"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

23.11.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жолда жүру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Осы орайда жұма, 17 қараша күні жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістерден халықты құлағдар ету мақсатында Семей қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлері арнайы  баспасөз мәслихатын өткізді.

— Жолда жүру ережелері, көлік жүргізушілерімен бірге, жаяу жүргіншілерге де қатысты. 2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол қозғалысы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Заңға сәйкес, Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді және оларды бергені үшін, цифрлық белгіленуі 010-090, 707 нөмірлеріне — 5 700 пайыз; цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ) таңбаларға — 5 700 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей цифрлық белгіленуі 001 — 009, 777 нөмірлеріне — 28 500 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200 — 999 аралығындағы мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн — 19 700 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 010-090, 707 нөмірлеріне — 11 400 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж салығы енгізілді,- деп ақпарат берді Семей қалалық Ішкі істер басқармасының емтихан — тіркеу  бөлімінің басшысы Атанбек Тортаев.

Жолда жүру ережелерінің тағы бір маңызды қағидаттары жөнінде Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Талғат Құлжанбеков сөз қозғады.

— Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ жолаққа шығуға тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып бұрылғаны немесе кері бұрылғаны үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігі нақтыланды. Ал жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен 3 АЕК-ке дейін қысқартылып, масаң күйін куәландырудан бас тартқаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды,- деді ол.

Оның айтуына қарағанда, ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік құралынан шыққаны үшін және кешкі сағат 23.00-6.00 аралығында  қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдағаны үшін жауапкершілік алынып тасталды. Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда, куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік  жойылады. «D» (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда, жүргізушілерге фото және бейнежазба түсіру құқығы берілді. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның өзін таныстыруы, жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың деректерін көрсету міндеті белгіленді. Көлік құралын тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындау жөніндегі жүргізушінің міндеті белгіленді. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына жол жүрісі саласында нұсқамалар шығару бойынша құзырет берілді. Бұрын осындай өкілеттілік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға ғана берілген болатын. Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталды.

Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Ал мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерін көздейтін тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне енгізілген түзетулер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін ескертеміз.

Айкерім ҚИЫҚБАЙ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 час бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

1 час бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 часа бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 часа бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

17 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

18 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

18 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

18 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

21 час бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС