"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІКТЕР РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТУДА БЕЛСЕНДІ

20.01.2022
РЕВАКЦИНАЦИЯ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей өңірінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатындағы ревакцинация шаралары қарқынды жүргізіле бастады. Бүгінгі таңда Семей қаласының №1 емханасында қала тұрғындарының 60 пайызға жуығы қайта вакцинациядан өткен. Бұл туралы апта сейсенбісінде қалалық ақпарат орталығында өткен онлайн-брифинг барысында хабарланды.

Баспасөз мәслихатында Семей қалалық №1 емханасының инфекционист дәрігері Гүлнар Сахаритова мен осы емдеу мекемесінің жалпы тәжірибелік дәрігері Арайлым Құдайбергенова ревакцина жайында кеңінен тарқатып айтып берді.

— Әлемде коронавирустың жаңа, мутацияланған «омикрон» штамы таралуда. «Омикронның» басқа штамдардан ерекшелігі — оның инкубациялық кезеңі қысқа мерзім ішінде өтеді және ол өте жоғары деңгейдегі жұқпалы вирус. Орташа алғанда, инкубациялық кезең бір күннен үш күнге дейін жалғасады. Ал басқа штамдарда — жетіден он төрт күнге дейін. «Омикрон» басқа вирустарға қарағанда жеті есе жұқпалы және тез таралады. Белгілері — жөтел, шаршау, летаргия, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, қалтырау. Коронавирустың бұл түрімен жастар мен балалар да ауырады. Дәм мен иіс сезу жоғалуы сирек кездеседі. ДДСҰ мәліметтері бойынша, «омикрон» жоғарғы тыныс алу жолдарына әсер етеді. Сондықтан ол ЖРВИ мен тұмауға ұқсас, — дейді Семей қалалық

№1 емханасының инфекционист дәрігері Гүлнар Сахаритова.

Айта кетерлігі, ревакцинация тек бір кезеңдік шара. Ол вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін алты айдан кейін жүзеге асырылады.

— Ревакцинация медициналық пункттерде жүргізіледі. Көшпелі бригадалар да жұмыс істейді. Ревакцинация алдында пациентті қарап, температурасын өлшейміз, содан кейін ем шараға рұқсат берілді. Екпенің толық курсын алған жүкті әйелдер де қайта вакцинадан өтеді. Жүкті әйелдерге ревакцинация кезінде Pfizer вакцинасы салынады. Ал жалпы ревакцинация QazVac және Ver Cell екпелерімен жүргізіледі. Бүгінгі таңда біздің емханада халықтың 60-70 пайыздайы қайта вакцинациядан өтті, — деді Семей қаласының №1 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Арайлым Құдайбергенова.

Брифинг соңында спикерлер қала тұрғындарын ревакцинацияға шақырып, бүгінгі таңда коронавирустық инфекциядан қорғанудың ең тиімді құралы тек екпе алу екенін де баса атап өтті.

Айта кетейік, облыс басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасына медициналық қызметкерлерді мүмкіндігінше тезірек қайта вакцинациялауды тапсырды.

— Медициналық жабдықтарды жеткізуші компания өкілдерімен келіссөздер жүргіздім. Осы ретте реанимациялық төсек орнын 500-ге дейін арттыратын боламыз. Облыста дәрі-дәрмектер мен жабдықтардың қажетті қоры бар.
Қазіргі таңдағы басты мәселе — балаларымызды, жас аналарды және жүкті әйелдерді Pfizer препаратымен вакцинациялауды жалғастыру. Бұл өте маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, тек вакцинация вирустың таралуына қарсы тұра алады,- деп жазды облыс басшысы Даниал Ахметов инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Шығыс Қазақстанға қосымша 62 мың доза вакцина жеткізілген және ревакцинация үшін тағы 120 мың доза қажетті препараттар бар. Барлық егу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

— Медициналық тәжірибе көрсеткендей, вакцинацияланбаған пациенттерде коронавирус ауыр түрде ауырады, сонымен қатар олар ауыр постковидті синдромға ие. Сондықтан КВИ вакцинациясы тіпті ауыратындарға да ұсынылады. Сіздерден барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтауларыңызды сұраймын. Тек осылай ғана біз инфекцияның таралуына жол бермейміз,- деп жазды аймақ басшысы.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: Күн тақырыбынаРЕВАКЦИНАЦИЯСЕМЕЙЛІКТЕР

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

6 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

6 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

7 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС