"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛЫП ЖҮРМЕҢІЗ…

21.07.2022
ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛЫП ЖҮРМЕҢІЗ...
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде жылуға дебиторлық берешекті қайтару үшін борышкерлермен жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде қалада 80 нысан жылу көзінен ажыратылған. Бұл  нысандар қарызды толық төлегенге дейін жылуға қосылмайды. Бұл туралы 2022-2023 жылғы жылу беру маусымына дайындық және дебиторлық қарыз мәселесі талқыланған баспасөз конференциясында айтылды.

Семейде қазіргі күні заңды және жеке тұлғалар мен басқа да ұйымдардың «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы жалпы дебиторлық берешегі 666 млн теңгені құрап отыр, оның ішінде қала тұрғындарының қарызы 107 млн теңге болса, заңды тұлғалардың берешегі — 132 млн теңге.

Семейде 18 жылу көзі, оның ішінде 17 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 мекемелер мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. 76 орталық жылу пункттері бар, жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырмен есептегенде 315,5 шақырымды құрайды.

— Қазіргі уақытта қалада дебиторлық берешекті қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қарызды толық төлегенге дейін 80 нысан жылумен қамтамасыз етуден ажыратылды. Ескерте кететін жайт, қарыздар үшін мекемелердің шоттары бұғатталған, борышкерлерге елден кетуге тыйым салынады, сондай-ақ ерекше жағдайларда қарызын төлеуден жалтарғандар 15 күнге қамауға алынады, — дейді «Теплокоммунэнерго» МКК директорының міндетін атқарушы Аржан Кельменбетов.

«Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Николай Дёмин Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты жылу көздері мен жылу желілерінде бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін айтты.

— Алдағы жылдың жылыту маусымына көмірге қажеттілік 484 906,7 тоннаны құрайды. 2021 жылы «Теплокоммунэнерго» кәсіпорны тамыздан бастап көмір жеткізілімін жауапты сақтауға қабылдады. 1 тамыздан бастап көмірді   қабылдауға дайын болады. Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты ақша бағамы тұрақсыз болып тұр, қажетті материалдарды сатып алуда қиындықтар болды, сондықтан жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстары толыққанды жүргізілмеді, — дейді «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры.

Техникалық директордың орынбасары қала орталығындағы жылу беру нысандары арасындағы бөгетті жөндеуге қаржы бөлінгенін айтты.

— Бюджет қаражаты  есебінен 14 жылу қазандығын жөндеуге 630 млн теңге бөлінді. Қазандықтарды, жылытқыштарды, экономайзерлерді, жылу желілерін ауыстыру көзделіп отыр. Бұл жұмыстар жылумен қамтуды  тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, — дейді Николай Дёмин.

Баспасөз мәслихатында сондай-ақ қаладағы кейбір көп қабатты үйлерде әлі де басқару органдары жоқ екені айтылды. Бұл тұрғын үйлерге алдағы күзде жылу беруде кері әсерін тигізбей қоймайды.

— Басқару органдары жоқ үйлердің мәселесі де өзекті. Мұндай үйлердің саны 300-ден асады. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бұл тұрғын үйлердің иелері өздері жүргізуге тиіс. Жылыту маусымы басталғанда дайын емес үйлерде қиындықтар туындап, олар жылуға ең соңынан қосылатын болады, — деп ескертті Николай Демин.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛЫП ЖҮРМЕҢІЗ...

Ұқсас жаңалықтар

Мұнай газының бағасы өзгерді

14.02.2025
Мұнай газының бағасы өзгерді

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда мұнай газының бағасы өзгерді. Жаңа тариф бойынша автогаздың литрі – 102 теңге болса, ал...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

16 часов бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

16 часов бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

16 часов бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

16 часов бұрын

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

16 часов бұрын

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

2 дня бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

2 дня бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

2 дня бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС