"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНДА 25-30 ПРОЦЕНТКЕ ДЕЙІН АРИЙЛІК НЕГІЗ САҚТАЛҒАН»

21.07.2022
«ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНДА 25-30 ПРОЦЕНТКЕ ДЕЙІН АРИЙЛІК НЕГІЗ САҚТАЛҒАН»

Домбауыл кесенесі. XVI-XVIII ғғ

50
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан аумағы көне ескерткішерге бай. Кеңес заманында тізімге ілінген 25 мың ескерткіш, уақыт өте келе, мемлекет қарауы мен қамқорлығына алынды. Бүгінде олардың қатары толықты. Бұл ескерткіштер археологиялық, этнографиялық және тарихи тұрғыдан, жалпы, әр түрлі сипатта жүйеленеді. Яғни, методологияға байланысты жүйесі де әр түрлі. Десек те, қаншама ғасыр бұрын бір емес, алуан мәдениетті бір арнаға тоғыстырған қазақ жеріндегі ежелгі тарихи ескерткіш-нысандарды этникалық тұрғыдан бөліп, жүйелеу мүмкін бе? Тарихшы-этнограф Жамбыл Артықбаев барлық, әсіресе тарихи ескерткіштерді этникалық жағынан жүйелеу қиын деп есептейді.

— Жамбыл Омарұлы, қазақ жері – қайталанбас ежелгі тарихы мен мәдениеті тоғысқан, сарқылмас сырға толы мекен. Күні бүгінге дейін тарихшылар мен археологтер ертеректе Қазақстан аумағын мекендеген өзге мәдениет өкілдерінің бай рухани-мәдени дамуын айқындайтын құнды тарихи және архитектуралық ескерткіш-нысандарының орнын тауып, сырын ашуға тырысып келеді. Десек те, археологиялық, этнографиялық, тарихи тұрғыдан ерекшеленетін ескерткіштерді этникалық тұрғыда жүйелеу не себепті қиын?
—
Оның өз себебі бар. Түрлі этникалық мәдениеттің бір-бірімен өзара үндесуі ұлт этногенезіне әсер етеді. Мәселен, Қазақстан жерінде қола дәуірінде екі үлкен этникалық топ болды. Бірі арийлер, Батыс әдебиетінде оларды ариандықтар дейді. Сосын турлар, яғни тұран халықтары, кейде оғыздар деп те айтамыз. Олар, негізінен, түркі халықтары. Осы екі халық өздерінің шыққан түп тегін бір деп есептейді. Бірақ екі тілдік мәдени орта құрды. Арийлер кейін зороастризм дінін қабылдады, артынша осы дінді қалыптастырды. Осылайша, олардың ескерткіштері сәл-пәл ерекшелене бастады. Мәселен, Түркістанның жанындағы Күлтөбенің басында зороастризм заманындағы үлкен ғибадатхана жатыр. Қазір қазба жұмыстары жүргізілуде. Ол діни жағынан ерекше храм болғанымен, арий халықтары қазақ жерін мекендегендіктен, қазақ этногенезінде үлкен орын алатындықтан және қазақтың этникалық-антропологиялық, тілдік болмысында арийлік негіз әлі күнге дейін 25-30% мөлшерінде сақталғандықтан, біз оларды бөтен, яғни басқа этнос деп айта алмаймыз. Алайда, осыны жете түсінбегендіктен, арий халықтары тек немістер немесе ирандықтар, сондай-ақ үнді арийлері деп бөлініп келді.
Бірақ қазіргі таңдағы біздің зерттеу жұмыстарымыз, әсіресе менің зерттеу жұмысым арий компонентінің қазақ этногенезінде, этникалық тарихында әлі де үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Яғни, біз антропология жағынан аралас өкілдерміз, біздің 25-30% еуропеидтік түріміз сол арийлерден қалған. Тілімізде де 25-30 пайызға дейін арийлік негіз бар.

— Орта ғасырларда Жібек жолының дамуына байланысты Батыс Азиядан несториандар келгені белгілі. Олар да ұлт этногенезіне ықпал етті емес пе?
— Несториандар – христиан дінінен бөлініп кеткен бір секта, топ. Көбіне саудамен айналысқан. Олардың христиандықтан бөлінуінің өз себебі бар. Сондай-ақ, діни секта болғандықтан, олар шіркеуден аластатылып, қазақ жеріне, әсіресе Моңғолиямен және Қытаймен шекаралас аймақтардағы сауда жақсы жүретін жерлерге келді.
Біртіндеп найман, керейлердің арасында үгіт-насихат жүргізіп, олардың бір бөлігін христиан дініне қаратты. Осы тұрғыдан келіп, біз наймандар бөтен этнос, керейлер бөтен этнос деп айтпаймыз. Солай ма? Себебі олар кейіннен қазақ халқының құрамына кірді. Міне, бұл мәселенің осындай нәзік тұсы бар.

— Дегенмен қазақ жерінде этникалық жағынан ерекшеленетін тарихи ескерткіштердің бар екенін ешкім жоққа шығара алмас. Оған ойрат қалмақтарының ескерткіштерін мысалға келтіре аламыз ба?
— Иә. Қазақстанда XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында бой көтерген ойрат қалмақтарының ескерткіштері кездеседі. Кезінде қалмақтардың бір бөлігі буддизмнің ішіндегі ламаизм бағытын ұстанып, қазақ жері арқылы Еділ бойына өткен. Сол кезде жолшыбай бірнеше жерге ескерткіштер салған.  Соның бір мысалы, Семей қаласының негізі – жеті мұнаралы «Дархан-цорджи» деп аталатын ескерткіш тақта. Оның «Ертіс сүмбе» («Эрчисын суме») деп айтылатын ескі атауы да бар. Олар бұл жерге қалмақ ламаизмі дінінің ғибадатханасын салған. Орыстар келгеннен кейін жеті мұнаралы құрылысқа қарап отырып, «Семь палат» деген атау пайда болған.
Сондай-ақ Қарқаралыдағы Кент, кейде Кент-Қазылық деп аталатын таулы жерде Қызыл кеніш аталатын ғибадатхана салынған. Оның құрылысы әлі де бар. Яғни, негізі сақталған. Бұл да қалмақ-ойрат ламаизмінің ескерткіші. Қызыл кеніш ғибадатханасы — XVI-XVII ғасырлардан қалған архитектуралық жәдігер.
Бұған қоса орыс отаршылдығы басталғаннан кейін қазақ жерінде бірсыпыра ескерткіш, көбінесе храмдар, сәулет өнері ескерткіштері тұрғызылған. Бүгінде олардың біразы сақталса, біразы сақталмай, жермен-жексен болған. Мәселен, Алматыдағы Панфиловшылар саябағы деп аталатын жерде тұрған үлкен храмның негізі XX ғасырдың басында қаланған. Бұл жерді де орыстың этникалық-архитектуралық сипаттағы ерекше шешімі деп айтуға болады.
Әр жерлердегі осындай ежелгі, мәселен, Ресей заманында салынған храмдарды этникалық жағынан бөлуге, ерекшелеуге болады. Алайда Қазақстан аумағындағы бүкіл ескерткішті, әсіресе тарихи ескерткіштерді  этникалық жағынан бөлу мүмкін емес.
— Будда дінін қабылдағандардың түркі халықтарының бір өкілі екенін білеміз. Будда ғибадатханаларын салған қалмақтардың ескерткіштері туралы не айтар едіңіз?
— Орта ғасырларда қазақ жеріне будда дінінің келуін, нәтижесінде будда ескерткіштерінің, храмдарының әр жерден, Сыр бойынан, Шығыс Қазақстан өлкесінен табылуын осы жайтпен байланыстыруға болады. Будда дінін қабылдағандардың түркі халықтарының бір өкілдері екені рас. Будда храмдарын салған қалмақтардың өздері кейін қазақ арасына сіңіп кетті.
Қазір қазақтың арасында қалмақ аталатын шағын рулар көп. Олар кезінде қалмақ ғибадатханасында қызмет еткен адамдардың тұқымдары. Ал оңтүстіктегі отырықшы қоныстарда, сарт дәстүрі дейміз бе, шартты түрде өзбек-сарт дәстүрі деп айтуға болатын дәстүр бар. Олар, яғни сарттар, Қазақ хандығының құрамында болды.
Қазақтың байырғы отырықшылары деп айтсақ та дұрыс болады. Осылардың өздерінің ғибадатханалары, ерекше қасиет тұтатын жерлері болады. Егер Қарнақ деген ауылға барсаңыз, имам Бахили дейтін жер, одан әрі қарай Үкаша ата деп аталатын кесене бар. Бұлар өзбек-сарт қауымдарының ежелгі ескерткіштері. Сарт қауымдарының зиярат ететін, құрмет көрсетіп, қасиетті деп санайтын жерлері. Мұндай ескерткіштер оңтүстік аймақта толып жатыр. Алайда ол жерлер бұрын да қазақ жері, Қазақ хандығының құрамында болған. Сондықтан, мұны сарт деп жазсаң да, өзбек деп жазсаң да, қазақтың байырғы отырықшыларының ескерткіштері болып есептеледі.
Бір атап өтерлігі, отырықшылар ескерткіштерінің өз ерекшеліктері бар. Олар далалық архитектурадан бөлек. Негізінен, ерте орта ғасырларда салынған ескерткіштер Шыңғысхан дәуірінде де болған. Кейін Жібек жолы әлсіреген уақытта олар өмір сүруін тоқтатты. Бірақ ол жерлер де түркі тайпаларының, біздің ата-бабаларымыздың қоныстары. Ендеше, оны басқа халықтікі деп бөле алмайсыз. Белгілі бір аймаққа келгенде дінмен бірге өзге халық келмейді, олардың өкілдері, яғни миссионерлер ғана келеді.
Сосын жергілікті халықпен тіл табысып, сауда арқылы, сыйлық беру арқылы сол дінге ақырындап-ақырындап үгіттейді немесе бейімдейді. Мәселен, ислам діні кезінде бізге арабтар, дәлірек айтқанда олардың миссионерлері арқылы келді. Бұл белгілі бір дәрежеде ұлт этногенезіне әсер етті. Бірақ халық ауыспайды. Осыған сәйкес, ежелгі ескерткіштерді этникалық жағынан толықтай бөліп көрсете алмайсыз. Ал кейінгі ескерткіштерді жүйелеуге болады.

«ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНДА 25-30 ПРОЦЕНТКЕ ДЕЙІН АРИЙЛІК НЕГІЗ САҚТАЛҒАН»
Қызыл Кеніш сарайы (13-15 ғғ).
Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Кент тауының шығыс жағында орналасқан архитектуралық ескерткіш
«ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНДА 25-30 ПРОЦЕНТКЕ ДЕЙІН АРИЙЛІК НЕГІЗ САҚТАЛҒАН»
Домбауыл кесенесі. XVI-XVIII ғғ

Ләйла ЕДІЛ

Мақалада: «ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНДА 25-30 ПРОЦЕНТКЕ ДЕЙІН АРИЙЛІК НЕГІЗ САҚТАЛҒАН»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

22.12.2025
Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, ВІ Group компаниясының негізін қалаушы Бауыржан Исабаев,...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

22.12.2025
Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

Өңірде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұл бастама Мемлекет басшысының 2024 жылғы Қазақстан халқына...

Толығырақ...Details

Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

22.12.2025
Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

Semeytany.kz - Семей қаласында «Pana Unique Semey» бес жұлдызды қонақ үй және мейрамхана кешені ашылды. Жоба аясында 1890 жылы ағайынды...

Толығырақ...Details

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

22.12.2025
Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

Semeytany.kz - Абай облысының Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Бекет ауылының көптен күткен арманы орындалды: орталық су жүйесі іске қосылды

22.12.2025
Бекет ауылының көптен күткен арманы орындалды: орталық су жүйесі іске қосылды

Semeytany.kz - Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданындағы Бекет ауылына арнайы барып, жаңадан салынған су құбыры жүйесінің жұмысымен танысты. Елді...

Толығырақ...Details

Мақаншыда 27 жыл бойы “сақалды құрылыс” болып тұрған ғимарат дәрігерлік амбулаторияға айналды

22.12.2025
Мақаншыда 27 жыл бойы “сақалды құрылыс” болып тұрған ғимарат дәрігерлік амбулаторияға айналды

Semeytany.kz – Шекара шебіндегі Мақаншы ауданының орталығында 27 жыл бойы аяқталмай тұрған үш қабатты ғимарат қайта жаңғыртылып, дәрігерлік амбулатория ретінде...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

19 часов бұрын

Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

19 часов бұрын

Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

21 час бұрын

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

22 часа бұрын

Бекет ауылының көптен күткен арманы орындалды: орталық су жүйесі іске қосылды

22 часа бұрын

Мақаншыда 27 жыл бойы “сақалды құрылыс” болып тұрған ғимарат дәрігерлік амбулаторияға айналды

22 часа бұрын

Үржарда 10 орындық күндізгі стационары бар жаңа амбулатория ел игілігіне берілді

22 часа бұрын

Ер-Қабанбайға жаңа медпункт ашылып, ауыл алғаш рет таза ауыз суға қол жеткізді

22 часа бұрын

Ауыз су, бюджет және қолжетімді орта: облыстағы өзекті жоспарлар пысықталды

22 часа бұрын

Семейде «Достық-2025» байқауының үздіктері марапатталды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС