2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕЙРАМНЫҢ СӘНІ – НАУРЫЗ КӨЖЕ

19.03.2022
МЕЙРАМНЫҢ СӘНІ – НАУРЫЗ КӨЖЕ
141
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл басы – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасы сексеннен асса да немерелері мен шөберелеріне мейірімін төгіп, аңыз-ертегілерін айтып, тәлім-тәрбие беріп, нағыз «супер» әже болып отырған қарияларымыздың бірі Райхан Сыдыққызының үйіне барып, мерекесімен құттықтап, наурыз тойы, наурыз көже туралы естіген-білгендерін, көргендерін айтып беруін өтінген едік.

— Ежелден келе жатқан Наурыз мерекесі біздің бала кезімізде тойланбаса да біліп өстік. Үлкендердің бірін-бірі құттықтап, көже пісіріп жататыны есімде. Біздің үйде де наурыз көже пісірілетін. Наурыз көжені дайындауды 103 жасқа келіп өмірден озған анам Бишан Бекбауқызы үйретіп, құлағымызға құйып кетті ғой. Келіге бидай түйгізетін, одан соң оны жаншитынбыз. Бұл — алғашқы дайындық. Көже пісірерде қазанның төрт құлағына төрт бөлек май қойғызатын. Оны қазанымыз майлы болсын, ел өмірі жайлы болсын, жаңа жыл құтты болсын деген ырым деп түсіндіретін.

МЕЙРАМНЫҢ СӘНІ – НАУРЫЗ КӨЖЕ

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» дегенді анамыз үнемі айтып отыратын. Наурыз көжедегі негізгі дәм – ет, оны мол етіп салады. Наурыз көжеге міндетті түрде айран немесе ақ құяды, бұл «сүттей ұйып отырайық, көңіліміз ақ, таза болсын» деген ұғымды білдіреді, құрт та көженің дәмін келтіріп, құнарлылығын арттырады. Көжені әркім өзінше жасайды. Тіпті жемістерді де қосатындар бар. Дәм саны жетеу болса болғаны.

Қазір Наурызды ел болып тойлайтын болдық. Жылдан-жылға бұл мерекенің мән-мазмұны кеңейіп келеді. Ауыл тұрғындары көршілеріне қонаққа барады. Дәм-тұзымыз аралассын, ынтымағымыз нығайсын, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген ниетпен әйелдер ыдысқа көже құйып алып, оны өзі дайындаған көжеге апарып қосады, — дейді алтын құрсақты ана.

Ақ жаулықты әже Райхан Сыдыққызы жұбайы Серікбай Қасенғалиев екеуі сегіз бала тәрбиелеп, бәрінің жоғары білім алуына жағдай жасады. Серікбай аға ішкі істер бөлімі, заң саласында еңбек етті, милиция майоры болды, өкініштісі, өмірден ерте кетті. Бүгінде «Алтын алқа» иегері Райхан әжеміз балаларын үйлендіріп, Қайыргүл және Люба есімді келін түсіріп, қыздарын ұзатып, отыз бір немере, отыз бес шөбере сүйіп отыр. Надира, Ардақ, Ғалия, Әлия, Бейбіт, Айнұр, Меруерт, Лаура, Салтанат, Сағадат сынды балалары — бір-бір саланың мамандары.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

 

Наурыз мерекесі қарсаңында ауданымыздағы «Нұр-Сана» халықтық орталығына барып, көпті көрген ақ жаулықты әжелерімізбен әңгімелесіп қайттық. Өңірдегі ақ жаулықты аналардың, қыз-келіншектердің басын біріктіріп отырған «Нұр-Сана» орталығы жастарға халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне атсалысу мақсатында құрылған. Орталықтағы аналардың ең үлкені 85 жастағы Үміткүл Бірғамитқызына Наурыз мерекесіне қатысты көңілде жүрген сұрақтарымызды қойған едік.

МЕЙРАМНЫҢ СӘНІ – НАУРЫЗ КӨЖЕ

— Үміткүл апа, 1926 жылы Наурыз діни мейрам деп танылып, оны тойлауға тыйым салынды. Дегенмен ата-анаңыздан төл мерекеміз жайында естіген шығарсыз. Анаңыз наурыз көже пісіруші ме еді?

— Біз нағыз қазақи тәрбие алған ұрпақтың өкіліміз, өзім салт-дәстүрді берік ұстанған отбасында өстім. Наурыз мейрамы жайлы, әрине, ата-анам айтып отыратын.

Менің білетінім — Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сайып келгенде дәл осы мерекеде дініміз де, салт-дәстүрлеріміз де көрініс тапқан. Үлкенді сыйлау, ақыл-кеңесін тыңдау, ұлттық құндылықтарды құрметтеп сақтау, қайырымдылық жасау – дініміздің қағидаларының ең маңыздысы. Наурызда адамдар бір-біріне қонаққа барып, жақсылық тілеп, алғыс айтады. Бұл салт-дәстүріміз жас ұрпақты бауырмалдыққа тәрбиелейді. Жалпы Наурыз мерекесінің мазмұны кең.

— Амал немесе көрісу күні туралы не білесіз? Бұл бүкіл қазаққа тән мереке ме, әлде тек батыс өңірінде ғана атап өтілген бе?

— Көрісу мерекесі біздің шығыста да бар деп ойлаймын. Өйткені бала кезімізде үлкен адамдардың бір-бірімен жылап қауышып, көріскенін талай көргенмін. Бірақ ол кезде бұл дәстүрдің мән-мағынасын түсінбеппіз. Ата-әжелеріміз қыстан мал-жан аман, төрт құбыласы тең шыққанына тәубе етіп, қуаныштан көздеріне жас алады екен. Өзіміз де қазір Көрісу күніне ел болып аман-есен жетсек деп тілеп отырамыз. «Торғай аузын шылады ма? Торғай аузын шыламаса, әлі бір ай қыс болады» деген сөз де, осы көрісу күнінде айтылады. Бұл батыстан келген дәстүр дегенді де жиі естиміз. Ол қате пікір. Бұл қазақ халқында ежелден бар мереке. Көрісу — ренжіскендер татуласатын, ағайын-туыстың береке-бірлігін паш ететін мереке, ұрпақты бауырмалдыққа, мейірімділікке баулитын. Сондықтан көрісу дәстүріміздің ең озығы деп білемін.

— Наурыз көжені сіз қалай дайындайсыз?

— Наурыз көже — Наурыз мерекесіндегі ең басты, ең құнарлы тағам. Әрине, әр адам оны өз қалауынша дайындайды. Ет, қазы, бидай, тары, құрт, күріш қосып, бар ықыласымызбен мейлінше дәмді етіп пісіріп, мейрам күні келген қонақтың барлығына дәм таттырамыз, баталарын аламыз. Келіндеріме, қыздарыма, немерелеріме де наурыз көженің дайындалу жолын көрсетіп, үйретіп отырамын.

Сөз соңында қазыналы қария өзінің ақжарма тілегін білдіріп, ақ батасын берді. «Көрісу күнімен басталатын ұлық мерекеміз құтты болсын! Келесі жылғы Наурызға аман-есен жетейік», — дейді Үміткүл әже.

Гүлім ЕРБОЛАТОВА,

Семей таңы

Мақалада: Әжелердің көжесіМЕЙРАМНЫҢ СӘНІ – НАУРЫЗ КӨЖЕНаурыз мейрамыРайхан СыдыққызыҮміткүл Бірғамитқызы

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

7 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС