"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

05.05.2022
ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды.

Жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Ошақбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, барлық дақылдар бойынша егістікке қажетті тұқымның толық көлемі дайындалған.

— 2022 жылға егіс алқаптарының алдын ала құрылымы 17001 гектарды құрайды. Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына 63 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, 13403 гектар, жеке қосалқы шаруашылықтар, 1876 гектар, және саяжай алаптары, 1722 гектар, қатысады,- деді бөлім басшысы.

Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңдарын пысықтады.

Негізгі басымдық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енген картоп пен көкөніс өнімдерін егуге беріледі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша егіс алқаптарының жоспарланған құрылымына тоқталсақ, дәнді дақылдар — 1277 гектар алқапта (40 га күздік дақылдарды есепке ала отырып) 2 есеге артық; майлы дақылдар — 2350 гектар (39,3 %-ға артық); картоп — 3800 га (5,6 % артық); көкөніс дақылдары — 1496,9 гектар (2,5 %-ға артық); бақша дақылдары — 55,1 га (2,7 %-ға артық); мал азығы дақылдары — 8022 гектар (96 %-ға артық).

650 тонна арзандатылған дизель отыны литріне 212 теңгеден бөлінген, оның ішінде сәуір айына 260 тонна, мамыр  айына 260 тонна, маусым айына 130 тонна. «Sati oil» ЖШС оператор болып белгіленді.

— Бүгінгі күні 140 тонна дәнді дақылдар қажет, дәнді дақылдармен 100 пайыз қамтамасыз етілген, 14,5 тонна майлы дақылдар қажет, қазір 13,5 тонна бар, жетіспейтін көлемі сатылып алынуда. Картоп тұқымының 80%-ы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймаларында сақталған, қалған көлеміне келісімшарттар жасалған. Көкөніс және бақша дақылдары Голландия мен Ресейден жеткізіледі,- деп атап өтті ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Ошақбаев.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мал азығы дақылдары – жоңышқа, эспарцет, судан шөбі, сүрлемдік жүгері және басқа да тұқымдардың  жеткілікті екенін айтты.

Биыл пайдаланылмайтын суармалы егістік жерлерін айналымға енгізу арқылы суармалы жерлер көлемі 1500 гектарға ұлғайтылыпты.

Суармалы жерлер көлемінің 13759,1 гектары 53 шаруа қожалығына бекітілген, соның ішінде биылғы жылы 44 қожалық 11361,5 гектар жерді пайдаланады. Бұл егістік аумақтарды 13 қожалық жаңбырлату әдісімен, 7 қожалық тамшылатып суару әдісімен, 17 қожалық арық әдісімен, қалған 16 қожалық табиғи жолмен  суарады.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов басқа да дақылдардың өндірісін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

– Бізде майлы дақылдар бойынша өсім 139 пайыз. Біз үшін қазір көкөністер маңызды. Өкінішке орай, мұнда өсім баяу – 102,5 пайыз. Бұл мәселені шешу керек, бұл өте маңызды,– деді әкім.

 

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС