"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЙМАҚҚА СЕРПІЛІС ӘКЕЛДІ

24.10.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«… Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,- деп, Қазақстан жерін мекендеп жатқан барша азаматтарды туған жерге деген адалдық, перзенттік борыш атты  қасиетті парызды іспен дәлелдеуге шақырды. Елбасының осы бағдарламалық мақаласынан кейін  республикамыздың барлық өңірлерінде туған жер алдындағы перзенттік парызын өтеуге атсалысушылар қатары көбейе бастағаны байқалады. Біздің облысымызда да «Туған жер» бағдарламасы аясында ірі өндіріс орындары, шағын және орта бизнес иелері білім, денсаулық сақтау салаларының дамуына қолдау білдіріп келеді.

Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында жалпы құны 21,5 млрд. теңгеге 1 360 әлеуметтік жоба іске асуда. Атап айтқанда, Өскеменде жаңа оңалту орталығы салынып, «Нұрлы жол» саябағы ашылды. Сондай-ақ Зырян, Риддер қалаларында спорт мекемелері бой көтерсе, аймақтағы бірқатар денсаулық сақтау нысандары заманауи құралдармен жабдықталды. Шағын және орта бизнес өкілдері де шетте қалмады. Биылғы жылдың өзінде «Туған жер» бағдарламасы аясында аймақ кәсіпкерлерінің демеушілігімен 5,2 млрд. теңгеге 929 әлеуметтік жоба іске асу үстінде десек, 2147,7 млн. теңге тұратын 289 жоба абаттандыру жұмысына көмек көрсетуде. Соның ішінде 150,5 млн. теңгеге 63 жоба іске асып, жұмысын аяқтады.

– Шағын ғана кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің өзі ірі кәсіпорындармен тең дәрежеде қолдау көрсетуде. Әсіресе аудан кәсіпкерлері, қаражатының көлеміне қарамастан, балабақша құрылысына қолдау білдіріп келеді,– деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс орталығы Өскемен қаласында өткен «Туған жер» атты кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзінде. Бұл форум бұрын да қолға алынған сол игілікті істің  жалғасы болды. Аталмыш форумның ашылуында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Даниал Ахметов:

— Адам баласының бойындағы ғажайып қасиеттердің бірі –  туған жерге, өскен елге деген сүйіспеншілік. Халқымыз осы бір сезімді ұрпақ бойына «Ел іші – алтын бе-сік», «Отан оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды тік» және тағы да басқа даналық сөздермен жеткізген. Қымбатты Отанын қорғауға, елге-жұртқа қайырымдылық, қамқорлық жасауға шақырып, «әкенің баласы болма, еліңнің баласы бол» деп, игілікті іс жолындағы жарқын дәстүрді  дәріптеген. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған  «Туған жер» бағдарламасының мақсат — мүддесі де осы.

Мен бүгінгі алқалы жиынды пайдаланып, облыстың әлеуметтік саласын дамытуға айтарлықтай  үлес қосып жүрген  ірі кәсіпорын басшыларына, шағын және орта бизнес өкілдеріне зор ризашылық білдіремін. «Табысты болудың ең бас-ты факторы — білім» деген Президент сөзі дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екені анық. Осы ретте бүгіннен бастау алатын бәсекеге қабілетті және білімді ұрпақ тәрбиелеуге арналған «Менің мектебім» жобасына өңір азаматтары үлкен түсіністікпен атсалысады деп сенемін. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған алқалы форумға келген баршаңызға шынайы әрі риясыз алғысымды  білдіремін! «Туған жер» — бұл Президенттің әлеуметтік жауапкершілік және туған өлкеге көмектесу жайындағы үндеуі ғана емес, бұл Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы жасампаздыққа, бірігуге, патриоттыққа шақыратын мағынасы терең философиялық  толғам!

Мен «Менің мектебім» акциясын ашық деп жариялай отырып, кәсіпкерлерді және туған жерін, елін сүйетін барлық азаматтарды игілікті іс-шараға белсене атсалысуға шақырамын! – деді.

Өскеменде болып өткен «Туған жер» форумында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің      бастамасымен аймағымызда «Менің мектебім» атты жаңа жоба іске қосылды.

Жекпе-жек сарайында өткен «Туған жер» форумына қатысқан аймақ басшысы дәлізге қойылған жоба нұсқаларымен толықтай танысып шықты. Жасалған жоба бойынша, келешекте облыстың барлық білім ошақтарында Назарбаев Зияткерлік мектебінде орнатылған техникалар сынды заманауи қондырғылармен жабдықталған кабинеттер ашу жоспарлануда. Аталмыш жоба аясында облыс мектептерінің химия, физика, биология, робототехника сыныптары заманауи технологиялармен жабдықталмақ.

— Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу тәжірибесін және көрсеткіштерін толықтай зерттеп, қорытынды шығардық. Қазір облыстағы 277 мектепте 425 сыныпты жаңашаландырып, құрал-жабдықтар орнату қажет. Соның ішінде 38 физика сыныбын, 37 химия, 78 биология, 272 робототехника сыныптарын жалпы құны 2,8 млрд. теңгеге жабдықтаймыз,– деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Қазірдің өзінде білім саласына қолдау көрсетіп жатқан кәсіпкерлер аз емес. Шемонайха ауданында орналасқан «Выдрихинское» ЖШС басшысы Александр Белкин өз қаражатына Выдриха ауылдық орта мектебінде робототехника сыныбын жабдықтады. Ал зайсандық кәсіпкер, «Бота» шаруа қожалығының басшысы Қаратал ауылындағы орта мектептің география сыныбын жабдықтауға қолдау көрсеткен. Форумға қатысушылар алдында облыс әкімі Даниал Ахметов білім саласына бөлінген инвестиция мемлекет дамуының кепілі екенін айрықша атап өтті.

Сонымен, Шығыс Қазақстан облысының ой-қырынан жиналған кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосқан «Туған жер» бағдарламасы аясында жоспарланған форум  жұмысын бастады. Біздің аймақта өткен бұл іс-шараның басқалардан өзгешелігі — «Менің мектебім» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілді.

Аймағымызда кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтар жетерлік. Бұл орайда басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлеріне қамқорлық жасауға ниетті кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау жасауға шақырған Елбасы тек туған жердің тарихын оқытумен шектелмей, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға барша  қазақстандықтарды жұмылдыруды тапсырғаны белгілі.

Аты айтып тұрғандай, елін сүйген азаматтарды туған жер алдындағы перзенттік парыздарын өтеуге шақырған бұл игілікті шарадан кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлердің қай-қайсысы да қалыс қалмады. Олар аймақтың әр өңірінің тумалары. Араларында үлкен кәсіпорындар да, шаруа қожалықтары да, шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар да бар. Тіпті алыста жатса да ел жаққа қарап елеңдеп отыратын бірқатар азаматтар тарапынан осы игілікті іс — шараның өтіп жатқанын естіген сәтте қоңырау шалып, үлестерін қосуға ниет білдіргендер де болды.

«Туған жер» форумында 700-ден аса кәсіпкер бас қосты. Әркім өз мүмкіндігіне қарай көмек қолын созды. Семейдегі «СемАЗ» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Әсемхан Досқожанов пен «Металлист» ЖШС директоры Айдос Серікқалиұлы әрқайсысы 50 000 000 теңгеден қаржы беретінін айтса, зайсандық кәсіпкерлер Болатбек Нұрасыл, Арай Кәрібаева, Бақытгүл Баймұханбетова, Бақыт Сырымбаева, Аманжол Қоңырханов, үржарлық Жайық Жұмақұлов, Ержан Елекенов, Қазбек Бораш, көкпектілік Ержан Қойгелдин, Болат Бекбердинов, Александр Федосов, абайлық Асқар Мұқатаев, тарбағатайлық Дулат Тастекеев, Ринат Кәрменбаев, Гаухар Қабиева, күршімдік Жақсыбай Бижігітов, Расул Қасымханов сияқты өздері білім алған мектептеріне көмек көрсетуге дайын азаматтар көп болды.  Бір кеште 2 273 605.0 мың теңге қаржының жиналуы отаншыл азаматтардың аз емес екенінің айғағы болса керек. Осы жомарт жандардың қолдауы нәтижесінде енді ауыл мектептерінде де заманауи техникалармен жабдықталған кабинеттер пайдалануға берілмек. Робототехника кабинеті ауыл балалары үшін енді арман болмайды.

«Атаның емес, адамның баласы бол» деген қанатты сөз бар. Елбасының мақаласы — рухани жаңғыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған маңызды құжат. «Туған жер» бағдарламасында отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын Мемлекет басшысы қадап айтты. Біздің  ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын кең-байтақ даламыздың қарыс қадамын жаттың қолына бермей, жай ғана қорғаған жоқ. Ұлттың болашағын, қазақ деген халықтың келер ұрпағын қорғады. Ендеше, бұл шара сол қазақ елінің болашағының білімді болып өсуіне жасалып отырған қамқорлық екені анық. «Менің мектебім» жобасы ел ертеңі білімді ұрпақты тәрбиелеу жұмысын жақсарту мақсатын көздейді. Ал патриотизмнің негізі мектепте қаланады.

Облыс орталығында болып өткен «Туған жер» форумында өзі білім алған мектебіне, туған ауылына немесе қаласына, еліне көмектесетін азаматтардың қатары көбейіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатты. Отаншылдық рухты асқақтатқан форумнан аймағымызда туып, Қазақстанның әр түкпірінде ел абыройын көтеріп жүрген перзенттер де қалыс қалмады. Астанада БАҚ саласында табысты еңбек етіп жүрген жерлестеріміз Мақат Садық, Майя Бекбаева жерлестерінің ортасына ақпараттық демеуші болуға арнайы келсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова мен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева әннен шашу шашты. Айтпақшы, Роза Рымбаева отаншылдар форумында тек ән шашумен шектелмей, өзі оқыған мектепке көмек көрсетуге 1 млн. теңге қаржы қосты.

Жиналғандар алдында ресейлік «Турецкий хоры» мен «Жігіттер» тобы  өнер көрсетті.

Президент жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғанда тек материалдық тұрғыдағы мақсатты көздеп қоймай, «Елім маған не береді?» деп емес, «Мен еліме не беремін?!» деген ойдың әр қазақстандықтың жүрегінен терең орын алуын, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту жағын ойласа керек. Ендеше, Өскеменде болып өткен  «Туған жер» патриоттық форумы сол мақсатқа жақындата түскен шара болды.   Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен өткен «Туған жер» форумының нәтижесі осындай. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды шарадан жиналған қаражат толығымен аймақтық «Парыз» қайырымдылық қорына аударылады.

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

26.08.2026
1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап жаңа талаптар шыны бөтелкелерге құйылған өнімдерге қолданылады....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

26.08.2026
Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

Семейде Semey Hub ұйымдастырған «GovTech саласындағы жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» тақырыбында дәрістік-практикалық workshop өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ведомстволық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

26.08.2026
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін арттыру. Іс-шара аясында нақты жағдайларға...

Толығырақ...Details

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

7 часов бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

7 часов бұрын

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

7 часов бұрын

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

1 день бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

1 день бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

1 день бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

2 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

2 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

2 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС