"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫ ДАЛАМ БОЛМАСА

31.03.2014
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәскеуде өткен Қырымның Ресейге қосылғаны туралы жалпақ әлемге жар салған салтанатты жиынды   бастан — аяқ тікелей эфирден көрген баршамыз жанарларынан қуаныш жасын төге отырып,  бақытты сәтті бастан кешірген халықтың көңіл күйінің, тебіреніске толы тарихи оқиғаның куәсі болдық. Орыс халқының еңсесі тағы бір көтеріліп, Ресей өзінің әлем алдындағы тағы бір үлкен жеңісін атап өтті.  АҚШ пен Еуропа Одағы қанша жерден дабыл қақсын, жазаласын, мойындамасын, оған қарап жатқан жан болған жоқ. Қырым Республикасын Ресей құрамына қосу туралы келісім жобасы мақұлданды, екі жақтылы келісімге қол қойылды.  Жасыратыны жоқ, басқаны қайдам өзімнің көкейімде бір қызғаныш  ой қылаң беріп өткендей болды… Біз жиырма жылдан бері «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тарихи Отанына қандастарды қайтардық, қазақтың саны көбейді деп  аузымызды толтыра айтып, мақтанып жүрміз. Ал сол «екі миллиондай халыққа», ресейліктердің саны бір — ақ күнде толыға салды…

Осындайда қасиетті жер, қастерлі топырақ жайлы  мынадай бір аңыз еске түседі:

Баяғыда  көрші қытай елінің билеушісі қазақ ханына елші жіберіп, аламан бәйгеде елдің даңқын төрткүл дүниеге жайған, шашасына шаң жұқтырмас Күреңқасқа тұлпарды сұратыпты.

— Оның бұл өтінішін орындаймыз ба, жоқ әлде басқа білдірер уәждерің бар ма? –деп хан уәзірлеріне қарап ақылдасады:

— Тақсыр, тұлпар берілмейді, — дейді бірі,

— Бермеу керек Күреңқасқаны,-дейді екіншісі,

— Күреңқасқаны ата жауға бергенше жағаласып өлу керек, — дейді үшіншісі.

— Көппіз деп басынбасын! Тұрысар жерін айтсын! – десіп шу ете қалған  уәзірлері, көздеріне қан құйылып, маңдай тамырлары      білеулене ашуға мініп, жаудың жағасынан алуға дайын екендіктерін бірден байқатады.

Тұлпар хандікі болғанымен, қазақта қазан ат пен сұлу қыз,  балуан жігіт бүкіл рудың, қала берсе күллі елдің мақтанышы деп есептелетіні белгілі. Сондықтан, бұлар жеке біреудің ғана меншігі емес, бүкіл руға, күллі жамағатқа ортақ қазына деген ежелден қалыптасқан ата дәстүрді ұстанған уәзірлердің шамдануларының да жөні бар еді. Кеңесші уәзірлерінің сөзін асықпай-саспай тыңдаған хан  ұзақ ойланып отырды да:

— Жауға бір қыл құйрықты қимаймыз деп ананы ұлынан, әйелді ерінен, баланы әкесінен айырып, халқымды қара жамылдыра алмаймын. Алсын! Елшілерге Күреңқасқаны жетектетіп жіберіңдер. Қазақтың төрт түлігі  аман болса, жылқылары әлі сан Күрең-қасқаларды құлындатар, — дейді.

Хан екі сөйлемейді. Оның сөзіне қарсы уәж айтылмайды. Айтқаны айтқандай, дегені дегендей мүлтіксіз орындалады. Күреңқасқа кісіней-кісіней жау жетегінде кете барды.

Келесі жылы көрші елден елшілер тағы келіп, императорларының былтыр берген тұлпарларына аса риза болғанын, ендігі жерде нұр дидарлы ханшайым Нұршешек сұлуды әйелдікке сұратып жібергенін жеткізеді. Хан ақыл-кеңес алуға уәзірлерінің басын қосып, Қытай елі билеушісінің екінші өтінішін жеткізеді, оларға.

— Не дейді, мына қысық көздер, көппіз деп басынайын деген екен.

— Біз елміз бе, жоқ, әлде езбіз бе?

— Нұршешек ханшайымды бергенше, жау жағасына жармасып өлгеніміз дұрыс қой … Сүйекке таңба ғой бұл!

— Соғысу керек, тәубесіне келтіру керек, сұмырайларды. Тұрысатын жерін айтсын ! — деседі уәзірлер.

Бойларын кернеген ызаға булығып, қарттары түйілген жұдырықтарын көкке білеп, жастары семсерлеріне жармасыпты. Ел тізгінін ұстаған ханның бәйбішесі түгілі жесірін жатқа қимайтын  қазақтың Нұршешектей аруын жау қолына беруге намыстануы  заңды да еді.

Хан қабағынан қар жауып, ұзақ ойланды. Бір кезде сөз         бастайды:

— Уа, жарандар! Бір сәтке ашуды ақылға жеңдіріп, теке тірестің соңы не болатынын ой елегінен өткізіп көрдіңдер ме? Ерегес соңы қан майдан, қан төгіс екені бесенеден белгілі. Құмырсқадай қаптаған қытайлардың жүз, бәлкім одан да көп сарбазына бір-ақ қазақтан шығара аламыз. Жеңіске жеткен күннің өзінде сан мыңдаған азаматтарымыз опат болып, талай әйел жесір, бала  жетім болары хақ. Халқымды  қасіреттен сақтау үшін Хань елі императорының бұл өтінішін де орындап, сүйікті бәйбішем Нұршешекті беруді ұйғардым. Тас түскен жеріне ауыр демекші, бұл ауыртпалықты бүкіл халыққа артып күңірентпей, бір өзім намыс өртіне өртенсем өртенейін. Елім үшін Нұршешектей ару құрбандық. Қазақтың ақ жаулықты аналары аман болса, ай мен күндей небір Нұршешектер дүниеге келер, — дейді.

Хан екі сөйлемейді. Шешім дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па ешкім төрелігін айта алмайды. Айтылған тұжырым сөзсіз орындалады. Нұршешек бәйбіше де жылай-жылай атақоныс елімен хош айтысып, жау жетегінде кете барды.

Үшінші жылы көрші елдің елшілері қайта төбе көрсетіпті. Бос келмепті, бұл жолы ел қоныстанатын жер сұрай келіпті. Хан    кеңесші уәзірлерін жинап, көрші ел елшілерінің бұйымтайын жеткізеді:

— Онсыз да бос жатқан жер ғой, берсек берелік,-дейді уәзірлерінің бірі.

— Жоқ, атақоныс мекенімізді неге береміз, бермейміз,-дейді екіншісі,

— Жер жетеді. Өгіздің талысындай кең жеріміздің бір пұшпағын берсек берелік. Жарлы болып қалмаспыз.

—  Халқы көп елді өкпелетіп алып, басымызға бәле тілеп алмайық, бергеніміз дұрыс, —  уәзірлердің жауабы осылайша әр қилы болады.

— Жоқ, — дейді хан қырандай шаңқ ете қалып, ата-бабамыздың  маңдай тері мен алқызыл қанына шыланған осынау киелі мекеннен, алдыңғы ұрпақ мұра етіп қалдырған жер-анадан айрылып қалу — ата-баба аруағын қорлау. Жер-ананы қолдан шығарып алсақ, бізді аруақ атады. Қасиетті жерсіз біздің еркіндігіміздің де, тіршілігіміздің де мәнісі болмайды. Келешек ұрпақ атамекенсіз қалса, бөгде жұрттың құлы мен күңіне, тоз-тозы шығып, ұлты жоқ қасиетсіз тобырға айналады. Қазақтың ұлтарақтай жерін ата жауға таптатпау үшін семсерімізді қыннан суыратын күн туды. Не табанға салып жеңгенше, не қазақтың соңғы шамы сөнгенше суырылған семсер қайта қынға салынбасын!Қысық көз елшілерге жеткізіңдер, қазақтың сыйға берер жері жоқ. Жер бе-рілмейді, өйткені мына ұлан-ғайыр, ұлы  жер-қазақтың өзі,- дейді.

 

{jcomments on}Міне, ұлан-ғайыр жерімізді бүгінгі күнге паң даланың төсінде патшалық құрған дана халқымыздың намысшыл, текті ұлдары  қанын төгіп,  жанын құрбан етіп жеткізгенін тағы бір еске салатын, болашақ ұрпаққа айта жүретін өнегесі бар, әдемі  аңыз емес пе?

 

Тұрақтылық пен татулық салтанат құрған, көрші елдердің бірі қызыға, енді бірі қызғана көз тастап отырған Тәуелсіз қазақ елінің көшбасшысы  Н.Назарбаевтың  айналадағы көршілермен тұтасып жатқан шекараны берік қылып дер кезінде бекітіп алғаны, шекаралық облыстарды біріктіру арқылы қазақтардың ара салмағын арттырған салиқалы шешімі, ел астанасын Сарыарқаның төріндегі Ақмолаға ауыстырғаны тарихта  қайталанбас ерлік екендігі дәлелдеуді қажет етпес. Осы дана шешімімен қазақ жерін алғашқы қатерден аман алып  қалды. Бірақ, “Мәңгілік Елді” мәңгілік ететін, әлі де шешімін күткен мәселелердің бірқатары біздің әрқайсымыздың қолымызда.

Қырымдағы жағдай бізге де талай ой салып өтті деп ойлаймын. Шетте жүрген қазақтардың елге әлі де көптеп оралуы “Мәңгілік Ел” үшін қажет. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстанды мекендеп жатқан жергілікті халықтың саны 37.7 пайыз, Павлодардағы қазақтардың саны 45.7 пайыз болса, Қостанайда 35.6 пайыз, Ақмолада 44.6 пайыз ғана екен. Таяуда ғана Қырымда болған жағдаймен салыстырып қарасақ, бұл облыстар кейде “Мен Ресейдікімін” деп сыбырлап тұрғандай ма қалай… Әсіресе, соңғы кездері Ресей жақтан естіліп қалатын Қазақстанның осы аймақтары туралы жерімізге сырттан көз салушылар мен елімізге алыстан орағытып сөз салушы кейбіреулердің жымысқы ойлары көңілде алаңдаушылық тудыратынын жасырудың қажеті жоқ болар.

Мұны не үшін айтып отырғанымызды да түсінерсіздер,бұған дейін де біздің елімізге тіл тигізгеніне қарамастан қанымызға біткен кеңді-гімізбен кешірімділік танытқанды түсінбеген Жириновский соңғы кездері бұрынғы «әләулейіне» қайта баса бастады.  Бірнеше жыл бұрын «Мен Қазақстаннан неге кеттім?» деп аталатын бүкіл ақпарат құралдары алдында жасаған мәлімдемесінде, біздің тіліміз бен салт дәстүрімізді, тіпті қасиетті домбырамызды «жалғыз таяқ, екі шек» деп мазақ етіп бір ызаландырған еді.Суымызды ішіп, құдығымызға түкіріп жүрген сайқымазақ — өзге ұлтты әлі күнге өзекке теппей, алқалы топ-қа жиналған алпысымыз арамыздағы  өзге ұлттың алты өкілінің көңіліне қарап, солардың тілінде сөйлейтін кеңпейілдігімізге қарамас-тан біздің халыққа қыр көрсетуін қоймай  келеді. Алматыда туғаны болмаса, қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Жириновскийді бәлкім орыстың ұлттық мүддесі үшін,  оның ішінде тілі үшін шыр-пыры шығып жүрген саясаткерлердің бірі ретінде мойындауға болатын да шығар (дәл қазір қазаққа да осындай біреу артықтық етпес еді десем, ешкім жағамнан ала қоймас).Таяуда ғана телеарналардан көрсетіліп, қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырған  Ресейдің сол «Бас клоуны»  Жириновскийдің Қазақстан жайлы айтқанына сөзі кім,өзі кім деп тағы да мән бермей –ақ қоюға  болар еді. Алайда, Жириновский  – депутат, халық қалаулысы, ол халықтың сөзін сөйлейді.  Оны  Ресей халқы сайлады… Алматыны  орталығы етіп  “Орта Азия федералды округін” жасау туралы сөзі мен   Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстік облыстарын күштеп қосып алу туралы мәлімдемесіне назар аудармай, «ит үреді, керуен көшедінің» кейпін жасауға бола ма? Мемлекетіміздің егемендігі мен жерінің біртұтастығына қол сұққысы келген ресейліктердің әдепсіз сөздері  егемендік, жер, ел, тіл, тарих сияқты  қасиетті ұғымдар туралы  болғандықтан елін сүйетін азаматтардың ешқайсысын да бей – жай қалдырмағаны анық. Естеріңізде болса, бір кездері Жириновский: «Қазақстанның солтүстік облыстары — Ресейдікі, олар кезінде абайсызда Қазақстанның қарамағына өтіп кеткен»,— деп сандырақтаған «сәуегей» қандасы Александр Солженицынның сойылын соғып,қазақстандықтардың тағы бір ашу — ызасын тудырған болатын. Әрине, ресейліктердің тәбетінің неге ауып тұрғаны  айтпаса да белгілі. Оларға маза бермей жүрген мәселелердің бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы екендігі де ешкімге  жаңалық емес… Айтпақшы Жириновскийдің «Қазақта қала болмаған» деген сандырағы да бар ғой. Егер қазақта қала болмаса, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардан бастап, бүгін Сарыарқа төрінде салтанат құрған Астананы қазақтың салған қаласы емес деп кім айта алады? Дегенмен, біздер, «дұшпан басынбаған, басынан сөз асырмаған» елдің  текті ұрпақтары — көрші елдің кейбір әдепсіздерінің сандырағын, үлкен саясатқа айналдырмай, дарақылыққа  даналық, ірткі салғысы келгендерге ірілік танытып  отырғанымыз да дұрыс шығар…

Айтпақшы, осы Жириновский сияқтыларды  «жындыға» балап, сөзіне мән беруге тұрмайтын біреу десек те, кей  кездері намысқа қамшылап, игілікті істерге түрткі болатын сәттері де болып қалатын сияқты… Осыдан біраз жыл бұрын республикалық басылымдардан оқыған мына бір оқиға есімде қалыпты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың бірінде Астанада шығатын «Азамат Times» газетінің бас редакторы Мәскеуге барып, Владимир Жириновскийден сұхбат алады. Сонда Қазақстанға, жас Астанаға сәттілік тілеп, тілшіге жап-жақсы сұхбат беріп  отырған Жириновскийдің газеттің мұқабасына көзі түсіп кетіп: «Азаматың» түсінікті, орысшасы-гражданин. Ал, ағылшынша times-ың қай сасқаның? Қазақтың бас қаласында газетті орысша шығарғаныңмен қоймай, айдаладағы ағылшын тілін қосып, қойыртпақтап нең бар? Әлде сені Англия қаржыландырып отыр ма, еліңді бұл қай басынғаның? – деп төбесінен жемтік көрген бүркіттей төніп келгенде,  жұдырық жұмсап жібере ме деп қорыққан әріптесіміздің зәресі ұшып, жүрегі тоқтап қала жаздапты.

Шынымен-ақ  ана тіліміздің «кір-қоңын»  тазартып, адалын аршып алуда тағы бір ой салатын оқиға емес пе?

Қазақ халқының тағдыры мен болашағы үшін төре де, қара да — бүкіл ел болып жауапты екеніміз анық.Әсіресе, халықтың жері, тілі, ұлттық салт-дәстүрі,  тарихы дейтін төрт діңгегі немесе төрт құбыласы түгел ме деген  сауалдарға жауап беру  ауадай қажет екені күн өткен сайын сезіле түсуде.

«Мен қазақпын!» деген сөзді  ұлтын шын сүйген Жұбан ақын бас-қалар айта алмайтын уақытта айтып кетті. Жай ғана айтып кеткен жоқ, болашаққа өсиет етіп кетті. Жер мен тілді ұлттың ұлт болып сақталып  қалуының басты кепілі десек, тіліміз де әлі  тірек пен қолдауды  қажет етеді.

Саяси жүйенің ұлт туралы сөзді батыл айтқанға «ұлтшыл» деген сөзді қара күйе етіп  жағатын қатал тұсында өз  ұлтына деген сүйіспеншілігін осылай батыл жеткізген, мақтанышпен айтқан Жұбан Молдағалиевтың сөзін мен және менің замандастарым, кейінгі ұрпақ қазір қанша қайталап айтсақ та, одан асырып тіл мәселесін көтерсек те сол сөзді сол кезде айтқан  ақын  деңгейіндегі “ұлтшыл”  (“ұлтшылдық” деген сөзді “ұлтжандылық” деп түбірінен өзгертетін кез келді. авт.) емеспіз.

Себебі, біздің заманымыз басқа… Бодандық құрсауынан құтылып, бостандық алған елімізді сүйетінімізді, тілімізді құрметтейтінімізді сыбырламай, ашық айтуға ешкім тосқауыл қоймайды.(Тек өзіміздің ішкі дүниеміздегі кеңес дәуірінен  қалған құлдық сананың сарқыншақтарының әлі де жалтақтатып қоятыны болмаса…авт. ) Жасыратыны жоқ,ешбір тілге ұқсамайтын сұлу тілімізді шұбарлап жүрген де өзіміз. Ұйқыда жатқан ұлттық намысымызды ояту жағына мән бермей бірінші кезектен он бесінші кезекке ысырып жүрген де өзіміз. Анамыздың тілі ресми түрде мемлекеттік мәртебесін алды. Айтпақшы, басқа ел өз тілдерін туған тіл (родной язык) десе, тілін дүниедегі ең қымбат жан ананың тілі деп  ардақтап жүрген жалғыз халық та біз екенбіз. Елбасы Мәңгілік еліміздің тілінің мәңгілік болуы өз қолымызда екенін айтудай-ақ айтып келеді. Орыс тілін ойды жеткізудің оңай жолы деп таңдап, өзіміз де өз қандастарымызбен, тіпті баламызбен де тезірек түсінісу үшін «кеңестің тілінде» сөйлесіп кететініміз құпия емес.   Жедел  қолға алмасақ, әр сөзімізді қадағалап, әдетке айналып кеткен ана  тілімізді шұбарлап сөйлеу үрдісін тоқтатпасақ, бүгін тіл тағдыры — ұлт тағдыры деп бос даурығып, ұрандатып жүріп, ертең кейінгі ұрпақ алдында «Түні бойы жоқтапты да жылапты, таң атқанда «өлген кім?» деп сұрапты» дегеннің күйін кешуіміз мүмкін. Ұлты жоқ космополит ұрпақ өсіру –  тарих кешірмес күнә.  Қауқары жоқ қансыз, елін сүймес ессіз, тегін білмес тексіз ұрпақ өсіргеннен сақтасын…

Қазақстанның Солтүстік аймақтарындағы жергілікті  халықтың саны көбейіп, Жер бетін мекендеп жатқан  қазақтардың барлығы бір тудың астына бірігіп, Қазақ Елін мекендеген барлық халық “Мәңгілік Елдің” анасының тілінде сөйлейтін, ақ түйенің қарны жарылған күні Елбасының ерлігіне  бүкіл Алаш жұртының айызы тағы бір қанып, сүйсінгеннен, көзіне жас алған сәтін көретін күн де алыс емес деп ойлаймыз, ағайын! Сол қуанышта амандықпен жүздесуге жазсын деп тілейік!

Құрметпен, Риза Молдашева.

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС