"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БҮГІН — ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ

09.07.2022
БҮГІН — ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы Құрбан айт 9-11 шілде аралығында мерекеленеді. Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Осыған байланысты Семей қаласының Абай Құнанбаев атындағы мешітінде брифинг өтті.

Брифингте мерекенің өткізілу барысы, құрбандық шалу рәсімі, құрбандыққа шалынатын малдарды союға арналған орындар жайында сөз болды.

— Барлық мұсылман елдерінің келісімімен, биылғы, яғни хижри жыл санағы бойынша 1443 жылғы Құрбан айт мерекесі  9-11 шілде аралығы болып бекітілді. Қасиетті Құрбан айт мерекесі барлығымызға құтты, берекелі болсын. Биыл еліміз індеттен құтылып, барлық мешіттерде бес  уақыт намаз, жұма, айт намаздары оқылып жатыр. Биылғы жылы айт намазы республика бойынша барлық мешіттерде оқылады. Облысымыз бойынша айт намазы таңғы сағат 07:00-де оқылады.

Індеттің салдарынан Құрбан айт күндері адамдар екі жыл бойы бір-біріне айтшылап бара алмады. Ал биыл рұқсат берілді, — деді Абай Құнанбаев атындағы мешіттің наиб имамы Ерлан Омаров.

Жалпы, 2020 жылы басталған індеттің себебінен құрбан шалу амалдары онлайн форматқа көшірілген болатын. Мешіттің наиб имамы Ерлан Омаровтың айтуынша, бұл үрдіс мұсылман елдерінде әлі жалғасуда, сондықтан біздің елде де құрбан шалу екі түрде – онлайн және офлайн форматында өтеді.  Қазіргі таңда «qurban2022.kz» сайты жұмыс істеп тұр, осы сайт арқылы тұрғындар ірі қараға, ұсақ малға тапсырыс беріп жатыр. Мұқтаж жандар да осы сайт арқылы қажетті құжаттарын тапсырып, өтініштерін бере алады.

Айта кетерлігі, облысымыздағы мешіттерде мал шалынбайды, қазір оған рұқсат жоқ. Құрбан шалу үшін арнайы қадағалаумен өтетін орындар бекітілген. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы  Алтай Оразаев құрбан шалуға байланысты ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы айтты.

— Біріншіден, тасымалданатын малдарда ветеринарлық анықатама болуы тиіс. Бұл анықтамада малдың саны, түрі, жалпы, мал туралы мәліметтер беріледі. Екіншіден, мал тек белгіленген орындарда ғана сатылуы керек. Қазіргі таңда тірідей малды сатуға арналған 3 орын бекітілген. Олар: «Ақшың» мал сою пункті, Космонавтар к-сі, 1 (Дальняя ауданы), «Северный» СЛО (Энергетик ауданы) және «Жоламан КТО» мал сою пункті (Алматы трассасы, 7/1). Белгіленбеген орындарда сауда жасауға тыйым салынған.

Құрбан айт мерекесінде санитарлық талаптардың сақталуы жайында қалалық санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Б.Мұқашев та айтып өтті.

Қаламызда құрбандық шалуға екі орын — «Жоламан КТО» мал сою пункті мен «Ақшың» мал сою пункті бекітілген. Қазіргі таңда біздің облыс «жасыл» аймақта тұрғанына қарамастан, барлық санитарлық талаптарды сақтауға міндеттіміз. Тұрғындар құрбандық малын өз ауласында союына болмайды, оған рұқсат жоқ жоқ.

Сөз ретінде Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мерекесі кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы арнайы қаулы жариялағанын да айта кеткен орынды деп санаймыз. Мұсылмандардың діни жоралғыларына сәйкес, Құрбан айт мерекесінде жасалатын ең үлкен құлшылықтардың бірі — құрбандық шалу. Дәстүрімізге дендей енген бұл ғибадат түрі халқымызға жақсы таныс, аймағымыздың тұрғындары да Алла разылығы үшін малын құрбан етеді. Осы ретте тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында тұрғындарды аталған қаулыдағы талаптарды орындауға шақырамыз:  7-11 шілде аралығында мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде тұрғындар тамақтан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;  құрбандыққа арналған малды  жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда ғана союды және өткізу; тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын сақтау және жеткізуші адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Бұл талаптардың орындалуы құзырлы орындар өкілдерінің қадағалауында болады.

Ерасыл КЕНЖЕБЕКОВ,

«Семей таңы»

Мақалада: БҮГІН - ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

18 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС