"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

02.04.2021
БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында нақты шаралар қабылданды.

Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясы барысында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларының, сондай-ақ «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері мәлім етті.

Спикерлердің ақпараты бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі ағымдағы жылдың басынан бастап Өскемен қаласы бойынша 102,7%-ды құраған, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен. Семей қаласы бойынша 103% пайызды құраған, бұл — орташа республикалық көрсеткіш.

Облыс орталығында жыл басынан бері тоғыз тауар бойынша бағаның өсуі байқалды. Тауық жұмыртқасы 20 %, күнбағыс майы 9,6 %, қант 6,3 %, макарон өнімдері 4,6 % -ға қымбаттаған. Сондай-ақ қарақұмық, қырыққабат, сиыр еті, сәбіз, сары май бағасы да көтерілді.

Семейде тауық жұмыртқасы 22,4 %, күнбағыс майы 15,8 %, қант 4,5 %-ға қымбаттады. Қырыққабат, қарақұмық, пияз, сәбіз, сиыр еті бағасы көтерілсе, тауық еті мен күріштің бағасы төмендеген.

Кәсіпкерлік басқарма басшысының орынбасары Ольга Григорьеваның айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. 2,5 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, көтерме сатушылармен және сауда нысандарымен ең төменгі — 10% сауда үстемесін қолдану туралы меморандум жасалған. Оларды жүзеге асыру үшін 44 әлеуметтік дүкен мен 465 әлеуметтік сауда орындары жұмыс істейді.

Жиында қалалар мен аудандардың әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын, оның ішінде жұмыртқа, күнбағыс майы, бірінші сұрыпты нанға ең төменгі — 7-10% сауда үстемесін қосу туралы меморандум жасалғаны айтылды.»Eco-Agro» ЖШС, «Каравай» ЖШС наубайханаларымен қаланың сауда объектілеріне ең төменгі құны бойынша бірінші сұрыпты нанды жөнелту туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Сатудың соңғы бағасы бір бөлке үшін 75 – 85 теңгені құрайды.

Күнбағыс майы бағасын төмендету  үшін «Өскемен май зауыты» ЖШС кәсіпорнының басшылығымен күнбағыс майын қаланың әлеуметтік сауда орындарына 610 теңге бағамен жөнелту туралы меморандумға қол қойылды. «Май» АҚ, «Өскемен май зауыты», Востокселхозпродукт (күнбағыс майына), «Энпас» ЖШС (тауық жұмыртқасы), сондай-ақ екі көтерме сатушымен монополияға қарсы комплаенс жасалды.

Бұдан басқа әлеуметтік сауда объектілерінде халыққа 370 және 380 теңгеден сату үшін 350 және 360 теңгеден бірінші санаттағы жұмыртқаларды жөнелту бойынша келісімге қол жеткізілген. Бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің 15 пайыздан жоғары артуына байланысты кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бірінші санаттағы тауық жұмыртқасына 405 теңге мөлшерінде шекті бағаларды бекіту жөнінде қаулы әзірлеген.

Облыста тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша өңірлік штабтардың отырыстары өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 106 отырыс өткізілген.

Бағаны тұрақтандыру мәселесі тұрақты бақылауда.

«СТ» ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

4 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

4 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС