"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨЛДЕРДІҢ КӨРКІ БОЛҒАН БАЛЫҚТАР-АЙ, СЕНДЕРСІЗ КҮН КӨРЕДІ ХАЛЫҚ ҚАЛАЙ?

21.02.2014
КӨЛДЕРДІҢ КӨРКІ БОЛҒАН БАЛЫҚТАР-АЙ, СЕНДЕРСІЗ КҮН КӨРЕДІ ХАЛЫҚ ҚАЛАЙ?
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Орыстың ұлы ақыны Александар Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін оқымаған адам кемде-кем болар. Сол ертегі желісінде балықшы кемпіріне алтын балықты ұстап алып, қоя бергенін айтады ғой. Кемпірі байғұс шалдың жер — жебіріне жетіп, долдана ашуланып, тым құрығында леген (корыто) сұрап келмейсің бе дегені бар еді. Сол легеннен басталған кемпірдің тапсырысы кейіннен патшайым болуға дейін жетіп, айналадағысын танымай кетеді. Міне, қарапайым кемпірдің құдыретін патшайым қылуға жеткізген алтын балықты ғайыптан тайып Зайсан көлінен ұстап алып, сол балықтың өзіне не керек екенін сұрасақ, тіл бітіп, талай дүние айтар ма еді. Кім білсін?

Балық болса да көл түбіне бойлай бермейтін біздердің ісімізге біраз базына айтатындығына күмән жоқ. Қытайдың ауынан қашқандай шоршып тұрып, «браконьерден» шошынып тұрып саусақ санамаса да, адамзат баласының қолымен істелген істерді тізбектей жөнелер ме еді…

Шырайлы шығыстың шұрайлы жерінде атақты Зайсан атты көлі бар. Зайсан, Тарбағатай, Күршім мен Көкпекті аудандарының ортасындағы көлдің қойнауы кезінде «тайдай тулаған» мол  балыққа тұнып тұратындығын көнекөз қариялар жиі айтатын. Ақбалық, көксерке, сазан, табан, аққайран секілді балықтар кезінде көлдің көркі, елдің ырызығы болатын деп көзкөргендердің әңгімесін де ара — тұра естіп жататынбыз.  Балық аулау бабадан қалған кәсіп болмаса  да, жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, сырттан келетіндер үшін де тиімді күн көріс түріне айналғалы бұл балықтардың басына да күн туды. Балықтар шамадан тыс ауланып, тіпті, кейбір тұқымдарының күрт азайып кеткендігі де күн тәртібінде көтеріле бастады.

Өткен жылдың соңында облыстық прокуратура органдары уәкілетті органдар мен  мекемелердің қызметіне тексеру жүргізу    арқылы, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қой-масында балық ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану заңдылығының жай — күйіне талдау жасапты. Заңның орындалуын тексеріпті. Бұл тексерістің нәтижесінде балық шаруашылығындағы біраз былықтың беті ашылды.

Ғылыми зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Зайсан көліндегі  балықтардың басым көпшілігінің саны соңғы жылдары едәуір азайыпты. Әлбетте, көлдің түбіне түсіп, ешкімнің балық біткенге ен салып, санамағаны анық. Бірақ, ғылыми зерттеулер зердеге осылай ой салып тұр. Мысалы, көксерке тұқымының саны соңғы төрт жыл ішінде 14, 2  милионнан 7,5 миллионға азайған.  Ал, торта, аққайран, алабұға секілді балықтардың саны да 30 пайыздан 70 пайызға дейін кеміген. Дәл осындай көрініс Бұқтырма су қоймасында да тіркеліп отыр. Прокурорлар мәлімдемені Қазақ балық шаруашылығы ғылыми -зерттеу институтының Шығыс өңіріндегі «Алтай» филиалының мәліметтеріне сүйене отырып жасады.

Дабыл қағып, даурыққан екенбіз, енді, мәселенің мәнісіне жан — жақты тоқталып өтелік…  Біріншіден, бізде балықтың шамадан тыс ауланатындығы себебінен табиғатың осы байлығының қоры жыл өткен сайын азайып барады. Екіншіден, шабақтарды қолдан өсіру жағы ақсап тұрғаны тағы шындық. Үшіншіден, тиісті орындар тарапынан бақылаудың әлсіздігінен «браконьер» атанған, қолында құжаты жоқ , қалауынша балық аулайтындар тым еркінсіп кеткен. Заңмен тыйым салынса да, қытайдан әкелінетін  леска ауларын қолдануды тағы қосыңыз. Сондай — ақ, ғылыми зерттеулердің де сапасы сын көтермейді. Балықты аулауға тыйым салынған жерлерде жыл бойы балық ауланады. Оны қарап, қадағалайтын табиғатты қорғау полициясы мен балық инспекциясының өз жұмыстарына жауапсыздығы да бір бөлек әңгіме.

 

{jcomments on}Прокуратураның тексерісі кезінде осындай шикіліктің шеті шықты. Тексеру қорытындысына сәйкес, құзіретті органдардың балық ресурстарын көбейту, бағалау және қорғау бойынша мемлекет қойған міндеттердің мінсіз орындалмауын анық аңғаруға болады. Өткен жылы балық инспекциясының бір қызметкері орташа алғанда айына тек бір құқық бұзушылықты анықтаса, табиғатты қорғау полициясы да бір айда бір құқық бұзушылықты анықтаудан әрі аспаған. Демек, бұл жерде браконьермен бірлесіп, «бармақ басты, көз қыстымен» көлеңкелі бизнестің болғанын аңғару қиын емес сияқты. Осыдан -ақ, құзіретті органдардың браконьерлікті түпкілікті жоюда пәрмені де, дәрмені де жоқ екендігін көрсетіп отыр. Жұмыс тек оңды статистикалық көрсеткіштер мен жағдайды жақсы етіп көрсету үшін жүргізіледі деп бұл жайында облыстық прокуратура өз анықтамасын да берген.

 

Енді балықты қолдан көбейту мәселесіне тоқталсақ. Негізінде жыл сайын балық ресурс-тарын пайдалану, балықты аулау шегін белгілеу үшін ғылыми қорытынды, биологиялық негіздеме болуы керек. Мысалы,  ғылыми тұрғыда 2013 жыл Зайсан көлінде балықты жалпы аулау шегі балықтың 10 түріне 6005 тонна мөлшерінде белгіленген. Үкімет осы шекті килограмм мөлшерінде бекіткен.

Су қоймаларында аз балықтандыру да балық санының көбеюіне кедергі келтіріп отыр. Мысалы, Зайсан-Ертіс су бассейні  жыл сайын тек тұқы (карп) балығымен толықтырылады. Тек 2012 жылы Зайсан көліне мемлекеттік бағдарлама шеңберінде алғашқы рет сібір бекіресі мен сүйрік балықтарын жіберген.

Көксерке жоғары экспорттық әлеуеті үшін нарықта сұранысқа ие балықтың түрі. Зайсан көлінде де ең көп ауланатын да осы көксерке екен. Бірақ, бұл балықтың қолдан өсіру технологиясы бізде жоқтың қасы. Тек Шығыс Қазақстанда ғана емес, еліміз бойынша көксеркені қолдан өсіру кенжелеп тұр. Көксерке балығының  шабақтарын өсіру Ресейде, Венгрияда, Чехияда кең қолданылады. Көксеркені көбейту кенжелеп қалса да, елімізде кейбір балық түрлерін өсіріп, өзен — көлдерге жіберу жүйелі жүріпті. Кеңестік кезеңде бұл сала бізде айтарлықтай жұмыс жасалған. Оған дәлел Күршім ауданында орналасқан «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» деп аталатын кәсіпорын. Іргетасы 1964 жылы қаланған. Арнайы су тоғандарының көлемі бойынша Кеңес Одағындағы балық өсіретін ең ірі екі зауыттың бірі болған. Бірегей балық зауыты 2010 жылы республикалық үдемелі индус- триялық-инновациялық даму картасына кірген. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы, коммуналдық және жалақы бойынша қарыздарды өтеп, балық өсіру ісін қайта жаңғырту үшін бюджеттен 100 миллион теңге бөлінген. Бұдан соң, зауыт 14 миллион теңгеге жеке кәсіпкерге сатылып кеткен. Қазір бұл мәміленің заңдылығын прокуратура тексеріп жатыр. Әзірге кәсіпорынның келешегі жайында бір жақты айта қою қиын.

Десек те, облыстық табиғатты корғау прокуратурасының басшылығы ШҚО -ғы жалғыз кәсіпорынның әлеуетін барынша пайдалану және мүмкіндігінше оның молықтыру қуатын арттырса, балықтың бағалы түрлерін молықтыруда оңды нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын айтады.

Балық шаруашылығының аймақтағы ахуалы осындай. Шығыстағы балық өндірісінің өзегі болған Зайсан көлінің игілігін Күршім, Зайсан, Көкпекті мен Тарбағатай сынды төрт ауданның жағалауға жағалай қоныстанған ауылдары көріп отыр. Бірақ, балық шаруашылығына қатысты бірқатар басы ашық мәселелер бар. Шыны керек, көл жағалауына жақын орналасқан, балық аулап жүрген  ауыл тұрғындарының барлығының  қолында қажетті құжат жоқ. 2010 жылдан бері Кедендік Одақтың аумағына жіңішке синтетикалық нейлон жіптен тоқылған Қытай ауларын әкелуге және пайдалануға тыйым салынған екен.  Себебі, мұндай аулар үзіліп, көлдің түбіне түссе, ширек ғасыр шірімей жата береді деген шын сөз айтылыпты. Оған балық ілінсе, шырмалып, шыға алмай қалады. Сондықтан, қазірде тек капрон жіптен тоқылған ауды ғана қолдануға болады.

Хош. Қытайдың ауын қолданбау керек, балықты шамадан тыс аулауға шек қою керек делік. Бірақ, бұған дейін  күн көрісін балықпен байланыстырған жағадағы ауылдың жағдайы не болмақ? Балықтан басқаны кәсіп қылып көрмеген ауылдардың алдағы тағдыры тол-ғандыратын тақырып, әлбетте. Бір жағынан балықты түпкілікті аулама деп тыйып тастаған билік те жоқ. Заңның шеңберінде, белгіленген мөлшерде аулаймын десе, қолындағы құжаты мен құратын ауы дұрыс болса бол-ғаны. Бірақ, барлығын жол ортадан қосылатын, қулығына құрық бойламайтын «браконьер» бұзып отыр. Оның үстіне ауылдағы ағайынның қарап отырмай, жанұясының жағдайын ойлап, қайық мініп, көл бетіне шығып кететіні бар. Бірақ, оларды «браконьер» деп тағы сөге алмайсыз. Қолдың қысқалығынан  тиісті құжаттарды алуға мүмкіндіктері жоқ…

Міне, көл жағалай қоныстанған төрт ауданның ортақ мәселесі бұл. Күршім, Зайсан, Тарбағатайда дәл осы тақырыптарды  қамтыған жиын өтті. Осындай ауқымды жиын Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусиннің бастамасымен  Тассай ауылында өрбіді. Аудан әкімі Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өткен алқалы жиында сөз етіп отырған тақырып төңірегінде айтарлықтай мәселе қозғалып, ортақ мәмілеге келу жақтары қарастырылды. Қазір балықшылар балықты заңды және заңсыз аулайтындар болып өзара екі топқа бөлінеді. Заңды аулайтындардың рұқсат қағаздары бар, сүзгі аулары талапқа сай. Бір сөзбен айтқанда табиғатты қорғау полициясы мен балық инспекциясының алдында жүзі жарқын.

Ал, ауданда браконьерлікпен айналысып, балықтың былығына батып жүргендер көп. Бұл  ретте Дүйсенғазы Мағауяұлының сын садағына жұмыстарына салғырт қараған аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясы мен балық инспекциясы ілікті.

Қазір Көкпекті ауданында табиғатты пайдаланушылардың, яғни балық аулау шаруашылығында жүргендердің жалпы саны жетеу. Сол жетеудің жібі түзу, жұмыс жасап тұрғаны жартысы ғана. Қалғандары тек қағаз жүзінде.

Дүйсенғазы Мағауяұлы биылдан бастап ауылдағы балық шаруашылығын бір жолға қоятындығын жеткізді. Барлығы заңның аясында жүретіндігін де қосып айтты. Ол үшін  қатаң тәртіп те тиісінше қолға алынатын болады. Көл маңындағы ауылдар ауыл әкімдерінің тікелей қарамағына алынады. Қандай да бір Заңға қайшы іс — әрекет орын алса, сұрағы да ауыл әкімінен. Бұрынғыдай аулаған балықтың құжатын ауылдың ветеринар дәрігері емес, ауыл әкімі беретін болды. Міне, Көкпекті ауданының басшысы бұл саланы осылай реттеуді бастап кетті.

Айтпақшы, аудан бойынша өткен жылы аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау істі полициясы 211 әкімшілік құқықбұзушылық анықтапты. Ара — тұра қайықтарын, құрал — саймандарын да тәркілеген. Тіпті, бірді — екілі іс сотқа дейін жеткенге ұқсайды. Көкпекті ауданының балық инспекциясының жетекшісі Бауыржан Рүстемов көлден балықтардың шамадан тыс аулануын балықшылардың тендерге қатыспауы және тыйым салған жерлерде заңсыз аулаумен байланыстырады.

Тендер демекші, балықшылар тендерді тосқаннан жалыққан. Шыны керек, өткенінен өтедісі көп. Ал, тендер өтетін уақытты тосып отыруға күн көрістің қамы шыдатпасы  анық. Сондықтан, көл бетіне шығып, балық аулауға шыққандардың барлығы бұл күнде «браконьер» атанып жүрген жайы бар. Сонымен қатар, тендердің өтуі тек республикалық деңгейде шешілетін мәселе екен.  Осы ретте Дүйсенғазы Мағауяұлы жиынға арнайы келген «Ертіс» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары  Санақбек Кітапбаевқа мемлекеттік тапсырыс беру кезінде жергілікті балықшыларға басымдық беруге, тендерді тек үш жылдан бес  жылға дейін ұзарту мәселесіне көңіл бөлінсе деген ұсынысын білдірді. Иә, Дүйсенғазы  Мағауяұлы атап өткендей, жергілікті балықшыларға басымдық берілсе, бәсекеге қабілетті болуы керек. Сосын, тендерге қатысу үшін қалтасындағы құжаты мен қолындағы  құралының заңға сәйкес  болу жағын  да балықшылар  ретке келтірер еді.

Тиянақты жұмыс жасап, тындырымды іс қылып, балық аулаудың аудандағы мәдениетін қалыптастырып отырған Асқар Қажығалиевтің «Серік» шаруа қожалығы. Асқар Қажығалиевтің де өз айтар ойы бар. Барлығы заң жүзінде жүргізілсе, бүгінде ауланатын балықтың тек жартысы ғана ауланады дегенді айтады.

-Балық аулау, өндіру мен өңдеу әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Осы саланың соңында жүрген соң, мемлекет қандай Заң шығарса соны орындауымыз    керек.  Ауланған балықты сыртқа шығарып, экспорттағаннан гөрі, өзімізде өңдейтін болсақ, табатын табыстың көзі де екі есеге ұлғаяр еді, — дейді Асқар Қажығалиев.

Әлбетте, орынды пікір, пайымды көзқарас. Табыс ұлғайса, салықтың түсімінің артатындығы да бар. Бүгінгі күннің жұмысын ертеңмен байланыстыру да осы ойдың орамында.

Асқар Қажығалиевтің «өзімізде өңделсе» деген сөзінің жаны бар. Көкпекті ауданының Самар ауылында «Рыбпром» балық өңдейтін іргелі кәсіпорын жұмыс жасап тұр. Жүз     жиырмаға тарта адам еңбек етеді. Бірақ, ауланатын балық түрлері Заңсыз болғандықтан өндіріс орынына жеткізілмейді. Себебі, мұнда тек құжатпен, рұқсат етілген жер учаскелерінде ауланған балықтар ғана өңделеді. Сондықтан кәсіпорын дәл қазір толық мүмкіндігінде жұмыс істеп тұрған жоқ. Кәсіп-орынның қуаттылығы толық іске қосылу үшін әлі өндіріске қосымша балық түрлері қажет екен.

Зайсан көліндегі  балық түрлерінің күрт азайып кеткендігі туралы  бұған дейін де   айтылған-ды. Көлдің көркі болған ақбалық, көксерке, сазан, табан, аққайран сияқты    балықтардың біразы бұл күнде көп кездеспейтінге ұқсайды.

Дүйсенғазы Мағауяұлы Көкпекті ауданындағы Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасын жағалай қонған ауылдарда мемлекеттік бағдарламалардың  тиімді тетіктерін пайдалану жағын қарастыру керектігін атады. «Жұмыспен қамту — 2020», «Агробизнес -2020», «Сыбаға», «Жайлау» сияқты жүйелі құрылған бағдарламаларды жаға жайлаған ауыл ағайындары алдағы уақытта пайдалану үшін аудандағы тиісті мекемелерге тапсырма жүктеді. Ал, оның орындалу барысы өзінің жіті бақылауында болатындығын жеткізді.

Жиынның Тассай ауылында өтуі де тегін емес. Тассай Зайсан көліне жақын орналас-қан Көкпекті ауданындағы үлкен ауыл. Түтіні түзу, берекесі бекем. Шыны керек, ауылдағы ағайынның тапқан табысы балықтан. Балықшыларының біразының қолында құжаты болса, ал енді бірі біле тұрса да Заңға қайшы әрекет етіп отыр.  Тассайда ресми емес мәліметтер бойынша 150-ге тарта балықшы бар көрінеді. Осы 150-дің барлығының қолында баулық аулауға рұқсат қағазы бар дегенге сену қиын, әлбетте.

Бұл Көкпекті ауданындағы бір ауылдағы ғана көрініс. Ал, Шығыс Қазақстан облысында оннан астам ауыл ертеңгі күнін көлмен ғана байланыстырып, бар табысы тек балықта  болып отырған жайы бар. Жоғарыда атап өткендей, оларға балықты мүлде аулама деп отырған да ешкім жоқ. Тек, бұл істің бәрі заңды болуы тиіс. Прокурорлардың басты талабы да осы.

Сонымен, сөзіміздің басында айтқан «Алтын балық» ертегісіне қайта оралсақ… Алтын балық балықшыларымыздың қармағына ілініп қалып тіл қатқандай жағдай болса,  осы аталғандарды беттеріне салық қылып басар еді -ау. Тіпті, тұқымымыз тұздай құрып барады деп тұқыртып, төмен қарап жер шұқуға мәжбүр етер ме  еді… Абай атам қас болған қанағатсыздық жайында айтса, жер шұқымақ түгіл, балықтың алдында бас көтере алмай қалатынымыз шындық.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан барысы–2025»: Марат Байқамұров алтын белбеуді иеленді

20.10.2025
«Қазақстан барысы–2025»: Марат Байқамұров алтын белбеуді иеленді

Semeytany.kz – Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен XIV республикалық «Qazaqstan Barysy – 2025» турнирі аяқталды. Жарыста «Найман»...

Толығырақ...Details

Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

20.10.2025
Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

Semeytany.kz - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Композиторлар...

Толығырақ...Details

Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

20.10.2025
Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

Semeytany.kz - Астанада қазақ күресінен өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» республикалық турнирі аяқталды. Биылғы бәсекеге еліміздің барлық өңірінің таңдаулы балуандары қатысты....

Толығырақ...Details

Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

20.10.2025
Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

Semeytany.kz - Мақаншы ауданында төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Бұл жұмыс Абай облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен...

Толығырақ...Details

Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

20.10.2025
Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

Semeytany.kz - Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару қарқыны күшейді. Бұл мәселе облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

20.10.2025
Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте жергілікті атқарушы органдардағы кадр тұрақтылығы, әдеп нормалары және мектеп...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Қазақстан барысы–2025»: Марат Байқамұров алтын белбеуді иеленді

10 часов бұрын

Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

14 часов бұрын

Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

16 часов бұрын

Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

16 часов бұрын

Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

16 часов бұрын

Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

16 часов бұрын

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

19 часов бұрын

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

4 дня бұрын

Қазақстанның ұлттық резервтері 64 миллиард долларға жетті – Бейсенбаев

5 дней бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС