"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ресейдің «Байқоңырды» жалдау ақысын 3,2 млрд теңгеге қымбаттатты

08.04.2022
Ресейдің "Байқоңырды" жалдау ақысын 3,2 млрд теңгеге қымбаттатты
278
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл сома алда тағы артуы мүмкін. Үкімет Байқоңырға қатысты экономикалық мәселелерге баса көңіл бөліп, оның саяси, ұлттық мүддеге қатысты қырларына екпін түсірмеуге тырысады. 

Қаржыгерлер, экономистер және депутаттар арасында көп сөз болған биылғы жылдың нақтыланған бюджетінің жобасы әзір. Ел күтердей бұл құжаттың несі маңызды? «Қасіретті қаңтар» оқиғаларынан кейін Президент Қ. Тоқаевтың халыққа берген уәделері, 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған міндеттері, 16 наурыздағы жолдауда жария еткен мемлекетті саяси жаңғырту, «Жаңа Қазақстанды» құру бастамалары – осының бәрі-бәрі бюджеттік шығындарға тіреледі.

Нақтыланған бюджет жобасында мына бір жайт назар аудартады. 2021 жылғы 2 желтоқсанда бекітілген «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке» сәйкес, 2022 жылы Ресейдің «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан бюджетіне 48 млрд 875 млн теңге және әскери полигондарды қолданғаны үшін тағы 8 млрд 516,5 млн теңге жалдау төлемақыларын төлейтіні бекітілді.

Енді осы сома 3,2 миллиард теңгеге өскелі тұр. Қайта қаралған биылғы бюджет жобасында Ресей «Байқоңыр» кешенi үшін осы жылы 52 млрд 143,5 млн теңге және әскери полигондарға – 9 млрд 217,9 млн теңге жалдау ақысын төлеуге тиіс болады.

Вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл өзгеріс «теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда нақты өзгеруіне байланысты» екен. Екі ел арасындағы мәміле бойынша ғарыш айлағы кешенін қолданғаны үшін Мәскеу жыл сайын республикамызға 115 млн доллар төлеп тұрады. Өткен жылғы желтоқсанда биылғы бюджетті қабылдау барысында 1 доллар = 425 теңге деген бағам қолданылыпты. Енді бюджет жобасын қайта қараған кезде 1 доллар 453 теңгеге тең деп алынады. Биылғы 9 наурызда америкалық валюта 510 теңгеге дейін қымбаттағаны мәлім. Егер жыл соңына дейін бағам сол шамаға барса, «Байқоңыр» Кремльге 58 млрд 650 млн теңгеге түспек.

Бірқатар сарапшылардың дерегінше, Мәскеу космодромды жалдау ақысын да доллардан рубльге көшіруді қалайтын көрінеді. Қазақстан болса, долларды қолдап, соған табандауы керек. Бұл бізге қолайлы.

Қазақ жеріндегі ғарыш айлағы 1994 жылы Ресейге 20 жылға арендаға берілген болатын. Кейін, 2004 жылы екі ел келісімді ұзартуға уағдаласты. Нәтижесінде, Қазақстан «Байқоңыр» кешенін қаламен және оның аймағындағы жерімен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берді.

«Негізі, «Байқоңыр» кешенін жалға беру шешімі 1994 жылы қабылданды, сол кезде ауыр экономикалық жағдайға байланысты Қазақстанның оны ұстап тұруға және пайдалануға мүмкіндігі болмады. Бекітілген келісімге сәйкес, Ресей Байқоңыр қаласын және космодромды ұстап тұру жөнінде өзіне міндеттеме алды. «Байқоңыр» сақталды және жұмыс істеп тұр. Республикалық бюджетке жыл сайын 115 млн доллар жалдау төлемі түсіп тұрады. Кейінгі 27 жыл ішінде кешенді жалға беруден Қазақстан 3 млрд доллардан астам табыс тапты», – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Экономикалық тұрғыдан ғарыш кешенін жалға беру пайдалы болғанымен, қазақстандық қоғам, сарапшылар мұның өзге қырларына алаңдаушылық білдіріп жүр. Мысалы, экологияны бұзады. Байқоңыр қаласындағы 12 мектептің тек бесеуі ғана қазақстандық стандартпен оқытады, қалғаны Ресейге бағынады. Оларда қазақстандық балалар «Президентім Путин, астанам Мәскеу» деп оқытылатын көрінеді, қазақ тілі, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихын пәнін оқымайды. Қаладағы балабақшалардың жағдайы да солай. 2020 жылы қазақстандық білім беру стандартына негізделген 2 жеке балабақша ғана ашылыпты.

Ресейліктер бұл қаланы өз жеріндей сезінеді. Өткенде «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровты ұлтжандылығы үшін ұнатпай, қазақ министрінің қазақ жеріндегі «Байқоңырға баруына тыйым салатынын» мәлімдегені бар. Ресей Байқоңырға әскери, сауытты техникаларын енгізіп және кері қайтарып, елдің зәресін ұшыратыны да жасырын емес…

Бюджет шығысы бірнеше триллионға артпақ

Дегенмен нақтыланған бюджет жобасы қаралатын Мәжіліс пен Сенат отырысында басқа мәселелер қызу пікірталасқа тамыздық болуы мүмкін. Ел Үкіметі биыл бюджет шығынын ел тарихында болмаған көлемге дейін күрт арттырғалы тұр. Енді осыған жеке-жеке тоқтала кетсек.

Сонымен 2022 жылғы республикалық бюджеттің кірістері бұған дейін 12 трлн 848,9 млрд теңгені құраса, енді ол 15 трлн 665 миллиардқа дейін артады деп күтілуде. Бұған ішінара салықтық түсiмдердің былтыр болжанғандай, 8 трлн 919,1 млрд теңге орнына 9 трлн 816,7 млрд теңгеге дейін, салықтық емес түсiмдердің – 286 миллиардтан 343,2 миллиардқа дейін артуы есебінен қол жеткізіліп отыр.

Ең бастысы, Үкімет Ұлттық қордан алатын қаражат көлемін күрт арттырмақ. Биыл республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi бұрын бекітілген 2,4 триллионнан енді 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады. Осылайша, елдің басты одақтасы – Ресейдің соғысы және оған санкциялық қысымның күшеюі ақыр соңында Қазақстан Үкіметінің Ұлттық қордан алынатын қаражатты азайту, сөйтіп ондағы қорды молайту жоспарын жайына қалдырды.

Қазақстан бюджетінің шығындары да айтарлықтай – 2 триллион 414 млрд теңгеге артатын түрі бар: 2022 жылғы нақтыланған бюджеттің шығындары – бұған дейін белгіленген 15,6 триллионнан енді 18 трлн 62,6 миллиардқа дейін өседі деп жоспарланған.

Бұған дейін ел басшылығы еліміздің донор облыстарынан табысын тып-типыл етіп алып қоюды тоқтату, олардың дамуына көбірек қаржы қалдыру туралы айтқан. Жаңа өмір шынайылығы бұған мұрша бермейтін сияқты. Нақтыланған бюджет жобасында облыстық бюджеттерден, Алматы мен елорда бюджеттерінен алынатын трансферттердің түсімдері бұған дейін жоспарланған 201 миллиардтан 432,3 миллиард теңгеге дейін ұлғаятыны көрсетіліпті.

Бюджеттің жаңалығы неде?

Құжатта бірқатар жаңалықтар көзделген, мысалы, 1 сәуірден бастап АЕК көлемі қайта өзгереді. Нәтижесінде, бір жағынан Қазақстанда жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер артады. Екінші жағынан айыппұлдар, салықтар өседі.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге болып бекітілмек;
  • Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге болады;
  • Жәрдемақыларды және өзге әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ айыппұл, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн қажетті айлық есептiк көрсеткiшті – 3 180 теңге деп белгілеу ұсынылады (2022 жылдың басынан бері ол 3 063 теңге болған);
  • Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң (төменгі күнкөріс шегі) шамасы – 37 389 теңге болып белгiленбек.
  • Жасына байланысты зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап тағы 4%-ға өседі.

Бюджет жобасында ішкі істер органдарының қосымша штат санын ұстауға және материалдық-техникалық жабдықтауға; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға; халық арасындағы әлеуметтік шиеліністі төмендету үшін нан пісіру кәсіпорындарын шикізатпен, ал халықты қолжетімді бағадағы нанмен тұрақты қамтуға және басқасына бағытталған шаралар қарастырылып отыр.

Елең-алаң шақта биліктің шабан іс-қимылын әбжілдеу ету үшін Үкімет резерві бұрын-соңды болмаған көлемге дейін ұлғаяды. Егер бұған дейін ел Үкiметiнiң 2022 жылға арналған резервi 105,4 миллиард теңгені құраса, енді ол жарты триллионға (479,5 млрд теңге) жетпек. Қаржы министрінің түсіндіруінше, «бұл шығыстар шұғыл мәселелерді шешуге бағытталады».

Мемлекеттің «қиын заманға» арналған қоры қарқынды толықтырылады. Төтенше жағдайлар министрлігіне «мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға» биыл 6,6 млрд теңге бөлінеді деп қарастырылған еді. Ал нақтыланған бюджетте бұл сома 15 млрд 416 млн теңгеге дейін көбейеді. Бұған «ескі қорларды жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды сатудан түскен» 2 млрд 251 млн теңге де қоса берілуге тиіс.

Соған қарағанда, ел Үкіметі қиын күндерге дайындалып жатқандай.

Автор: Жанат Ардақ

inbusiness.kz

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

 

Мақалада: 2 млрд теңгеге қымбаттаттыРесейдің "Байқоңырды" жалдау ақысын 3

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС