2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИНАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

23.12.2021
АБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИНАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі ақпарат орталығында ерекше басқосу өтті. Онда БАҚ өкілдері назарына Абайдың реставрацияланған жинағы ұсынылып, осы бағытта жүргізілген жұмыстардың мән-жайы түсіндірілді.

Баспасөз мәслихатын өткізуге қаладағы Абай мұражайы мұрындық болған. Абай мұражайының қызметкерлері хакімнің 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген тұңғыш кітабын таныстырды.

— Ең алғаш рет 1909 жылы Абай қайтыс болғаннан кейін оның алғашқы жинағы жарық көрді. Кітаптың шығуына оның ұлы Тұрағұл, жиені Кәкетай және белгілі қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов атсалысқан. Жинақ Нұр-Сұлтандағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында қалпына келтірілді. Орталық өкілдері бізге көрмемен келген кезде біздің музейдегі осы бірегей жинақты көрген еді.  Содан соң оны қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Кітапта титулдық бет жоқ, кейбір беттер жоғалып, жыртылған. Кітап қайта қалпына келтіріліп, түптеліп, мұражайға жаңа, қатты мұқабамен оралды, — деді Абай музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.

Абайдың алғаш жарық көрген бұл кітабы 120 беттен тұрады және де «Халық туралы», «Махаббат туралы», тағы басқа да тақырыптармен тарауларға бөлінген. Жинақта Абайдың жүзге жуық шығармасы бар. Кітапты қалпына келтіру арзан емес. Осындай бір кітапты қалпына келтіру үшін жарты миллионға теңгеге жуық қаражат қажет. Алайда мұражайға арналған бұл жинақ тегін қалпына келтірілді.

— Бізге Нұр-Сұлтан қаласының Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қолдау көрсетті. Біз олармен бірлесіп іс-шара, көрме өткізген болатынбыз, оның аясында оларға осы жәдігерді көрсеттік. Бұл Абай шығармаларының алғашқы басылымы болғандықтан, орталық мамандары бізді қолдап, кітапты тегін реставрациядан өткізіп берді, осындай сыйлық жасады. Олардың біздің мұражайға деген қызығушылықтары жоғары, өйткені бізде құнды кітаптар мен қолжазбалар көп. Орталық біздегі кітаптар мен қолжазбаларды цифрландырып, өз қорларын цифрланған нұсқамен толықтырады да, бізге қайтарып береді. Бұл өзара тиімді жұмыс әрі қарай жалғасатын болады. Қайта шығарылатын кітаптар өте көп. Алда сандық форматқа көшірілуі тиіс тағы қырықтан астам кітап бар, — дейді Мейрамгүл Қайрамбаева.

Баспасөз мәслихатында сонымен қатар Алаш арыстары музейінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы да айтылды.

— Біздің музейдің облыс бойынша сегіз филиалы бар. Биыл Абай музейінің өз қаражатына Шәкір Әбенов және Көкбай ақын мұражайларында реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ Алаш арыстары мұражайында да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл маңызды тарихи ғимарат болғандықтан, біз министрлікке бардық. Содан кейін олар қаржы бөліп, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Қазір біз министрлікпен жаңа материал ұсыну туралы ақылдасып жатырмыз. Жаңа экспозиция ашуды жоспарлап отырмыз, себебі бұрынғы экспозиция ескірген, — деді аталмыш бағыттағы жұмыстар жайын сөз еткен Абай музейінің директоры, белгілі ғалым Тұрдықұл Шаңбай.

Сөз соңында айта кетсек, қазіргі таңда Алаш арыстары мұражайының құнды кітаптарын цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өз тілшіміз

Мақалада: Руханият

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

7 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС