"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАРУАЛАР АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӨСІРУГЕ ЫНТАЛЫ

28.02.2022
ШАРУАЛАР
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметов апта ішінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі және «Еңбек»бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиындар өткізді.

Облысымыз ауыл шаруашылығы саласында жақсы нәтижелерге жетіп отыр. Бұл туралы аймақ басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі қаралған жиында атап өтті.

— Бізде 63 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді, олардың екеуі өткен жылы пайдалануға берілген болатын. 3 сүт қабылдау пункті бар, алдағы уақытта тағы екі пункт ашу жоспарда. Атқарылған жұмыстардың арқасында 2021 жылы тұрғындардан 63 мың тонна сүт сатып алынды, фермерлер болса 106 мың тонна сүт өндірді, бұл жақсы көрсеткіш,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Шаруалар элиталық асыл тұқымды мал өсіруге баса назар аударып отыр, бұл – құптарлық жағдай. Атап айтқанда, «Багратион» компаниясы 300 басқа арналған сүт-тауарлы ферма ашуды жоспарлап отыр.

Жиында облыс әкімі аудан әкімдеріне ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу мәселесін анықтауды тапсырды. Субсидия беру мәселесін де мұқият қарастыру қажет.  «Егер жем-шөп базасы жеткіліксіз болса, мұндай шаруашылықта мал шаруашылығын субсидиялау бекер іс. Барлығын мұқият зерттеп, есептеу керек. Оның үстіне, қазір біз жайылымдық жерлерді тікелей пайдалануға қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Агросектор әрдайым басым бағыт болары сөзсіз. Тек қаражатты тиімді пайдалана білуіміз шарт»,- деді облыс басшысы.

«Еңбек» бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: кадрларды оқыту және даярлау, несиелендіру, гранттар бөлу және жұмысқа орналастыру. Аймақ басшысы бірінші бағыт бойынша өңірде ірі кәсіпорындармен ынтымақтастықта ашылған құзырет орталықтары өздерін жақсы көрсете білгенін атап өтті.

— Бұл колледж түлектерінің 90 пайызын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Несиелеуге келетін болсақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылар тиімді шарттармен — төрт пайызбен несие алып, өздерінің шағын бизнесін бастады, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Өтеусіз гранттарды 2275 отбасы жеңіп алды. Үшінші бағыт аясында әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.

Облыс әкімінің айтуынша, еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен қоныс аудару жөніндегі «Оңтүстік — Солтүстік» республикалық бағдарламасы ерекше бақылауға алынған. Біздің облысқа 2017 жылдан бастап 3598 адам көшіп келген, алайда барлығы жұмыс істейтін аудандарға қоныстанбады. Сондықтан облыс басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне қоныс аударған әрбір отбасының қайда жұмыс істейтіні, қандай жағдайда тұратыны туралы егжей — тегжейлі есеп дайындауды тапсырды.

— Адамдарды кепілдікпен жұмысқа орналастыруға және оқуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге болатын жерге көшіру керек деген түсінік болуы тиіс. Ол үшін бізде құзыреттілік орталықтары ашылған, — деді аймақ басшысы.

Алдағы уақытта «Еңбек» бағдарламасы аясында Бақыршық тау — кен өндіру кәсіпорны мен «KAZminerals» компаниялар тобының қолдауымен Шар қаласында тағы бір құзыреттілік орталығын ашу жоспарланып отыр.

Өз тілшіміз

Мақалада: ШАРУАЛАР

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС