"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

13.07.2022
МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
89
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтіп, өзге салалармен тең дәрежеде міндетті әлеуметтік жеңілдіктер беру керектігін айтып, «Мәдениет қызметкерлерін қолдау қажет. Біз мәдениет саласында еңбек ететін адамдарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», – деген еді.

Енді еліміздегі «ұлттық» статусқа ие мәдениет саласындағы барлық мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысы өсетін болады. Ел Президентінің тапсырмасы аясында қолға алынған шаралар туралы осыдан біраз уақыт бұрын Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәдениет министрлігінің қарамағындағы мекемелердегі ұжымдармен кездесуінде айтқан болатын.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы мәдениет саласын дамытуға, атап айтқанда оның қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөледі. Бұл ретте министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Еңбекақыны көтеру – бұл маңызды бағыттардың бірі ғана. Сонымен қатар біз бірқатар мәдениет нысандарын қайта жөндеу, материалдық-техникалық базаны жақсарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелерін қарастырып жатырмыз», — деді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына сәйкес, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы жоғарылап келеді.

Мәселен, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» (AMANAT) партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмасына орай, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап облыстағы мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттарының лауазымдық жалақысы республикалық бюджет есебінен 30 пайызға ұлғайтылды. Алайда бұл шара ғылыми қызметкерлер және әкімшілік персонал сынды негізгі қызметкерлердің жекелеген санаттарына әсер еткен жоқ. Міне, осыған байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Үкіметке 2020 жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы басшы қызметкерлердің лауазымдық жалақысының 35 пайызы мөлшерінде қосымша төлем белгілеу арқылы өсті.

Ал ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін лауазымдық жалақыға 1,23 коэффициентті негізге ала отырып өсті. Осы орайда жете мән берілмей келген театр және филармония әртістерінің орташа айлық жалақысының өсімі 104,9 мың теңгені құрағанын да айта кеткен жөн.

Жалпы, еліміздегі мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын алдағы жылдары да ұлғайту мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте алдағы үш жылда да бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы, республикамыз бойынша 2020 жылдан бастап педагогтер мен дәрігерлердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өскені белгілі. Ал бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала мамандары, әсіресе мәдениет саласы қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, қорықшылардың еңбекақысы өзгеріссіз қалған болатын. Ендігі жерде, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған санаттағы қызметкерлердің, яғни еліміздегі мәдениет саласында еңбек ететін 600 мыңнан аса мамандар — мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, тіпті техникалық персонал — көлік жүргізушілері және басқа да осы санаттағы қызметкерлердің айлық жалақысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетін болады.

Бұл, әрине, барша мәдениет саласы қызметкерлері үшін үлкен қолдау. Президент Жолдауынан кейін мәдениет саласының көрнекті өкілі Болат Жүнісбеков:

— Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келер жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің, кітапханашылардың жалақысын 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-ға көтеру керектігін айтты. Бұл бастамаға әрбіріміз, отбасы мүшелеріміз, әріптестеріміз қуанары сөзсіз. Өйткені мәдениет — ел руханияты. Еліміздің, әсіресе жастардың, қоғамның неғұрлым мәдениетті болуы, дамуы ең бірінші білім мен мәдениетке байланысты. Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан сөздері мәдениет саласына деген шын жанашырлық деп білемін. Бұл бізді сапалы жұмыс істеуге қанаттандырады. Кітапханашылардың жалақысы төмен болғандықтан, көп жағдайда ипотека арқылы тұрғын үй алуға мүмкіндігі болмай жатады. Жалақының өсуіне байланысты қоныс тойын тойлауға жақсы мүмкіндік туды деп ойлаймын. Мәселен, Ұлттық кітапханамызда 300-ге жуық қызметкер бар. Қазақстан бойынша шамамен 20 мыңға жуық кітапхана қызметкері жұмыс істейді. Енді осыншама адамның жалақысы өседі, — деп республикалық БАҚ өкілдеріне пікір білдірген еді.

Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға өсіп отыратын болса, олардың әлеуметтік ахуалы да жақсара түсері анық. Әйтсе де жыл сайынғы инфляция мен түрлі тұтыну тауарларының бағасының тұрақты түрде өсуі, тұрғын үйдің, жас мамандар үшін пәтер жалдау құнының қымбаттауы бұл қосылған жалақының тиімді тұстарын азайтатыны да жасырын емес. Ол енді басқа мәселе…

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

18 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

18 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

21 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

22 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

22 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

23 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

23 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

23 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

23 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС