"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

26.03.2021
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу ісі маңызды шаралар қатарында тұр. Осыған орай, өңіріміздегі көптеген мекемелерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған тың тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында тиімді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, жуырда Семейдегі көлік қызметкерлеріне арналған жиын болып өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Гүлнар Бекбаева арнайы қатысып, кең көлемде баяндама жасады.

Алғашқы болып сөз алған Семей жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Сиязбек Әліпбайұлы 2021 — 2022 жылдар бойынша жемқорлықпен күрес жүргізудің іс-шаралары және Сыбайластық фактілерінің алдын алу бойынша қабылданған жол картасы жөнінде айтты. Өз сөзінде бөлімше басшысы алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша Жол картасы әзірленген болатын. Аталмыш тарапта қазіргі таңда бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға күш салынуда.

Соның нәтижесінде қазіргі күндері заңсыз іс-әрекеттер біршама азайған. Сиязбек Әліпбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қатысты келеңсіздіктерге жол бермеу үшін қолға алынған кешенді іс-шараларға тоқталып, сөз кезегін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Гүлнар Бекбаеваға берді.

Гүлнар Айтқұрманқызы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға байланысты жүргізіліп жатқан шаралар жайлы айта келіп, заңнамадағы өзгерістерге тоқталды. Мәселен, мекеме басшысының қол астындағы қызметкерлері жемқорлық қылмыс жасаса, бірінші басшы орнынан кете ме, әлде тәртіптік жауапкершілікке тартыла ма деген сауал төңірегінде ой өрбітті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарлаған адамдарға сыйақы беру жайлы да айтып өтіп, биылғы жылы мұндай сыйлық көлемі 12 млн теңгеге дейін ұлғайғанын, хабарлаған адамның құпиялылығы сақталатынын жеткізді. Бұл орайда тәулік бойы қоңырау қабылдайтын 14/24 қауырт желісі жұмыс істеп тұрғанын да айтып, егер де жемқорлықпен, пара талап етумен бетпе-бет келген қызметкер болса, міндетті түрде хабарласуын өтінді.

— Сол тәрізді осыған дейін мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға 2 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйлық алуға рұқсат берілсе, өткен жылдан бастап бұл шешім күшін толықтай жойды. Яғни, кез келген сыйлық параға жатқызылады, — деп нақтылап өтті Гүлнар Айтқұрманқызы.

Жиын барысында сонымен қатар қозғалып отырған тақырып аясында қатысушылар тарапынан сұрақтар да қойылып, бас маман тұшымды жауаптар берді. Бұл ретте құқық қорғау органдары тарапынан жасалынатын жемқорлықпен байланысты арандатушылық әрекеттер, пара беруге итермелеу, т.б. мәселелер жайлы кең көлемде талқыға түсті.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 часа бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 часа бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

21 час бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

21 час бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС