"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей риелторлары Абай облысының құрылуы баспана бағасына қалай әсер еткенін айтып берді

08.04.2022
Семей риелторлары Абай облысының құрылуы баспана бағасына қалай әсер еткенін айтып берді

Абай облысының құрылатынына байланысты Семейде баспана бағасының күрт қымбаттап кеткенін әлеуметтік желіде жарыса жазып жатқандар бар.

Жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Нұргүл Сүлейменова баспана нарығына бірнеше фактордың әсер еткенін айтады.

«Семейде пәтердің де, жер үйдің де бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Тек жаңалары емес, ескі үйлердің құны да қымбаттаған. Бұған бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, құрылыс материалдарының бағасы көтерілгені белгілі. Бұл жаңа үйлердің қымбат болуына әкелді. Жаңа облыстың құрылатыны туралы жаңалық та ықпал етіп отыр. Себебі, халық қалаға мол қаржы құйылып, жағдай оңалады деп үміттенеді. Тек үйдің емес, жалға берілетін нысандардың, кеңселердің де ай сайынғы ақысы жоғарылап кетті. Ал осыған дейін еш қолданылмай, бос тұрған ғимараттар көп болатын», — дейді ол.

Риэлтордың айтуынша, қайталама нарықтағы 32 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің бағасы осыдан 3 ай бұрын 8,5-10 млн. шамасында болса, қазір 10 млн. теңгеден басталады. 42 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің құны бұрын 10-12 млн. шамасында құбылса, бүгінде 12 млн. теңгеден асып жығылады.

«Орташа есеппен алғанда баға осындай. Әрине, баға пәтердің қазіргі жағдайына, салынған жылына, орналасқан көшесіне, қабатына байланысты белгіленеді. Жылы жаңа 52 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерлер бүгін 15-20 млн. теңге аралығында, ал бірнеше ай бұрын 13-15 млн. еді. Үш бөлмелі пәтерлер 18-30 млн. теңгеге дейін тұрады. Менің ойымша, бағаны осыншама өсіру қисынға келмейді. Адамдар үйлерінің құнын негізсіз аспандатып жіберді», — дейді 13 жыл бойы осы салада жұмыс істеп жүрген Нұргүл Сүлейменова.

Ал тағы бір риэлтор Жұлдыз Магазинованың пікірінше, үй Абай облысының құрылатыны жайлы хабардан соң бірден қымбаттап кетті деуге келмейді.

«Баспана бағасы бұдан бұрын өсіп кеткен. Мәселен, кейбір құрылыс компаниялары былтыр 1 шаршы метрі үшін 240 мың теңге сұраса, биыл баға 280 мыңға жетті. Одан да қымбаттары бар. Ескі үйлерге қатысты айтар болсақ, ипотекалық бағдарламаның талаптарына сай келетін пәтерлердің құны жоғарылады», — дейді.

Оның айтуынша, баға негізінен зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсауға рұқсат берілгенде күрт өскен. Сол кезде бірден 1,5-2 млн. теңгеге қымбаттапты.

«Ипотекаға алуға келмейтін ескі үйлер ғана бұрынғы бағада. Байқауымша, қазір сапасы жақсы, 2-3 бөлмелі пәтерлерді арнайы бағдарлама арқылы несиемен қол жеткізуге мүмкіндігі барлар немесе қалталы азаматтар сатып алып жатыр. Көпшілік бағаны қолдан шарықтатып жіберді. Бұл мәселені мемлекет тарапынан реттеу керек деп ойлаймын», — дейді риэлтор.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Абай облысын құрып, Семейді оның орталығы етуді ұсынған болатын.

қазақпарат

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Семей риелторлары Абай облысының құрылуы баспана бағасына қалай әсер еткенін айтып берді

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

9 часов бұрын

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

9 часов бұрын

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

9 часов бұрын

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

11 часов бұрын

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

4 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС