"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛУ ҚАЖЕТ

04.04.2022
КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛУ ҚАЖЕТ
63
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛУ ҚАЖЕТ

Жолдардың қызмет ету ұзақтығы, қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығы олардың күтіп ұсталуына байланысты екені белгілі. Өткен аптада қала басшысы Бақытжан Байахметов тиісті сала басшыларымен бірге шаһарды аралап, қалаішілік жолдардың күтіп ұсталуын тексерді.

Қала көшелерін күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым «Зеленострой» ЖШС-да 28 бірлік жол техникасы бар. Дегенмен қала әкімі атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы нашар: жолдар мен тротуарлар лас, шаң басып жатыр. Сондықтан мердігер мекемеге дүйсенбіден бастап қала көшелерін тазалау жұмыстарын жеделдетіп, техника мен суару — жуу машиналар санын арттыру, ал жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне күнделікті орындалатын жұмыстарға бақылауды ретке келтіру тапсырылды.

— Бір апта ішінде көшелер мен жолдарды ретке келтіру керек, содан кейін ағымдағы жөндеу жұмыстарына кірісуге болады, — деді Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың өздерінің нысандарына іргелес аумақтарда абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуін ұйымдастыру қалалық сәулет және кәсіпкерлік бөліміне тапсырылды. Яғни енді семейліктер сенбіліктер ұйымдастырып, көшелерді, мекемелер аумақтарын тазалауға кірісетін болады.

Сөз орайында айта кетелік, Семей қаласында ағымдағы жылы 60,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы үш жылда көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға 11 млрд теңгеден астам қаражат жұмылдырылған. Жалпы көше тазалығы көшелерді жөндеумен қатар жүргізілуі тиіс.

«Биыл 60,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Көлік кептелісін азайту мақсатында Шығыс кентіндегі Өскемен көшесін кеңейту жұмыстары басталады. Сондай-ақ жаңа мешіттің оңтүстік жағына 133,2 млн теңгеге екінші жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу көзделіп отыр», — дейді шаһар басшысы Бақытжан Байахметов.

Оның айтуынша, қаладағы көлік көпірін жаңғыртуға 31,3 млрд теңге қажет. Жоба салалық министрлікке республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін жіберілген.

Ал бүгінгі таңда осыған дейін айтып өткеніміздей, жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін «Сергек» фотобейнетіркеу жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛУ ҚАЖЕТ

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

20.01.2025
Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

Елорда төрінде оқушылар арасында өткен ХалықаралықЖәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. 21 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан көрнектіғалым-математик, академик...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

4 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС