"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДІ?

13.10.2017
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қоғамдық көліктегі берекесіздік билік назарынан тыс қалмайды. Апта сейсенбісінде қала әкімі Ермак Сәлімов бірнеше автобусқа мініп, тағы бір мәрте бақылау жасады. Оның бір ғана себебі бар. Ұзақ теке–тірестен кейін жолаушылар тасымалымен айналысатын мердігер мекемелердің экономикалық әлеуетін ескерген әкімдік оларға жол ақыcы құнын сәл де болсын көтеруге рұқсат берген. Бірақ, соған сәйкес, оларға қойылған талап та күшейді.

Автобус иелері жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мен жүру уақытын ұзартуға міндеттелді. Енді, міне, осы талаптың қалай орындалып жатқанын көрмекке бекінген әкім Ертістің екі жағалауын еркін аралап шықты. Шаһар басшысының қалаішілік сапарына орынбасары Николай Ушаков, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, Семей қаласының жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының директоры, тілшілер қауымы серіктес болды.

Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген ақпары бойынша, күнделікті жолаушылар тасымалына 427 қоғамдық көлік шығады. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға «Семавтопарк», «Азия Combi», «Автомигди», «Таксомотор паркі», «Семдортехника-2», «Семей Көлігі TRAST» сынды 6 мердігер компания қатысады. «Семавтопарк», «Азия Combi» ЖШС-тері үлкен және аса үлкен автобустармен жолаушылар тасымалдауға маманданса, қалған «Автомигди», «Таксомотор паркі», «Семдортехника-2», «Семей Көлігі TRAST» ЖШС-тері сыйымдылығы шағын автобустармен жолаушы тасымалдайды екен. Семейдегі қоғамдық көліктің маршруттық жүйесі соңғы рет 2009 жылы жасалған. Бұл бүгінгі күннің талабы мен жолаушылар сұранысын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан қала бюджетінен 37 млн. теңге бөлініп, жаңадан өткізілген байқаудың нәтижесінде алматылық «Көлік және коммуникация ғылыми–зерттеу институты» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қоғамдық көлікті оңтайландыруда міндетті түрде қалалық маршруттардың тарифі есептеліп, маусымдық ерекшеліктерді ескере отырып, бір күн, ай және жыл ішінде қанша жолаушы тасымалданатыны зерттеледі. Жаңадан ашылған шағын аудандарға маршруттар ашу, жолаушылары жоқ, тиімсіз маршруттарды қысқарту немесе жаңа маршруттар қосу мәселелері де басты назарға алынады.

— Біздің серіктестік пен қала әкімдігі арасындағы «Семей қаласының маршруттық жүйесін оңтайландыру» жобасы бойынша келісімшартқа қол қойылған күннен бастап көптеген жұмыстар атқардық. Соның ішінде шаһардағы жолаушылар көлігінің инфрақұрылым жағдайы, жол-көше желісі, аялдамалар, экипаждарға қызмет көрсететін пункттер мен бұрылу алаңдары зерттелді. Оған қосымша жолау-шылар тасымалына жауапты 6 компанияның өндірістік-техникалық базалары және олардың тасымал кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру деңгейлері тексерілді. Қала маршруттарындағы жолаушылар ағымы бүгін толықтай саналып бітті,- дейді «Көлік және коммуникация ғылыми — зерттеу институты» ЖШС аға ғылыми қызметкері Болат Алдабергенов.

Серіктестіктің ендігі міндеті — айлар бойы жинаған ақпаратын өңдеп, алғашқы нәтижелерін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне табыс-тайды. Ал қорытынды шешімді келер жылдың қаңтар айында шығарып, оңтайландыруға қатысты ұсыныстарымен таныстыратын болады.

Осы мәселеге қатысты аға ғылыми қызметкер жауабын тыңдаған әкім алматылық компания өкіліне өз міндеттерін жеделдете аяқтауды тапсырды. Өйткені қоғамдық көліктегі келеңсіздіктерге қарапайым халықтың көңілі толмайтынын айтқан Ермак Бидахметұлы маршруттық жүйені қай бағытта оңтайландыру керектігі серіктестіктің жасаған тұжырымына тікелей қатысты екенін  еске салды.

Қоғамдық көліктерге қатысты талап күшейді десек те, ақсап жатқан тұстары аз емес. Несін жасырамыз, бұл әсіресе автобустардың санитарлық, техникалық жағдай-ларына байланысты. Шытынаған, сынған терезе, майысқан есік, кір–қожалақ салон іші бұл жолы да рейдке қатысушылардың алдынан шықты. Көңіл құлазытар көріністерге көз жеткізген әкім жолаушылармен тілдесіп, олардың ой–пікірлерін де білді. Естіген пікір екіге жарылды. Бірі,  жол ақысы қымбаттағанымен, сапа сын көтермейді десе, енді бірі жағдай түзелді десті. Пікір айтушылардың тағы бір тобы қоғамдық көліктің кешкі мезгілде мүлдем жүрмейтінін де айтып қалды.

— Жол ақы құны көтерілді. Ол бәрімізге белгілі. Бірақ былтырғы жаз айларымен салыстырғанда қоғамдық көліктердегі жағдай биыл өзгерді. Ілгерілеу бар. Біз биыл бақылауды күшейтіп отырмыз. Нәтижесінде автобусаралық жүру жиілігі жақсарды. Мәселен, бұрын ол көрсеткіш 70 пайызға жетпейтін болса, биыл 84 -85 пайызға дейін, жекелеген маршруттарда 90 пайызға дейін жақсарды. Әрине, кешкі уақытта желідегі автобус санының кемитіні рас. Оның басты себебі – ол мезгілде адам саны да азаяды. Сондықтан барлық автобусты желіге шығарып қою тиімсіз. Салдарынан автобусаралық жиілік ұзарып кетуі мүмкін. Дәл осындай жағдай жексенбі күні де орын алады. Ал көліктердің санитарлық – техникалық жағдайына қатысты халықтың ескертпе, арыз–шағымдары бойынша жұмысымызды жалғастыра береміз,- дейді «Семей қаласының ЖТБО» ЖШС директоры Бейсенғазы Тастекеев.

Қазір Семейдегі жолаушылар көлігін диспетчерлеу мен оның жұмысына қызмет көрсету үшін «Bus Report» бағдарламасы орнатылып, жұмыс істеп тұр. Бұл бағдарлама әрбір маршруттың қозғалыс кестесі мен сұлбасын сақтауына, тасымалдаушының іс-әрекетіне сағат сайын мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның GPS- мониторингі арқылы диспетчер күнделікті мониторинг жасайды. Сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары талаптарының сақталуы мен келісімшарттың орындалмауы немесе толық орындалмауы бойынша фактілерді анықтап, акт жасайды. Кемшіліктер орын алса, оны жою үшін тасымалдаушыларға ескерту-хат жолданады.

Тіптен осы бағдарламаның күшімен анықталған кемшіліктерді басшылыққа ала отырып, «Семавтопарк» ЖШС қызмет көрсететін маршруттардың тұрақтылығының төмендеуіне байланысты 3 келісімшартты бұзу туралы талап арыз сотқа жіберілген. Талап арыз қанағаттандырылып, аталған серіктестік қызметіндегі № № 5, 8, 10, 22, 24, 37, 43 және 45 бағыттағы автобустар желіден алынды. Алайда № 5, 37, 45 маршруттарға байқау өткенге дейін уақытша келісім негізінде «Мусапиров» ЖК және  «Таксомотор паркі» ЖШС қызмет көрсетуде. Сондай-ақ № 8, 10, 22, 24, 43, 45 маршруттарда байқау өткенге дейін уақытша қызмет көрсету де тасымалдаушыларға беріледі.

Қала әкімінің қоғамдық көліктерді тексеруге шыққанын көрген тұрғындар өз арыздарын айтып қалуға тырысты. Мәселен, зейнет жасындағы қария автобустардың ғана емес, аялдамалардың да жағдайы мәз емес  екенін жеткізді. Расында да, біздегі аялдамалар қорқынышты кейіпте. Айналасы қоқысқа толы, орындығы болмаса аялдама аты жоқтары қаншама?! Қаланың шеткері аудандарында аялдаманың өзі де жоқ жерлер аз кездеспейді.

— Қала бойынша 505 аялдама бар. Ағымдағы жылы біз жеке кәсіпкер есебінен 20 аялдама павильонын жаңартуға қол жеткіздік. Олардың дені қала орталықтарында орналасқан. Бұрынғы ескі 20 аялдаманы қалпына келтіріп, аялдамасы жоқ өзге жерлерге орнаттық. Бұған қосымша 45 аялдама түрлі сауда нүктелері мен дүңгіршектеріне бекітілген. Олар аялдама маңындағы жерді жалға алып отырғандықтан, аялдаманы күтіп ұстауды өз міндетіне алады. Ортақ келісімді орындамаған жағдайда, тиісті шара қолданылатын болады,- дейді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Назым Жамболатова.

20-шы, 12-ші, 35-ші бағыттағы автобустарға мінген қала басшысы қоғамдық көліктердегі былықтарды көзімен көріп, оны жою жолындағы жұмыстар оң нәтиже бермейінше тоқтамайтынын жеткізді.

— Бүгінгі рейдімізде көптеген мәселені анықтадық. Жаңа талап бойынша, қоғамдық көліктің техникалық-санитарлық нормаларын сақтауға тиісті мердігерлер өз міндеттерін толық орындамайтынына көз жеткіздік. Жолаушылармен сөйлестік. Олардың сын-ескертпелерін тыңдадық. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық көлікке қатысты атқарар шаруамыз әлі де толып жатыр. Біз бұл істі соңына дейін жеткізіп, тұрғындардың төлейтін жол ақысына лайықты қызмет сапасын жақсартуға күш саламыз. Өткен жылдың қазан айында ШҚО– ның, Семей қаласының әкімдігі «Семей қаласының ЖТБО» ЖШС мен Еуропалық даму және қайта құру банкі арасында «Семей қаласындағы қоғамдық көлікті жаңарту жобасын» қаржыландыру бойынша алдын ала келісімге қол қойылды. Қала халқына қалалық маршруттарда сапалы қызмет көрсету үшін 85 жаңа автобус алу көзделуде. Жолаушылар тасымалы сапасын арттыру үшін нарыққа жаңа бір мердігер компанияның келетінін айтқан едік. Олар да дайындық үстінде. Келер жылы жаңа тендер өткізіледі. Сол тендерге жаңа мекеме жалпыға ортақ талаптармен қатысады. Бүгін тілдескен жерлестеріміздің көбі автобустардың кешкі мезгілде сирек жүретінін айтып отыр. Осыған байланысты келесі рейдті кешкі мезгілде ұйымдастыруды ұсынамын. Бірге жүріп, істің ақ–қарасын анықталық,- деді қала әкімі журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен, сапаға ерекше мән берген кезекті рейд өтті. Бұдан шығар қорытынды қандай болмақ?

Көздеген мақсатына қол жеткізген қоғамдық көлік иелері жергілікті атқамінерлер айтқан сыннан сабақ алар деген үміттеміз.

Айтпақшы, осы рейд қарсаңында редакциямызға жасы 80–ге келген тұрақты оқырманымыз хабарласып, газетіміздің 4 тамызда, №62 санында «Қоғамдық көліктегі бірқатар жеңілдіктер қайтарылады» деген атпен шыққан мақаламызға өз ойын қосты. Ақсақал сол мақалаға арқау болған қоғамдық көлікте қарияларға жасалып отырған 50 пайыздық жеңілдіктің кейбір автобустарда жоқ екенін айтып шағымданды. Осы сұрақты тиісті сала мамандарына қойған біздер ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап барлық автобустарда қарттардың төлейтін жол ақысы 40 теңге екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ал жаңағыдай жағдай орын ала қалса, маршрут пен көліктің мемлекеттік нөмірін жазып алып, Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласуларына болады. Бөлім мамандары сол бойынша тиісті шара қолданады.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға ие болғандар тізімі жарияланды

31.12.2025
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға ие болғандар тізімі жарияланды

Президент 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 2025 жылы мәдениет...

Толығырақ...Details

Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

31.12.2025
Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Бас көлік прокурорының м.а. Сәкен Жорабековтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде - көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу...

Толығырақ...Details

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

31.12.2025
Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Соңғы жылдары еліміздің қалалары мен өңірлері қарқынды дамып, жаңа шағын аудандар, тұрғын үйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары мен өзге де кәсіпкерлік нысандар...

Толығырақ...Details

Өңірде жаңа жыл қарсаңында профилактикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30.12.2025
Өңірде жаңа жыл қарсаңында профилактикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Абай облысында өрт және қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау арттырылды. Бұл туралы Өңірлік...

Толығырақ...Details

Нұсқаманың орындалмауы неге әкеледі? Абай облысындағы жағдай

29.12.2025
Нұсқаманың орындалмауы неге әкеледі? Абай облысындағы жағдай

Семей қаласының тұрғыны жөндеу бригадасымен (бұдан әрі – Орындаушы) 5 500 000 теңгеге шарт жасасқан. Шарт талаптарына сәйкес, жұмыстар белгіленген...

Толығырақ...Details

Заңды сақтау – әр азаматтың жеке таңдауы: Абай облысында студенттермен ашық диалог өтті

29.12.2025
Заңды сақтау – әр азаматтың жеке таңдауы: Абай облысында студенттермен ашық диалог өтті

Абай облысында студент жастармен қауіпсіз ортаны қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың заманауи қауіп-қатерлерге — заңсыз есірткі айналымы мен цифрлық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға ие болғандар тізімі жарияланды

1 день бұрын

Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

1 день бұрын

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

1 день бұрын

Өңірде жаңа жыл қарсаңында профилактикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

2 дня бұрын

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС — АЙҚЫН НӘТИЖЕ

2 дня бұрын

Нұсқаманың орындалмауы неге әкеледі? Абай облысындағы жағдай

3 дня бұрын

Заңды сақтау – әр азаматтың жеке таңдауы: Абай облысында студенттермен ашық диалог өтті

3 дня бұрын

Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды

3 дня бұрын

Абай облысындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ТУРАЛЫ

3 дня бұрын

«Семей» финалда «Ақтөбені» қапы қалдырып, Қазақстан кубогын тағы да алып кетті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС