"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ — ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

19.05.2022
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатты, қоғамдық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін және жалпыұлттық бірліктің жарқын үлгісін әсіресе жастар арасында насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

Бұл орайда негізгі жұмыстар
аймағымыздағы жоғары және арнаулы орта білім беретін мекемелерде, жергілікті ұйымдар мен
кәсіпорындар қызметкерлері арасында
ақпараттандыру тұрғысында жүргізілуде.
Мәселен, жуырда Шығыс Қазақстан
облысы Полиция департаментінің,
Ұлттық қауіпсіздік органдарының және
облыс әкімдігінің қызметкерлері білім
және ғылым саласында террористік
тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулықты түсіндіруге
бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді. Мұндай ақпараттықтүсіндіру кездесулеріне облыстың 674
жоғары, орта арнаулы, орта және мектепке дейінгі оқу орындарының бірінші басшылары мен терроризмге қарсы
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты
қызметкерлері қатысты.
Кездесулер барысында білім
беру мекемелерін қорғау және жастар арасындағы саяси немесе діни
экстремизм мен терроризмнің алдын
алуға байланысты бірқатар мәселелер
кең көлемде талқыланды. Оның ішінде білім және ғылым объектілері үшін
өзекті террористік сипаттағы қауіптер;
білім және ғылым нысандарының лауазымды тұлғаларының объектінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ісәрекеттері және террористік сипаттағы
қауіп-қатер жағдайында бірінші кезектегі іс-әрекеттері; оқушылар арасында
экстремизмнің профилактикасын жүргізу
жайы сөз болды.
Жиындарда құқық қорғау органдары
қызметкерлері терроризм ұғымы, оның
түрлері мен себептері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Кездесулер барысында сондай-ақ заң қызметкерлері
террористік актілердің орын алуы мен
қаупі жағдайындағы іс-қимыл тәртібі,
терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері
және лаңкестіктің алдын алу мақсатында
жүргізілетін шаралар жайында айтып
берді.
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен
терроризмнің алдын алу мәселелерінде
қоғамдық институттардың рөлі өте
маңызды. Сол себепті Шығыс Қазақстан
облысында да құқық қорғаушылар
қоғамдық институттармен бірлесе отырып, жиі пікір алмасып, сұхбат құрып
тұрады. Бұл жолы да сол дәстүрден
жаңылмай, қоғам пікірі тыңдалып, жүзеге
асырылатын ортақ шаралар, ұсыныстар
талқыланды.
Жалпы, жиындар барысында
айтылғандай, әсіресе діни экстремизм мен терроризмнің таралуының
өсіп келе жатқан сын-қатерлері тек
біздің еліміздің ғана емес, халықаралық
қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудыруда. Діни экстремизм кең таралған
әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам
өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін
тигізуімен ерекшеленеді. Радикалды
идеялардың дамуының жаңа кезеңінің
бастауы экстремистік топтардың үгітнасихат жұмыстарының киберкеңістікке
ауысу үдерісі болып табылады.
ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік
интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық
қызметінің негізгі алаңына айналды. Бұл
құбылыс ақпаратты онлайн таратудың
тиімділігі мен ыңғайлылығына,
географиялық шоғырлануына
қарамастан ауқымды аудиторияны қамту
мүмкіндігіне байланысты.
Экстремистік топтар тарапынан жаңа
жақтастарды қатарына тарту үшін барлық
қолжетімді мүмкіндіктер қолданылады:
әлеуметтік желілер, тақырыптық форумдар, мессенджерлер, онлайн ойындар және т.б. Жарияланатын ақпарат
белгілі бір мақсатты аудитория, сондайақ желі пайдаланушылар үшін дайындалады.
Экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы әлеуметтік,
саяси, экономикалық және басқа
факторлардың әсерінен берік
идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған
жастар санаты болып табылады.
Жастардың интернет арқылы радикалдануы жаһандық үдеріс, оның аясында
әлеуметтік желілер зорлық-зомбылықты
насихаттаудың, радикалды идеялардың
таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылады. Әлеуметтік желілер
мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз
аудиториясының негізгі қажеттіліктерін
анықтап, соған сәйкес материалдар
дайындайды. Бұл ретте әсіресе жастар арасында идеологиялық жұмыстар
жүргізудің маңыздылығы зор болып
отыр. Діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін
саласындағы мәселелерді неғұрлым
терең түсіну, экстремистік нарративтерге қарсы тұру, сыни ойлау дағдыларын
қалыптастыру жастар арасында діни
экстремизмнің алдын алу тәсілдерін енгізу кезінде ескеріледі.
Жастар арасында діни
экстремизмнің алдын алу мәселесі
ең алдымен әр отбасының, қоғамның
және мемлекеттің жауапкершілігі
шеңберінде қарастырылады. Азаматтық
қауымдастықтың мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы
маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік
береді.
Ал осы ретте біздің қосарымыз,
Қазақстан Республикасы ұжымдық
қауіпсіздік пен тұрақтылықты
қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық
бастамалардың белсенді қатысушысы
ретінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда мемлекет ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге бағытталған іс-шаралардың
кең спектрін өткізуде. Осы бағыттағы
маңызды қадамдардың бірі Қазақстан
Республикасында діни экстремизм мен
терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі
бағдарламаны нәтижелі жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама
шеңберінде онлайн кеңістікте діни
экстремизмнің алдын алу бойынша
қарсы насихат және ақпараттық-түсіндіру
әдістері қолданылады. Қарсы насихат жұмысы әлеуметтік желілерде жергілікті Дін істері басқармалары мен Дін
мәселелерін зерттеу орталықтарының
тарапынан жүргізіледі. Танымал
әлеуметтік желілерге дін саласындағы
өзекті мәселелер бойынша аудио-бейнематериалдар, сұрақ-жауап, діни мамандар мен сарапшылардың дәрістері,
пікірлері орналастырылады. Сонымен
қатар экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды
анықтау бойынша бұқаралық ақпарат
құралдарына, интернет-ресурстарға,
оның ішінде әлеуметтік желілерге
тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл
шаралар біздің облысымыз үшін де аса
маңызды саналады.
Жалпы, қазіргі таңда экстремизм
мен терроризмге және де Қазақстан
халықтарының бірлігіне сына қағатын
арандатушылық әрекеттерге барынша қарсы тұру — тек мемлекеттік
органдардың ғана емес, тұтас қоғамның
бірлесіп атсалысуын талап ететін өзекті
мәселе. Бұл орайда, жоғарыда атап
өткеніміздей, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің, Ұлттық
қауіпсіздік органдарының және облыс
әкімдігінің қызметкерлері азаматтық
қоғаммен ашық сұхбатты одан әрі
тереңдетіп, ынтымақтастықты дамыта
түспек. Оған қоса сауатты ақпараттық
сүйемелдеуді жолға қою — кезек күттірмес
мәселе. Дегенмен қазіргі таңда біздің
облысымызда да діни ахуал тұрақты.
Конфессияаралық қарым-қатынастар оң
жағдайда дамып келе жатыр. Міне, бұл
біздің бүгінгі таңдағы бірлесе қол жеткізген ең үлкен құндылығымыз. Ендеше,
бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы
уақыттарда да осындай қарқынмен
жалғастырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты, қоғамдық және
ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін әсіресе жастар арасында насихаттай беру қажет.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Мақалада: ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС