"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАРНАУЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҰЛЫС ТОЙЫ

17.04.2014
БАРНАУЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҰЛЫС ТОЙЫ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Алтай аймағы арасындағы екіжақты өңіраралық байланысты нығайтуға бағытталған келісімнің аясында 2014 жылғы 8-9 сәуір күндері Барнаул қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері болып өтті.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынасты арттыруға бағытталған бұл шараға шығыстан Семей қаласы мен Бес-қарағай, Бородулиха, Көкпекті, Ұлан және  Шемонаиха аудандары қатысып, Барнаулдың Сахаров атындағы алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау мақсатымен өз отауларын тігіп, мәдениеті мен өнерін көрсетіп, «Достық дастарханынан» жергілікті халыққа дәм таттырды. Ұлттық спорттан   жарыстар өткізіліп, сауда жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жұмыс уақыты болуына қарамастан мереке өткізілер күні Сахаров алаңы адамға толды. Бірін салтанатын құрып тігілген қазақ үйлер қызықтырса, бірі арзан бағамен азық-түліктерін қамдады, енді бірі Ата жұрттың ыстық сәлемін алып келген қаракөз бауырлармен көрісіп, ескі дәстүрмен Наурыз күні бір-біріне игі тілектер тілеп, мәре-сәре болып жатты.

Айта кету керек, Барнаулға барып, киіз үйлерді тігіп, мерекеге басқа да әзірлік жұмыстары барысында ауа райы құбылып, жел тұрды. Ағайынға деген жанашырлық па, әлде, көптен бері көрісе алмағаны болар, әйтеуір келгеннен соң үй иесі ұяладыға салған жергілікті қазақ ағайын да алаңда түтінін будақтатып, самаурын қайнатып қызу дайындықта жүргендерге ыстық шай ұсынып, тоңғандардың бойын жылытты, сағынышын тарқатып, әңгімеге тартты, Қазақстандағы ағайынның жағдайын сұрап  ыстық сәлемдерін жолдады.

Барнаулға барған делегациялар қатарында Семейдің орны мен жөні бөлек болды. Ең алдымен, қонақтарды қарсы алып, оларға ұлттық өнердің озық үлгілерін паш ету семейліктерге жүктелді. Сондықтан қаладан Бар-наулға апарған кісінің де, киіз үйлердің де, қазақ ауылының барлық сәні мен салтанатын көрсететін ұлттық жәдігерлер мен дәм-тұздың да саны мен мөлшері көп болды. Сахаров алаңының басым бөлігін алған семейлік киіз үйлер қалашығының бір бұрышында жастар тоғыз-құмалақ ойнап, асық атып, қазақ күресінің қыр-сырымен танысса, енді бір бұрышта барнауыл- дықтар алтыбақан теуіп, «Кербез» фольклорлық ансамблінің өнерімен танысты. Сегіз қанат ақ-боз үйдің іші мен сыртына семейлік қолөнер шеберлері жайғасып, туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Темірден түйін түю, сырмақ сырып, ши тоқу, құрақ құрап, ағаш оюдың қыр — сыры таныстырылды.

Бірақ, дүйім жұртты алыстан менмұңдалап өзіне тартқан он алты қанатты ордалы үй еді. Көп киіз үйдің арасынан дараланып тұрған бұл үй ханның тұрағындай барлық сән-салтанатымен киіз үйлер қалашығына көрік беріп тұрды.

 

{jcomments on}Бәлкім, содан болар, үйге қызығушылық танытып, фотоға түскісі келгендердің саны көп болды.

 

Түске қарай Сахаров алаңындағы «қазақ ауылына» Алтай аймағының басшысы        А.Б.Карлин мен Шығыс қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев бастаған бір топ қонақтар келді. Сыйлы қонақтарды семейліктер «Дәм-тұзымен» қарсы алып, қос тілде        «Арнауларын» айтып, ұлттық қолөнер жәдігерлерімен таныстырды.

Артынша қонақтар үлкен үйге кіріп арнайы дайындалған дастарханнан дәм татты. Мұнда оларды Ресей Федерациясының Алтай аймағында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алып, екі өңірдің басшыларына ақжарма тілектерін айтып,  мерекемен құттықтады.

Түстен кейін біздің делегация өкілдері  Алтай аймағының әкімшілігінде өткен ресми жиынға қатысып, өңіраралық ынтымақтастық меморандумының орындалу нәтижелерімен танысты.

Шығыс Қазақстанның күндері Алтай аймағының мемлекеттік филармониясында өткен гала-концертпен аяқталды.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық—насихаттық секторы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

19.05.2026
Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

Semeytany.kz – Абай облысында суға шомылу маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

19.05.2026
Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

Semeytany.kz – Абай облысының делегациясы Австралияға барып, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәжірибесін зерделеді. Сапар барысында өңір өкілдері...

Толығырақ...Details

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

19.05.2026
Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік...

Толығырақ...Details

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

19.05.2026
Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Қазіргі...

Толығырақ...Details

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

19.05.2026
Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Қазір өңірде 10 теміржол вокзалын...

Толығырақ...Details

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

19.05.2026
Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Semeytany.kz – Абай облысында мобильді байланыс пен интернет инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа жұмыстар қолға алынбақ. Облыс әкімі Берік Уәли «Мобайл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

4 часа бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

4 часа бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

4 часа бұрын

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

4 часа бұрын

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

4 часа бұрын

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

4 часа бұрын

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

4 часа бұрын

Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

5 часов бұрын

Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

5 часов бұрын

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Мемлекет басшысы

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС