"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨРІСУ КҮНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

15.03.2021
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бастап жыл сайын тойланып келеді. Ал 2010 жылы 10 мамырда, БҰҰ-ның 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз – Халықаралық наурыз мерекесі күні болып бекітілді.

2010 жылғы Наурыз мерекесінде Қазақстан халқын құттықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жалпы ойлап қарағанда, біздің Жаңа жылымыз осы мерекеден басталса дұрыс болар еді. Қытайлар өздерінің жаңа жылын ақпанда, корейлер де өз күнтізбелері бойынша мерекелейді. Біз Жаңа жылымызды әлі күнге дейін Петр І енгізген қаңтардың 1-інен бастап жүрміз. Биыл біз Жаңа жылымызды кең ауқымда, бүкіл халықтық деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше салтанатпен жаңа мазмұнда тойлағалы отырмыз», – деген еді. Осы жылдан бастап Наурыз мерекесі елімізде үш күнге созылған ерекше мейрам ретінде атап өтілетін болды.

Наурыз мерекесі 14 наурыздан, яғни Көрісу, немесе Амал күнінен басталады. Бұл — әсіресе еліміздің батыс өңірі үшін ерекше мейрам.

Ағайын-туыс бір-бірін қыстан аман шығуымен құттықтап, «бір жасыңмен» дейді. Бұл «бір жасқа есеюіңмен» дегенді білдіреді.

Амал күні ертемен үйдің барлық есіктері ашылып, дастарқан жайылады. Бір-бірін ұзақ уақыт көрмеген ағайын-туыс хал сұрасып, амандасып-сәлемдеседі. Жастар үлкендерге көрісіп шығуға міндетті. Бұл күні ескі реніш-өкпе, араздық кешіріледі.

Көрісу күні сонымен қатар Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған аумақтарында да тойланады екен. Ал парсы математигі, астроном, ақын, философ Омар Хайямның күнтізбесінде жаңа жыл наурыздың 14-інен басталатыны айтылыпты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырған болатын. Елімізде Наурыз мейрамын 14 — 23 наурыз аралығында 10 күн бойы атап өту ұсынылып отыр: 14 наурыз — Сәлемдесу күні; 15 наурыз — Табиғат күні; 16 наурыз — Бабаларды еске алу және бата күні; 17 наурыз — Тарих күні; 18 наурыз — Игі істер күні; 19 наурыз — Спорт және шеберлік күні; 20 наурыз — Даналық пен білім күні; 21 наурыз — Ұлттық тағамдар күні; 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні; 23 наурыз — Құрмет күні.

Қаламыздағы Достық үйінде де Көрісу күні аталып өтті.

— Қыстан амалдап аман шыққан халық көктемде бір-бірімен қуана көріседі. Бұрын 10-15 үйден құралған әр ауылдың арасы шалғай болғандықтан, қыстың көзі қырауда қатынау қиын болған. Жер жібіп, жазғытұрым басталғанда қыстай көріспеген жұрт бір-біріне қонаққа барып, амандық-саулық сұрасқан. Бұл – ағайын арасын жақындататын мәні зор мейрам. Бүгінгі күні осы мейрамды қайта жаңғырту керек,- дейді «Айша-бибі» мәдени орталығының төрайымы Айман Боқбасарова.

Қазір қаланы қойып ауылдың өзінде көрші-қолаңның, ағайын-туыстың бір-бірімен араласуы сиреді. Сондықтан «Көрісу күні» тек батыста емес, еліміздің барлық аймағында қайта жаңғырса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

45 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

48 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС