"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

16.06.2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта ішінде Семей қаласының әкімі Шаған кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын басында Бақытжан Байахметов Шаған ауылының тұрғындарын Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарлармен таныстырды.

Шаған кенті облыстық маңыздағы Семей – Курчатов автожолы бойында орналасқан. Кентте 550 адам тұрады.

Соңғы 3 жылда округті дамытуға 52,7 млн теңге бағытталды. Әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеуден өтті. Бұрын әкімдік шағын жеке үйде орналасқан болатын. Енді бұрынғы темір жол станциясының ғимаратына көшті. Сонымен қатар қаражат су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалды. Кент орталықтандырылған сумен жабдықталмаған. Жобалық-сметалық құжаттама 2021 жылы әзірленді. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 30 тамызында дайын болады деп болжанып отыр.

Биыл мұнда балалар ойын алаңы орнатылып, жүзден астам бала өз уақыттарын тиімді өткізуде. Сонымен қатар кенттің ересек тұрғындарының бос уақытын да тиімді өткізулеріне жағдай жасау мақсатында спорт алаңы да орнатылады. Жұмыстар шілде айының соңында басталады.

ТҮКШ бөлімі көшені жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Кенттегі негізгі көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жақын күндері өткізуге конкурс жариялау жоспарланып отыр.

Клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол бұрынғы мектеп ғимаратында орналасатын болады. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары аяқталды, содан кейін едені мен төбесі ретке келтіріледі. Мұнда балаларға арналған түрлі үйірмелер ашу жоспарлануда.

— Жалпы, округтің 2025 жылға дейінгі даму перспективасына 665,1 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қаражат саябақ аумағын абаттандыруға, су құбыры желілерін салуға, Стационная көшесінің аумағын абаттандыруға бағытталатын болады, — деді қала әкімі.

Өткен кездесуде тұрғындар ұялы байланыстың нашарлығына шағымданған болатын. Кентте (мектепте, әкімдікте, медициналық пунктте) «Транстелеком» АҚ интернеті тартылды, Beeline ұялы байланысы 2G мобильді интернетке қол жеткізу технологиясымен жүргізілді. 69 абонент «Транстелеком»АҚ АДСЛ арнасы бойынша интернет желісіне қосылған. 2021 жылдың желтоқсанында «Аltel» операторының қосалқы байланыс тірегі орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына қарай BEELINE ұялы операторының қосалқы тірегін орнату жоспарлануда.

Тұрғындар азық-түлік қымбатшылығы мәселесін шешуді сұраған болатын. Мониторингтік топ әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін дүкендерді үнемі тексереді. Кент кәсіпкерлері тауар құнын сатып алу бағасынан 15%-дан артық көтермейді. Мәселе тұрақты бақылауда.

Кент тұрғындары сондай-ақ мектеп пен спорт залын салу мәселесін қарастыруды сұраған болатын. Шаған кентінде №24 ЖББМ бар. Мектеп шағын, 1970 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Жобалық қуаты 100 орын. 1-9 сыныптарда 54 оқушы оқиды. Мектепте ауданы 50,4 шаршы метр болатын спорт залы бар. Сыныптарда бала саны аз. Соңғы 3 жылда: 2019 жылы – 9, 2020 жылы – 6, 2021 жылы – 4 сәби дүниеге келген. Тұрғындарға бала туу көрсеткішінің төмендігі мен 0 жастан 16 жасқа дейінгі балалар санының аздығына байланысты, мектеп пен спорт залдың құрылысы әзірге мүмкін еместігі айтылды.

Кенттің жекелеген тұрғындары мектептегі тамақтану сапасын бақылауға қатысты наразылықтарын жеткізді. 2020 жылдан бастап кенттегі мектепте Курчатов қаласынан әкелінетін буфеттік тамақтану ұйымдастырылды. Ағымдағы оқу жылында мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс аяқталды.

Тұрғындар қатымхана құрылысы мәселесін шешуге де көмек сұраған еді. Бұл мәселеде жергілікті кәсіпкер Ғалиев Сайлаубек көмекке келді. Ол бір кездері мешіт салған. Енді мешітті жөндеуден өткізіп, екіге бөлу арқылы (мешітке және қатымханаға) қайта жаңғыртуға ниет білдірді. Қазіргі уақытта кент тұрғындарының күшімен мешітті қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесуде қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бақылаусыз мал жаю  мәселесі де көтерілді. Бақытжан Байахметов жергілікті әкімге және учаскелік инспекторға тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мал жаю жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды.

Тұрғындар жайылымдық жерлердің және шөп шабуға арналған учаскелердің жетіспейтінін де айтты. Олардың айтуынша, бос жерлер бар. Кент әкіміне қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, он күндік мерзімде жер телімдеріне тағы да түгендеу жүргізіп, ұсыныстар дайындау тапсырылды.

Тағы бір мәселе – мал жаюға дайын жұмысшыға тұрғын үй жоқ. Кентте тегін үй бар, оны жөндеуден кейін тұрғын үй үшін беруге болады. Сондықтан қала әкімі үйді ретке келтіру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар Бақытжан Байахметов жергілікті фельдшер Рымгүл Ысқақованы медицина қызметкері күнімен құттықтап, жұмысына табыс және отбасына амандық тілей отырып, құрмет грамотасын тапсырды.

Бақытжан Байахметов Шаған кентінен кейін Жиенәлі ауылдық округіне барды.

Округтің Бөкенші және Маралды ауылдарында 800-ден астам адам тұрады.

Соңғы 3 жылда округті дамытуға 65,5 млн теңге бағытталды. Бөкенші ауылында шағын футбол алаңы орнатылып, Абай, Школьная, Сәтбаев көшелеріне сыртқы жарықтандыру орнатылды.  Сондай-ақ Маралды ауылында блокты-модульді станция орнатылып, Бөкенші орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл жастары мен балаларына сапалы білім беру үшін Бөкенші орта мектебіне физика кабинеті сатып алынды. Жабдық жеткізілді, қазір орнатылу үстінде.

Бұл күндері Маралды ауылына балалар ойын алаңы орнатылуда. Жұмыстың аяқталу мерзімі осы айдың соңына дейін деп күтілуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен Бөкенші ауылындағы көше жарығын орнатуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жалпы, 2025 жылға дейін Жиенәліні кешенді дамыту аясында 38,4 млн теңге бөлу жоспарланған. Қаражат Бөкенші ауылындағы Қашаубаев, Момышұлы, Жамбыл, Сейфуллин, Әуезов, Уәлиханов, Степная, Арқа көшелерін сыртқы жарықтандыру құрылысына бағытталатын болады. Жоба «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған.

Бұл жобалардың барлығы жергілікті тұрғындардың өтініштеріне жауап ретінде іске асырылды.

Қала әкімінің округ тұрғындарымен өткен кездесулердің қорытындысы бойынша барлығы алты мәселе айтылды. Олардың екеуі шешілді, тағы үш мәселе қаралуда.

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

— Тұрғындардың тілектерінің бір бөлігі заңдағы шектеулерге байланысты әлі шешім таба алмайды. Мысалы, жергілікті мектепке балаларды тасымалдау үшін газель көлігі қажет. Бұл мәселе облыстық бюджеттің құзыретінде. Абай облысы енді ғана пайда болды, бұл мәселені болашақта шешуге болады. Жалпы, уақыт өте келе барлық мәселелерді біртіндеп шешуге болатынын сенімдімін, — деді қала басшысы.

Бөкенші тұрғыны Болатбек Қадыров мал жаю үшін жер учаскелерінің жетіспейтінін айтты. Оның айтуынша, бұрын үлкен жер учаскелері көрші ауылдың аумағына көшкен. Сондай-ақ тұрғындар ірі шаруа қожалықтары қоршау қоймағандықтан мал олардың аумағына кіріп кетеді деп шағымданды. Нәтижесінде мал шығарылмайды. Жанжал туындаған жағдайлар да болған.

Бұл мәселелер бойынша қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің мамандары осында келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Егістік жер иелерінің қатысуымен тыңдау өткізілді. Олар өз иеліктерінің шекарасында «электронды бақташы» орнатады деген келісімге қол жеткізілді.

Шынында да, егістік жерлерге арналған көптеген учаскелер бар. Кәсіпкерлерге басқа жерлерде жер учаскелерін беру арқылы мәселенің ауырлығын төмендетудің жолдары бар. Оның орнына олар өз учаскелерін жергілікті тұрғындардың қажеттіліктеріне беруі керек. Мысалы, жергілікті «КХ Ерлан» кәсіпкерлік иесі, егер оған басқа жерде учаске ұсынылса, Бөкенші тұрғындарына өз телімдерін (400 гектардан астам) беруге дайын.

Жергілікті әкімдіктің мәліметі бойынша, басқа бос жерлер бар, бірақ олар алыс немесе су жоқ.

Мәселені шешу үшін ӘКК мүмкіндіктерін де пайдалануға болады.

Барлық осы мәселелер мұқият талқылауды қажет етеді. Бақытжан Байахметов жер қатынастары бөліміне жағдайға жан-жақты талдау жүргізуді және 15 күн ішінде аралық ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Әкімнің келесі есеп беру кездесуіне дейін бұл мәселе өз шешімін табуы тиіс.

Кездесуде Маралды тұрғындары жергілікті тұрғын Бауыржан Қалиевтың демеушілік қаражаты есебінен орнатылған 12 жарықтандыру бағанасын іске қосуды сұрады. Бақытжан Байахметов округ әкімдігіне қалаға барып, «БЭСК» АҚ-мен келісім жасап, жарықтандыруды қосуды тапсырды.

Кездесу соңында Бақытжан Байахметов Бөкенші ауылының дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Жүзбаева Айдынгүл Тілеубайқызын төл мерекесіне орай алғыс хатпен марапаттады.

 

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

14 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

15 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС