"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЫҒЫМ ҚОЖАЛЫҚ

09.05.2014
ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЫҒЫМ ҚОЖАЛЫҚ
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржар ауданында иелігіндегі жер телімдерін түгелдей игеріп, жаңа ауылшаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етілген, мал шаруашылығын қатар жүргізіп, асылтұқымды мал басын өсіруге ерекше назар аударып келе жат—қан шаруа қожалығының бірі – «Некрасовка и К». Барқытбел бөктеріндегі ол қаптарға егін салып, еселі еңбектің көзін тауып отырған шаруашылық шын мәнінде мақтауға тұрарлық. Қожалық басшысы халықтың қалаулысы атанған, аудандық мәслихаттың депутаты Бақтыбек Тоқашұлы Мұсабаев. Бақтыбек Тоқашұлы нағыз еңбектің адамы. Өмірде көргені мен түйгені мол азамат іскерлігінің арқасында шаруашылықтың ісін ілгерілетіп, ауылдастарын жұмыспен қамтып, жағдай жасап отырған жайы бар.

Тоқсаныншы жылдардың орта тұсында колхоз, совхоздар ыдырап, әркім өз бетінше кәсіп қылып жатқан шақта Бақтыбек Тоқашұлы да, топырағы құнарлы жерге егін егіп, мал басын көбейтпек оймен осы істі бастауға бел байлайды. Некрасовка ауылындағы совхоздан қалған шаруашылықты шашау шығармай ұстап қалады. Жастайынан еңбекке араласқан азамат алдына қойған мақсаттарына жету жолында аянбай іс қылады. Маңдай терінің өтеуі болар, еңбегі жанды, ісі алға жылжыды.

1999 жылдың аяғы мен 2000 жылдардың басында құрылған «Некрасовка и К» шаруа қожалығы қазір Үржар ауданында маңдайалды шаруашылықтар қатарында. Әлбетте, мемлекет те істің жайын, заманның ағымын білетіндерге үнемі қолдау танытып келеді. Үкімет тарапынан жасалатын түрлі қолдауларды тиімді пайдалана білген Бақтыбек Тоқашұлы өзі басқаратын қожалығына үнемі жаңа техникалар сатып алуда.

Қазақтың жаны әлбетте, ауыл екендігі мәлім. Ауылда туып, туған жердің қадірін білетін әрбір азамат үшін өңірлердің жаңа заман ағымынан қалып қоймай, өркендеп дамуы аса маңызды мәселелердің бірі. Халықты азық-түлікпен қамту өзекті мәселеге айнала бастаған қазіргі кезеңде сапалы әрі экологиялық таза ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндіруге баса назар аударылып  отыр. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында агроөнер-кәсiптік кешен (АӨК) саласын дамытудың маңыздылығы туралы мәселе көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар беріп келеді. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы өніміне өсіп отыр-ған жаһандық сұраныс жағдайында ауылшаруашылығын ауқымды жаңғырту қажеттігін мәлімдеген еді.

— Елбасы Н. Назарбаевтың өзі ауылшаруашылығы саласын серпінді дамыту тұрғысында тиісті міндеттер жүктеп келеді. Ал оны орындау өңірлердегі біз сияқты шаруа қожалықтарынан бастау алуы керек. Сондықтан болар, жер өңдеп, мал өсірген әр қожалыққа Үкімет қажетті қолдау көрсетуде. Түрлі жеңілдіктер, субсидия алудамыз. Осындай мүмкін-діктерді мүлт жібермей қажетті техникалар сатып алудамыз. Мемлекеттің қолдауы, тынымсыз еңбектің нәтижесінде жағдайымыз жақсарып келеді. Жағдайымыз жақсы екен деп қарап отыруға тағы болмайды. Заманның ағымына қарай жаңашылдыққа бет бұруымыз керек. Жақында, жергілікті кәсіптік колледжді бітірген түлектерді жұмысқа қабылдадық.  Олар бұл жерге бекер келген жоқ. Болашаққа бағдар, жүйелі жоспар түзіліп, келешекке сенімдері болғаннан кейін жұмысқа тұрды, — дейді Бақтыбек аға.

 

{jcomments on}Иә, шынымен де, даланы емес, қаланы аңсайтын бүгінгінің жастары ауылда, әлбетте, тұрақты жұмыс көзі болса ғана қалып, еңбек етеді. Әйтпесе, екі қолға бір күрек табылар деген оймен қалаға қарай тартып тұратындар көп.

 

Бақтыбек аға қазір қос кәсіп егін және мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Мал өсіруді кейіннен қолға алса да, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бар. «Әулиекөл» асыл тұқымды ірі қарамен Қамбар атаның «Жәбе» атты асыл тұқымды төлін өсіруде. Айтпақшы, Бақтыбек аға омарта шаруашылығына да ден қойыпты. Біздің табиғатқа араның үш түрі бейімделген екен. Олар – орыс орта арасы, карпатка және крайнка арасы.  Сонымен қатар, егін шарушалығында да биыл жоғары сұрыпты тұқым пайдаланылмақ. Өскеменнен арнайы «Алтайский», «Донецк» тұқымдарын алдырып, көктемгі науқан жұмыстарында осы тұқымдар себуді көздеп отыр.

— Қожалықтың еншісінде мың гектар егіндік, үш мыңның үстінде жайылым, бес жүзге  тарта гектар шабындық жеріміз бар. Үржардың жері құнарлы келеді. Оның үстіне көпжылдық шөп егеміз. Осы көпжылдық шөптің орынына егін де егіледі. Көпжылдық шөптен кейін жер де тыңайып, құнарланады. Керек болып жатса келешекте жерді  тыңайтуға арналған тыңайтқыштарды да қолданатын боламыз, — дейді сұхбат барасында Бақтыбек Тоқашұлы.

Алғаш шаруашылық құрылып, іргесі қаланған тұста ауылдастары Бақтыбек ағаға күмәнмен қарапты. Жыл өткен сайын ауылдастардың күмәні сейіліп, қожалықтың ертеңіне үмітпен қарайтын ауылдастары қосылып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке – бірліктің нәтижесінде жұмыс жүруде. Жазғы науқан кезінде қырық адамға дейін қызмет етсе, шаруашылық отыз адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша әлеуметтік қолдау танытуды Елбасы осы жолғы Жолдауында атап өткен еді. Бақтыбек аға да қоғам болып қол созатын ортақ істен шет қалмады. Шаруашылықта үш мүмкіндігі шектеулі болса да ел қатарлы еңбек етіп жүргендерді естігенде қуанып қалдық.

Қожалық өз қамын ғана күйттеп, қарап отырған жоқ. Қысы қытымыр, қары қалың болып түсетін Барқытбелдің баурайында жатқан ауылдарға жол ашып, қыс бойы қарын тазаласа, жазғытұрым ауылдар арасын жалғап жатқан жолдың ой – шұқырын тегістейді.

Владимир Виличконың шаруашылықта жұмыс істеп келе жатқанына биыл он екінші жыл. Қысқасы, құрылған күндерден бастап жүргізушілік қызметте. Осыдан – ақ, жұмысқа кіргендердің тұрақтап қалуын аңғаруға  болады. Әлбетте, жұмысшы үшін  жағдай жасалып, жалақы уақытылы төленіп,  еңбектің бағаланғаны қымбат. Ал «Некрасовка и К» бұл тұрғыдан алғанда талайларға үлгі.

Қалам ұстаған қауым үшін жақсыны көру, оны жарыққа шығару — бір міндет. Ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстарды, шаруашылықтың жайын таныс-тырып, жол бастап жүрген ауылдық округ әкімі Нұрбек Әнуәрбеков болатын. Нұрбек Әнуәрбекұлының округтің тізгінін алып,  әкім болғанына да бес жылдың жүзі болыпты. «Әкім бол,     халқыңа жақын бол» деген қағиданың Нұрбек әкім үшін жөні бөлек.  Себебі,  ол: “Халықпен етене байланыс орнатып, тығыз қарым – қатынас жасағанда ғана іс тынады”, — дейді.

Нұрбек Әнуәрбекұлының айтуынша, ауылда екі жетекші шаруа қожалығы бар. Біріншісі, жоғарыда атап өткен «Некрасовка и К» және «Колос» шаруа қожалықтары. — Жалпы ауылдағы кәсіппен айналысатындар жаңа техникаларға иек артып жатқандығы қуантады, —  дейді әкім.

Ауыл түрлі ұлттардың ұйысқан ортасы. Бірлігі бекем, татулығы тұрақты. Бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай, тіпті, тонның ішкі бауындай етене жақын десе де болады. Ауылды мекен ететін оншақты ұлт өкілдері 1 – Мамыр мерекесін аса жоғары деңгейде атап өтіп, ұлттар достығының тамырын тереңге жайғандығын паш етуде.

— Ауыл үшін әлбетте, әлеуметтік нысындардың маңызы зор. Келер жылы 130 орындық білім мекемесі іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Білім ошағы пайдалануға берілсе, әлеуметтік саламыз серпін алады. Себебі, дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетіп тұр. Ауыл үшін ең қажетісі де осы денсаулық сақтау мекемелері мен білім ордалары екендігі сөзсіз. Әлбетте, мұның барлығы аудан әкімі Серік Зинабекұлының қолдауының, аудандағы әр ауылға деген көзқарасының нәтижесі, — дейді Нұрбек Әнуәрбекұлы.

Қазір ауыл ішін тазалау шаралары қарқынды. Аудан басшысы Серік Зинабекұлының бастамасымен  екі айлық аудан бойынша тазалық жұмыс- тары жүреді. Тек қана Барқытбел ауылдық округінде ғана емес, ауданға қарасты барлық ауылдарда тазалық жұмыстары тыңғылықты жүруде. Осыған орай әр көше, әр аула тазаланып, ауылды көріктендіруге барқытбелдіктер жұмыла кірісіп кетіпті.

Ауылда еңбек етемін дегендерге кедергі жоқ. Сондықтан болар, жұмыссыз жүрген жандарды кездестіру мүмкін емес. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасын тиімді пайдаланушылар бұл ауылда да бар. Осы күнге дейін омарта шаруашылығы, қымыз өндірісін өркендету істері қолға алынса, биыл наубайхана, шаштараз сияқты кәсіптерге  жол салушылар бар.

Барқытбел ауылында аумағы атшаптырым, 16 гектар бау-бақша да бар. Оған иелік етіп, іс бастаймын деген жан  әзірге болмай тұр. Бірақ, қараусыз қалды деп, талан  — таражға салатын ауыл бұл емес. Болашақта бау-бақшамен айналысатын жандар болса, Барқытбелге барса, өкінбесі анық.

Міне, ауылдың жағдайы осындай. Қайнаған тірліктің ортасы. Көктемгі дала жұмыстары басталғалы диқандарда тыным жоқ екені айтпаса да түсінікті. Алты ай қыстың қамын жаз ойлайтын ағайын ерте көктемнен   бастап күзгі қамбаның қарекетінде. “Әрекетке — берекет” бұл ауылдың қалыптасқан қағидасы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

13.02.2026
Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

​Бүгін Абай облысында жетекші қоғамдық-саяси күштердің қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында өңірлік коалиция...

Толығырақ...Details

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

13.02.2026
Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

13 ақпанда Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында...

Толығырақ...Details

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

13.02.2026
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп, жаңа...

Толығырақ...Details

Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

13.02.2026
Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

Казахстанский бизнес сегодня работает в условиях высокой глобальной конкуренции, технологических изменений и внешних вызовов. По словам Президента АО «АгромашХолдинг KZ»...

Толығырақ...Details

Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

13.02.2026
Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2026 жылдың 10–23 ақпан аралығында шекарашылардың жұбайлары арасында республикалық «Шекара аруы – 2026»...

Толығырақ...Details

Семейде кәсіпкерлікке қатысты конституциялық өзгерістер талқыланды

13.02.2026
Семейде кәсіпкерлікке қатысты конституциялық өзгерістер талқыланды

2026 жылғы 13 ақпанда Семей қаласында қоғамдық ұйымдар, Ардагерлер кеңесі, депутаттық корпус, бизнес - қоғамдастық және кәсіпорын басшыларының қатысуымен Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

1 день бұрын

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

1 день бұрын

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

1 день бұрын

Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

1 день бұрын

Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

1 день бұрын

Семейде кәсіпкерлікке қатысты конституциялық өзгерістер талқыланды

1 день бұрын

Шалқар Байбеков Әуезов колледжінде Конституциялық реформа және референдум жайын түсіндірді

1 день бұрын

Алдағы референдум Абай облысында педагогикалық қауымдастықпен талқыланды

1 день бұрын

Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам

2 дня бұрын

Абай гарнизонында патриоттық тәрбиеге арналған тағылымды кеш өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС