"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САБАСЫ ТОЛЫ САРЫ ҚЫМЫЗ

09.05.2014
САБАСЫ ТОЛЫ САРЫ ҚЫМЫЗ

Бұл күнде атаулары ауыз толтырып, көргенде көз сүріндіретін түрлі сусындар көп. Шөліркегенде шөл басатынын қайдам, қазір жастардың барлығы осындай сусындарға әуес-ақ. Оның ағзаға әкелер зиянын зерделеп жатқанын және байқамадық. Бұл жағы тіпті бөлек әңгіме. Жарнамасы жер жарып, көгілдір экранның көркі болған сусындарды көріп отырған бір ақсақалдың осындайда қазақтың қымызына не жетсін шіркін деп бір жұтыныпты. Шөліңді қандырып, сарайыңды ашатын қымыздың қазір түрлі сусындардың қалтарысында қалып жатқаны көңіл шіркінге қаяу түсіретін бұрындары. Шүкір, қазір қазақ үшін қасиетті саналатын қымызға деген сұраныс күн артып келеді.

Қазақ үшін қымыз сапалы тағам ғана емес, сондай — ақ, шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Қымыздың емдік қасиеті өз алдына бір әңгіме. Ата – бабаның байырғы сусыны саналатын қымыз өндірісін өрістету бұл күнде қарқынды іске асуда. Әсіресе, қазақтың жаны саналатын ауылда қазір бие байлап, саба піскен шаңырақтарды көптеп кездестіріп жүрміз.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында   қымыз өндіруді қолға алғандардың бірі Үржар ауданы, Барқытбел ауылының тұрғыны Құрбанжан Уәлиолла атты азамат.  Бие байлап, қымыз өндіруді қолға алған үржарлық азамат берері мол бағдарламаның қызығын көруде. Кәсіптің көзін, істің ебін таба білетін ол қазір өз ауылын қымызбен қамтамасыз етіп отыр.

Құрбанжан Уәлиолла атажұртқа келгеннен бастап, осы қымыз өндіруді көптен көздеп жүріпті. Көлемі 2 милллион теңге несиеге, 7 бие сатып алып, соның нәтижесінде міне, қымыз өндіруге біржола бел буған. Қазір «Құрбанжанның қымызы» десе ауыл ағайындары мақтауын асырып отырады екен.

— Ауылдастарым бие сауатынымды біледі. Өздері келіп тапсырыспен алып кетеді. Ата – бабамыздың айтуынша, қымызды көп ауруға ем деп естимін, сол халыққа ем болсын, деп ойлаймын. Келешекте сауындық жылқы басын көбейту жоспарым бар, — дейді Құрбанжан Уәлиолла.

 

{jcomments on}Қымыз өндіруге деген құмарлық қой. Құрбанжан ең бірінші осы іске бет бұрғанда бір ғана биесі болыпты. Бір биенің қымызы көрші – қолаңнан аспайтын болғандықтан, бие санын көбейтіп, ауылда қымыз  өндіруге бел буыпты.

 

— Ауыл әкімі Нұрбек Әнуәрбеков осы кәсіпті қолға алуға кеңес берді. Бағдарлама бойынша несие алдым. Ойлаған ісім алға басып   келеді. Жем – шөптен мәселе жоқ. Жергілікті әкімдік шабындық жер де берді. Қора – қопсымды түзедім, — дейді Құрбанжан.

— Бұйырса болашақта менің қымызым Үржар ауданының брендіне айналатынына сенімім кәміл деп отыр Құрбанжан.  Қазір қазақтың той – домалағы да қымызсыз өтпейді. Кейде тапсырыс беретіндер кезек күтіп қалатын кездері де болады екен. Қазір Құрбанжан күніне қырық литр қымыз дайындап, сатуда. — Болашақта бие санын көбейтіп, бұл істі жандандыра беру жоспарымда, — дейді жігіт ағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

18.11.2026
Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

Абай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жобалар...

Толығырақ...Details

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

18.11.2026
«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

«Оңай табысқа» келісу неге әкеп соқтыруы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенттері есірткі қылмысы үшін сотталғандардың...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

18.11.2026
Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту...

Толығырақ...Details

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

18.11.2026
Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

Әр адамның өз дүниетанымын қалыптастыруы, жеке сенімін ұстануы және ар-ождан еркіндігін пайдалануы құқықтық қоғамның маңызды қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18 минут бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

23 минуты бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

24 минуты бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

28 минут бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

32 минуты бұрын

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

36 минут бұрын

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 день бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 день бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

1 день бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС