыңдарға көтеріп қана қойған жоқ, сонымен бірге «Абай жолы» роман-эпопеясын мұра етіп қалдырып, адамзат баласына Абай әлеміне үңілуге мүмкіндік ашты. «Абай жолын» қайта оқып шығып, оған жаңаша көзқараспен, уақыт философиясымен қараудың кезеңі жетті. Алаш арыстары аңсаған идеяларды жүзеге асыратын уақыт келді, — деді Мейір Ғарифоллаұлы.

Клуб отырысында «Жібек жолы» баспасынан басылып шыққан Мұрат Әуезовтің «Ділім» атты кітабының тұсаукесеріне куә болдық. Кітапта автордың әр жылдары жазылған мақалалары, сұхбаттары, жасаған баяндамалары, түрлі конференция жиындарында айтқан ой-пікірлері берілген екен. Кітапты парақтай бергенде автордың мына бір сөзі көзге шоқтай басылды: «…Ділден ше?! Одан айырылу мүлдем мүмкін емес, тек сол Діл саулығы, Діл тазалығы, Діл беріктігі арқылы ғана жеке тұлға, дербес ұлт, тәуелсіз мемлекет ретінде сақталып қалдық». Осыдан-ақ бұл кітаптың философиялық ойларға, пікір-пайымдарға бай екенін аңғаруға болады.

Мұрат Әуезовпен жүздесуге келген жалынды жастар жаңадан жарық көрген туындыға қатысты өз ойларын ортаға салып, сауалдарын жолдап жатты. Жиын барысында университет ректоры Мұрат Әуезовке Семей қаласының Шәкәрім университетінің құрметті докторы атағын берді.

«Мұхтар Әуезов және әлем өркениеті». Жазушының 120 жылдық торқалы тойына арналған іс-шаралар легі осындай тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен қорытындыланды.

Мұхтар Әуезов және әлемдік өркениет туралы айтпас бұрын, ұлттың ұлы тұлғасының әлем әдебиетіндегі орны қандай деген сауал туындайды. Әлбетте, мұндай кемеңгер ойшылға лайықты баға беру үшін ғалымдар пікіріне сүйенбеске болмас. Конференцияға қатысу үшін сонау Татарстаннан келген Қазан федералды университетінің профессоры Хатип Миннегулов «Мұхтар Әуезов және татар әдебиеті» атты баяндамасында: «Мұхтар Әуезов – түркі әлемінің ұлы жазушысы. Оның шығармалары татар әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосты. Өзі жоқ болғанымен, Әуезовтің шығармашылығы, өшпес мұрасы біздің санада мәңгі жаңғырады. Оның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалды. Ол тек түркі тілдес халықтардың ғана емес, сонымен қоса әлем әдебиетінің классигіне айналды. Бұл — қазақ ұлты үшін зор мақтаныш, үлкен бақыт. Мұхтар Әуезов – біз үшін қазақ халқының, тәуелсіз Қазақстанның өзінше бір символы»,- деп салмақты пікірін білдірді.

Ал Түркиядан келген жас ғалым Жемиле Кынаджы «Мұхтар Әуезов туралы Түркияда жүргізілген ғылыми зерттеулер» атты баяндамасында: «Қазақ әдебиетінің әр кезеңде оқылатын, шығармалары ескірмейтін жазушыларының бірі – Мұхтар Әуезов. Ол — қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырған жазушы. Әуезовтің «Абай жолы» романы әлем халықтарының 116 тіліне аударылған. Осылайша, Әуезов көркем шығармашылығы арқасында тек туған еліне ғана емес, әлемге аты мәшһүр жазушы атанды»,- деді.

Өз баяндамасында түріктің жас ғалымы Әуезов шығармалары әдеби жағынан өте мықты әрі жоғары шеберлікпен жазылғанын айтады. «Абай жолы» роман – эпопеясының өзі Әуезовтің ұлы жазушы екенін айқын дәлелдейді»,- дейді ол.

Бірақ Түркияда Әуезов туралы жасалған зерттеу жұмыстары өте аз. 1997 жылы, Мұхтар Омарханұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жасалған зерттеу жұмыстарынан басқа ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Осы орайда Жемиле Кынаджы Әуезовтің аударылған шығармалары бүгінгі күні жеткіліксіз екенін, туындылары сөзбе-сөз аударылғанын тілге тиек етті. Сондықтан қаламгердің көркемдік шығармашылығының тілдік ерекшелігі мен қазақ тілінің күші толық ашылмағанын, Қазақстан және Түркия арасындағы әдеби ынтымақтастықтың күн сайын нығаюына орай, Әуезов шығармаларын екі тілді жетік меңгерген мамандармен бірлесіп қайта аудару қажеттігін алға тартты.

— Осылайша, Әуезов шығармашылығының ерекшелігін түрік халқына дұрыс танытар едік. Ал қазіргі аудармалар болса оқи бастаған кезде оқырманның қызығушылығын оятпайды әрі Әуезовтің шынайы маңызына көлеңке түсіріп тұрғандай. Бұған қоса тек аудармалар ғана емес, Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен насихаттау үшін заманауи көзқарасқа сай жан-жақты зерттелген шығармаларға қажеттілік туындайды. Қазақ және түрік әдебиеттанушыларының бірігіп жүргізетін зерттеу жұмыстары бұл кемшіліктерді азайтып қана қоймай, Мұхтар Әуезов және оның әдеби шығармашылығының сапалы түрде аударылып, жариялануына септігі тиер еді. Мен де Түркияда бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ әдебиетін таныту үшін аянбай еңбек етудемін. Алдағы уақытта Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалалардың антологиясын басып шығаруды жоспарлар тізіміне енгіздім,- деп өз сөзін түйіндеді Жемиле Кынаджы.

Ғылыми конференцияда сөз алған Мұрат Әуезов түрлі философиялық ой-пікірлерімен, тұжырымдамаларымен бөлісті. Сонымен бірге Мұхтар Омарханұлының «Абай жолы» роман-эпопеясына тоқталып өтті.

— «Абай жолын» жазуға 1932 жылғы ашаршылық, көшпенділер өмірі сынды тарихи себептер түрткі болды. Қазақ жазушыларының ішінде тек Мұхтар Әуезов қана эпопея жазуға қадам жасаған. Әкемнің бұл ісін шығармашылық ерлік деуге болады,- деді Мұрат Мұхтарұлы. — Бүкіл қазақтың болмысын бір жүйеге келтіру – үлкен тарихи миссия болды. «Абай жолы» сияқты шығарманың екінші рет жазылуы мүмкін емес. Өйткені көшпенділер дәуірі өтті, өркениет жетті. Әкем — сол заманды көрген адам. Бұл кітап — көшпенділер заманының соңғы көрінісі. Қазір 21-ші ғасырда өмір сүріп жатқанымызбен, көшпенділердің өмір тәжірибесі түптің түбінде қажет болады. Сондықтан бұл ретте біз «Абай жолына» тоқталамыз. Ұлы тұлғалардың табаны тиген киелі Семей жерін рухани орталыққа айналдыруға үлкен шеберлікпен атсалысуымыз қажет. Бұл жершілдік емес, бұл – тарихи заңдылық. Себебі бұл жердің топырағынан нәр алған Абайдай дананың, Алаш арыстарының қазақ халқының болашағы үшін атқарған еңбектері зая кетпеуі керек. Ешбір қала Семейдің рухани деңгейіне көтеріле алмайды. Бұл — айдан анық ақиқат. Шөп өскен жерде өседі, рухани жаңғыру осы киелі мекеннен басталады.

Мерекелік шаралардың өтуіне бір күн қалғанда, Шәкәрім университеті шаңырағында кезінде Мұхтар Әуезовтің атсалысуымен Семейде шыққан «Таң» журналының №5 саны жарық көріп, тұсауы кесілген еді. Айта кетейік, «Таң» атты губерниялық РКП комитетінің губисполком мен губерниялық кәсіпшілдер кеңесінің журналы 1925 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында шыға бастаған. Айына бір рет жарық көрген баспасөздің тек төрт саны ғана шығып үлгерген екен. Енді, міне, Мұхтар Омарханұлының 120 жылдығы қарсаңында журналды қайта жаңғыртып, түлету мақсатында облыс әкімшілігінің тапсырмасымен басылымның бесінші нөмірі жарық көріп, оқырмандарға жол тартты.

Осылайша, қазақ әдебиетін әлемге әйгілі еткен Әуезовтің есімін ұлықтауға арналған мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Қазақ ұлты барда, ғұлама жазушының асыл мұрасы мәңгілік жасай бермек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

21 час бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

21 час бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

3 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

3 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

3 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

4 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

4 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

4 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС