"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНАН ҮМІТ КӨП

09.04.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Пар-ламентінің Сенат депутаты, жерлесіміз Дүйсенғазы Мусин таяуда 2019 жылдың бюджетін нақтылауға арналған Сенат отырысында ауылды өркендету, ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік тұрғыдан қолдау мен дамытудың бағдарламаларына арналған «Ауыл – Ел бесігі» атты арнайы жобаны жүзеге асырудың бірыңғай саясаты жайлы сөз сөйлеген болатын.

Төменде Дүйсенғазы Мағауя-ұлы Мусиннің ҚР Парламентінің жоғарғы палатасында сөйлеген сөзін газет оқырмандарының назарына қаз қалпында ұсынып отырмыз.

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Бүгінгі бюджетті нақтылау туралы заң жобасының басты ерекшелігі бюджеттік шығындардың басымдықтарын қайта қарау арқылы халықты әлеуметтік қолдауды күшейту болып табылады.Тұңғыш Президент — Елбасы 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сапасын арттыру, АӨК-нің әлеуетін толық іске асыру керектігін міндеттегені өздеріңізге мәлім.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының ХVIII съезінде осы мақсатта «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру туралы ұсыныстар әзірлеуді және 2019-2021 жылдары аталған жобаны жүзеге асыруға 90 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлуді тапсырған болатын.

Бүгінгі талқыланып отырған заң жобаларында аталмыш қаржы қарастырылып, біздегі бар ақпараттар бойынша, жоба қағамдық сананы жаңғырту арқылы ауылға деген көзқарасты өзгерту, саланың мәртебесін көтеру, АӨК-ін дамыту және ауылдық аумақтарды жаңғыртуға басымдықтары мен әлеуеті мол елді мекендерді дамыту арқылы қол жеткізу бағыттары бойынша жүзеге асырылмақ.

Дегенмен жоба шеңберінде халықтың тығыздығы, инфрақұрылымның жағдайы, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі мол 1781 елді мекен іріктелгенімен осы жобаны іске асыруға бағытталған ұйымдастыру шаралары және аймақтық стандарттар жүйесін әзірлеу жұмыстарының бүгінге дейін аяқталмағанын атап өту керек.

Бұл кемшіліктер жақында Парламент Мәжілісінде АӨК-ін дамыту бойынша заң жобасын талқылау барысында да айтылып өтті.

Бүгінгі күнгі «Ауыл – Ел бесігі» атты арнайы жобасын ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының уақыт талабына сай жалғасы ретінде санауға болады.

Сондай-ақ өткен жылы ҚР АӨК-ін дамытуға және Өңірлерді дамытуға арналған екі маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылданғаны мәлім.

Осы арайда аталған бағдарламалардың шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттердің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар бюджеттен бағытталып отырған қыруар қаржыны ең алдымен «тірек» ауылдық елді мекендер мен даму әлеуеті жоғары ауылдардың инфрақұрылымдарын дамытуға тиімді түрде игергендері жөн деп санаймын.

Жалпы алғанда, мемлекет тарапынан ауылдық аумақтарды дамыту бойынша қабылданған бағдарламалар жеткілікті, алайда оларды халық игілігіне іске асыруда жүйелі жұмыстарды жүргізетін жауапты және үйлестіруші нақты мемлекеттік органды анықтау қажет.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын және ауылдық аумақтарды дамытудың сектораралық бағдарламаларын біріктіруді көздейтін «Ауыл – Ел бесігі» атты арнайы жобасын жүзеге асырудың бірыңғай саясаты айқындалуы тиіс деп ойлаймыз.

Аталған шара ауылдық аймақтарды басқаруда ведомствоаралық бытыраңқылықты еңсеруге, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің арасындағы үйлесімді күшейтуге өз әсерін тигізері сөзсіз.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

10 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

10 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС