"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛЕКЕ САЗЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТОЙЫ

16.07.2021
ЕЛЕКЕ САЗЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТОЙЫ
66
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Екінші Алтын адам табылған Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы жайлауында «Көкжыра» өндірістік кооперативі ұжымының төл тойы болып өтті. Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл, осы кооперативтің құрылғанына 25 жыл толуына арналға бұл той қазіргі сақтық шаралары талаптарына лайықталып, жинақы болғанымен қарапайым еңбек адамдарының абырой-беделін асқақтатып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ЕЛЕКЕ САЗЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТОЙЫ

Төл тойында Тарбағатай ауданы әкімнің орынбасары Қайрат Мауадинов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған көпшілікке аудан басшысының сәлемін жеткізіп, кооперетив басшысы Бағдат Әшімұлы Сағынаевтың кеудесіне Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы төсбелгісін тақты. Қайрат Мауадинов сонымен қатар өндіріс озаттары Серік Көлбаев, Қапшүкір Сатин және Қабылғазы Құдышевқа «Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалін тапсырды.

Соңғы жиырма бес жылда өндірістік кооператив талай-талай өркендеу кезеңдерінен өтіпті. Өндіріс мамандары Алматыдағы Медаубеков атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесе еңбек етіп, мал тұқымын асылдандару бағытында игілікті табыстарға қол жеткізіпті. Соның нәтижесінде жаңа аққарабас қой тұқымы қалыптасып, тұрақты түрде табыс келтіре бастапты.

Кооператив төрағасы Бағдат Әшімұлы еңбек ұйымдастыруда, азаматтардың табысқа талпынысын қолдап, өз ісіне деген сенімін нығайтып, ынтасын қалыптастыруда тың тәсіл қолдана бастапты. Мысалы, еңбектің көлемі, сапасы, бағалануы деген бар. Осы тұста кооператив басшылары өзінше ізденіс жасап, шешімін тауыпты. 650 гектар табиғи шабындық жердің шөбін бұрын екі айда әрең шауып бітіреді екен. Енді сол жердің шөбін бар-жоғы 22 күнде шауып алуға қол жеткізіпті. Қалай дейіз ғой? Мысалы, 50 гетар шабындықты екі күнде шауып бітірсеңіз сізге белгіленген мөлшерден екі есе артық еңбекақы төленеді. Бітті. Жаңа тәсіл белгілі-белгісіз сылтаулармен ақталатын бос жүріс-тұрысты, жұмыс барысындағы мың сан сылтауларды азайтыпты. Осы тәсіл өндірістің барлық саласының дамуына, сәйкесінше еңбек адамдарының табысының артуына елеулі ықпал етіпті. Кооперативте 1200 гектар жоңышқа алқабы бар. Былтыр егілген 100 гектар жоңышқаның әр лектарынан 33 центнерден өнім алынып отыр.

Тойда игі тілік көп айтылды. Мақтау қағаздарымен марапттталып, сыйлық алып жатқандарда да есеп жоқ. Осы өңірдің тумасы, дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Бәделхан Камалханұлы, Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бейбіт Сербатыров, Көкжыра ауылдық округінің әкімі Ғабит Атыханов және басқалар құттықтау сөз сөйлеп, еңбек тойына жиналған жамағаттың еңбегіне табыс тіледі. Белгілі айтыс ақыны, мәдениет қызметкері Дулат Шідерин жырдан шашу шашып:

-Қонама еңбек қылмай жатқанға бақ,

Жаз жайлау көркің әсем, қандай ғажап,

Ассалаумағалайкум баршаңызға,

Тау төсінде мал бағып жатқан қазақ,- дей келіп, дала еңбеккерлерін, өндіріс озаттарын жеке-жеке жырға қосып:

Екпіндеп еңбектерің өрге жүзсін,

Қызмет жасай беріңдер ел, жер үшін.

Жер астында болмайды алтын адам,

Алтын адам тірі жүрген өздеріңсің,- деп тойға жиналған қауымды қуанышты сәттерімен құттықтады. Төл тойында Ақсуат Мәдениет үйінің өнерпаздары концерт қойды. Тойшыл қауым 25 шақырымдық ат бәйгесін, қазақ күресінен жас балуандар белдесуін тамашалады.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

 

Мақалада: «Көкжыра» өндірістік кооперативіЕлеке сазытарбағатай

Ұқсас жаңалықтар

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

28.10.2026
Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. —...

Толығырақ...Details

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

28.10.2026
Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

Ұстаздың оқушыларға білім беруіне кедергі келтіретін басы артық жұмыстарды доғару керек. Бұл жөнінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

11 часов бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

11 часов бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

11 часов бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

11 часов бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

11 часов бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

11 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

11 часов бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

11 часов бұрын

Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы қажет – Президент

11 часов бұрын

Президент: Стратегиялық жоспарларға ұлт бірлігі және қоғамның әлеуметтік іргетасы жеткізеді

11 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС