"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СЕНІҢ, Семей, ТЫНЫҚ КЕШ, КҮМІС ТАҢЫҢ, Көгілдір сағым қуған уыз шағым»

02.07.2022
«СЕНІҢ, Семей, ТЫНЫҚ КЕШ, КҮМІС ТАҢЫҢ, Көгілдір сағым қуған уыз шағым»
50
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«СЕНІҢ, Семей, ТЫНЫҚ КЕШ, КҮМІС ТАҢЫҢ

                                                Көгілдір сағым қуған уыз шағым»

 

            Белгілі қаламгер, дарынды ақын Еділ Асылбектің  туған елі – сұлу Семейіне арнаған жүрекжарды өлеңі осылай басталады. Әсілі, атамекеніміз, оның перзенттерінің әрқашан ойында жүретін қастерлі сезім. Бұл жағынан, ел мен жерге деген сағынышын жеткізуде, әсіресе ақындардың мерейі үстем. Жұртшылыққа сексенінші жылдардан бастап кең танылған журналист,  әріптес досым Еділ — ақын ретінде өз махаббатымен және кестелі шығармаларымен туған қаламызды тебірене  тербеткен жыр жампозы.

Қазір елден жырақта, Алматыда тұрып жатқан қаламгер жүрегінен алғаш ұшқан жырларының куәгері, аралаудан жалықпаған Семейінің көшелеріне, онда жолықтыратын ескі таныстарына деген ыстық лебізін «Көше – теңіз, мен – қайық ертелетіп,  Келем жүзіп, көңілді желкен етіп. Өтсем ағаш түбінен, ол үстіме/ Жапырағын шашады еркелетіп» деп перзенттік назбен ақтарады. Кейбір арзан ұйқас қуған өлеңшілерге Еділдің шебер есілген өлең жолдары ой салса керек.

Бірақ бұл үшін ақын азаматтың кітаптарын ықтиятпен оқып, тиянақты танысқан абзал. Тіпті Е.Асылбектің осыдан жиырма жыл бұрын жарық көрген тырнақалды поэзиялық туындылар жинағын қолға алу да  жеткілікті. Оларды оқи отырып ұзақ жыл кезіндегі облыстық «Семей таңы», республикалық «Казахстанская правда» газеттерінде қызмет еткен екі тілді журналист-редактордың өлең сөзге деген талғамы мен талапшылдығы, яғни өлеңді «ермек үшін» жазбайтыны айқын аңғарылады.

Шындығында, кейбір кітап туралы пікір білдіру қиын, таныс автордың көңілі үшін ғана ой бөлісуге тура келеді. Ал Еділ Асылбектің көкөрім, 17-18 жасында жазған балауса жырларынан бастап есейген кезіндегі терең ойға құрылған туындылары оқырманды өздерінің нәзік әрі сыршыл табиғатымен баурап алады. Он сегіздегі жас ақынның «Ең тәтті қиялын» тыңдап көрелік: «Көп ойлаймын, қиялдаймын жасымнан/ Жүрегіме толып от. Ұзақ түнде ұйқым талай ашылған/ Қиял жанның төрі боп».

Дегенмен Еділдің қиялы, немесе арманы, оның өзінен тыс дүние емес, ол — қайта ақынның серігі, мынау бескүндік тірліктегі арқатірегі. Осыны айтқанда ұлы Абайдың «Ой кіргелі тимеді ерік өзіме…» немесе «дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда, ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын» деген сөздері тіл ұшына оралады. Еділдің де ой-қиялы — оның «торыққан» сәттерінде «қол ұшын ұсынатын» айнымас досы.

Ақынның өзіне құлақ қояйық: «Кейде өмірден торығамын, сонда арман/ Ұсынады қол ұшын. Мен ешқашан бас тартпаймын ойлардан — / Мүмкін, әлде сол үшін?!» немесе «Қиял-серік, алға асығып жүгірсем, Бірге жүріс жолымды. Сенімді бол, абайсызда сүрінсем, Беретіндей қолыңды». Еділдің өмір жолында айналасынан қолынан келген көмегін аямағанының куәсімін. Ақын-достың өзін «Семей таңындағы» орынбасары ретінде таңдаған ұстазымыздың үмітін ақтағаны да қаламгер қауымға жақсы мәлім.

Еділ Асылбектің замандасқа деген адалдығы өз алдына, ол журналистік жазбалары және заман мен адам туралы ой-толғамдары арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесіне де лайықты үлес қоса алды.  Осы орайда ақынның, әсіресе Ана алдындағы перзенттік парыз туралы жырларын оқи отырып, оның өз ойыңды да тап басқанына іштей разы боласың. «Аспанымда тұрыпсың күн боп, анам, Шуағыңда жүріппін, білмей алаң», — деп тебіренеді ол Зекман анасы жайында.

Алайда біз Күн-анамыздың мәңгілік емесін, «күннің» де бататынын кейде тым кеш байқап жатамыз. Еділ болса Зекман анасының өз өміріндегі орнын дер кезінде аңғарғандай. Ол: «Бет алыпсың бүгінде көкжиекке/ Қалмай ма, ана, сен батсаң, жер түнек боп?!»- деп, қимас көңілін жайып салып, «білместіктен болған қылығына» кешірім сұрап та үлгереді: «Ақ самайың – асқардағы ақ қардай, Көктем сайын су боп төмен аққандай… Жас болдым мен, тұра алмадым әр уақта/ Тірек болып саған түскен салмаққа».

Бүгінде Еділ дос жан жары Гүлнары екеуі Забира, Құралай, Айжан атты үш балапанын ұясынан ұшырып, он шақты немере сүйіп отырған үлкен әулеттің ардақты атасы. Киліккен сырқат қаламына тұсау салғаны болмаса, әсем Алматының орталығында, өзі іңкәр көктемнің шуағындай «Көктем» атты  мөлтек ауданда бақуатты өмірдің қуанышын қызықтауда. «Арманның шыңын қалап ап, бірге самғайық» деп, Гүлнарына арнаған өлеңі  махаббаттарын аялай білген екеудің жүрек лүпіліндей.

Ол – ақын, Еділдің құдіреті күшті Алла Тағаланың әмірімен дарыған дарынын тану қиын емес.  Бұған оның түрік ақыны Х.Атсыздан, С.Есенин және басқалардан аударма өлеңдері де әбден дәлел бола алады. Әсіресе ұлы Абайды орысша сөйлеткен шығармашылығы атап айтарлық. Хакімнің «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңін білесіздер.  Олай болса, осы асылдың орысша қалай түрленгенін көріңіз: «Коса на спине – как джигита рука, Звенит серебро в такт походке слегка…»

Біздің әріптесіміз өлеңге аса сергек қарайды.  Бірінші кітабының кешірек жарық көруіне сол бір «жауапкершілігі» де кедергі келтіргендей. Бірақ, шығармашылық туындыларыңның санымен емес, сапасымен өлшенсе керек. Ал Еділ Асылбектің поэзия бағы оқырманын тамсандыратын «жеміске» толы. Бұрын «қазақ кіре алмаған, саф ауадан нұр аулаған, сыбдырлаған саялы бақ» Алматыда жетпіс жастың желкенін керген ақынның туған Семейіне деген сағынышы дәйім жүрегіне түюлі.

Біздің осы жылы лебізіміз – барша сыйлас қауымның қаламгер досқа, дарынды ақынға, өнегелі ұрпақ өсірген үлкен әулеттің бәйтеректей атасына деген ізгі тілегіміз!

    Болат ЖҮНІСБЕКОВ,

                                                                                   әріптес досы, жазушы

Еділ АСЫЛБЕК

Еділ Оразбекұлы Асылбек 1952 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей педагогика институтының филология факультетін (1970 ж) және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын саясаттанушы мамандығы бойынша (1994 ж)
бітірген. Еңбек жолын ауыл мұғалімдігінен бастаған. Одан сон облыстық «Семей таңы» газетінде (әдеби қызметкерден редактордың орынбасарлығына дейін), «Казахстанская правда» газетінің Семей облысы бойынша меншікті тілшісі, «Абай» журналының бөлім меңгерушісі, ТВК-6 телекомпаниясы ақпарат орталығының басшысы болып еңбек еткен. Әр жылдары Семей облысы (бертін қаласы) әкімінің баспасөз хатшысы, қалалық қоғамдық келісім және тіл саясаты бөлімінің бастығы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушіснің орынбасары қызметтерін атқарған.

Мақалада: «СЕНІҢКөгілдір сағым қуған уыз шағым»КҮМІС ТАҢЫҢСемейТЫНЫҚ КЕШ

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС