"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

13.03.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Наурыз айының алғашқы аптасынан   бастап  күн күрт жылынып, үздіксіз жаңбыр жауып, қар еріді. 11 наурыз күні сағат 10.00-дер шамасында Аягөз қаласының Б.Момышұлы, А.Көшкінбаева, ағайынды Жолдасовтар, Есенғазин, Шәкенов көшелеріндегі тұрғын үйлердің аулаларын, үйлерді су алғаны туралы тұрғындар хабарламасы аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар бөліміне келіп түсті. Апат айтып келмейтіні белгілі. Орын алған төтенше жағдайға орай, Аягөз ауданы әкімінің өкімі шығарылып, Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Аяқ астынан келген табиғат апатын жою бағытында төтенше жағдайға   байланысты құрылған аудандық штаб жедел түрде іске кірісті.

Мөлшерден тыс жинақталған қар мен жаңбыр суын соруға «Аягөз су» МКК мен ПЧ-50 және «Аягөз су» МКК-нің техникалары жұмылдырылды. Үздіксіз, толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Аягөз қаласының оңтүстік шетін басып өтетін Жаман өзені арнасынан асып, тасыды. Арнасынан асқан өзеннің жағалауында орналасқан 40 тұрғын үй мен 100 ауланы су басты. Ағын су 3 тұрғын үйді шайып кетті. Ең бастысы, адам шығыны орын алған жоқ.

Табиғаттың тосын мінезі өз жолындағы 3 автокөлік көпірін, 5 жаяу жүргінші өткелін ойсырата бұзды. Аягөз — Ақшатау бағытындағы қиыршық тасты көтерме жолға зардабы тигенімен, ол қазір жөнделді.

11  наурыз күні арнасынан асқан Жаман өзенінің  екінші жағалауына, қауіпсіз жерге 400 тұрғын, оның ішінде 30 баланың өткізілуі жедел ұйымдастырылды. Жалпы, апатты аймақтан эвакуацияланған 27 адам және 13 бала Аягөз қаласындағы №6 орта мектеп-интернатына және туыстарының үйіне орналастырылды. Сонымен бірге үйлерін су басқан 65 адамды «Асылдар», «Бәйтерек», «Шокалад» кафелері  кезектесе үш мезгіл тегін тамақтандырып, қамкөңіл жерлестеріне өз демеулерін көрсете білді.

Төтенше жағдайды жоюға жергілікті атқарушы орган, аудандық төтенше жағдай бөлімі, ішкі істер бөлімі, темір жол, коммуналдық мекемелердің қызметкерлерінен және тұрғындардан құрылған еріктілерден тұратын 200-ден астам адам қатысып, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі күні төтенше жағдайды жою штабы тобының мүшелері табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарды анықтап, келтірілген материалдық шығындарға есептеу жүргізіп жатыр.

Көктемгі жаңбыр мен қар суы тасқынан зардап шеккен аягөздіктерге көмек көрсетуге ынталы жандар аудандық төтенше жағдайлар штабына хабарласып, ерікті түрде демеушілік жасайтындарын білдіруде. Солардың қатарында бірінші болып қоңырау шалған Өскемен қаласындағы Евгений Фоминых басқаратын «Казцинк» ЖШС-нің ұжымы болды.

ШҚО-ның тек Аягөз ауданы ғана емес, сонымен қатар Өскемен қаласы, Глубокое, Ұлан, Күршім, Зайсан, Үржар аудандарының бірнеше ауылдары да қар суынан зардап шегуде. ШҚО ТЖД-ның мәліметіне сүйенсек, облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда мезгіл сайын шектеу қойылып жатыр. Облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталуда. Қазіргі таңда облыс бойынша 70 жеке үй мен 150 ауланы су басты. ШҚО ТЖД, жергілкті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органның, «Өскемен тәртіп» КМК, «Водоканал», Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының күшімен жергілікті халықтың аумағынан су әкету және шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1440 қап инертті материал төселді. 13000 текше метр су шығарылды.                                                                                                                                   Күршім, Зайсан, Ұлан және Үржар аудандарының бірнеше жол төсемдерін су шайып кетті. Жол қызметтері қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлығы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге жергілікті атқарушы органдардан, құтқарушылар мен ШҚО ІІД-ден 536 адам, 137 бірлік техника мен 27 су шығару құрылғылары жұмылдырылған. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында жедел таб жұмыс істеуде.

Марат ЖҰМАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

21.04.2026
Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

Алимент – бұл ата-ананың кәмелетке толмаған баласын асырау үшін заңмен белгіленген қаржылық міндеттемесі. Бала ата-анасымен бірге тұрмаған жағдайда, екінші ата-ана...

Толығырақ...Details

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

21.04.2026
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға...

Толығырақ...Details

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

21.04.2026
Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

Semeytany.kz - Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдің 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары,...

Толығырақ...Details

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

21.04.2026
Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

Semeytany.kz – Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысы кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

21.04.2026
Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы бүгін вице-премьер – Мәдениет...

Толығырақ...Details

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

20.04.2026
Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Абай облысының әкімі Берік Уәли қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып, әсерлі жазба жариялады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

4 часа бұрын

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

4 часа бұрын

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

6 часов бұрын

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

6 часов бұрын

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

6 часов бұрын

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

6 часов бұрын

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

22 часа бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

1 день бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС