"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ТУРИЗМІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

02.07.2022
АУЫЛ ТУРИЗМІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде туризм саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

Бүгінгі таңда Катонқарағай ауданындағы экологиялық және ауылдық туризмді дамытудың болшағы зор, онда жалпы ұзындығы 680 шақырым болатын 14 туристік маршрут пен соқпақтар шоғырланған (оның ішінде атпен – 333, жаяу – 247, автокөлікпен – 100 шақырым).

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданда ауылдық туризмді дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқанның ақпаратында айтылды.

– Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Берел ауылының 24 тұрғынына кәсіпкерлік негіздерін оқыту шарасы ұйымдастырылды. 18 жеке кәсіпкер тіркелді, оның 15-і «Еңбек» бағдарламасы бойынша 583 мың теңгеден грант алды (жалпы сомасы – 8,7 млн теңге). 1 жобаға «БЖК – 2025» бағдарламасы бойынша 5 млн теңге грант берілді (ЖК Алтай pro Орлов в.). Бұдан бөлек, «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қоры әрбір кәсіпкерге 500,0 мың теңгеден (жалпы сомасы – 9 млн теңге) гранттар берді. Аталған қаражатқа кәсіпкерлер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаздарды жаңартты, атпен серуендеуді ұйымдастыру үшін жылқылар сатып алды, – деді аудан әкімі.

Аудан биылғы жылдың маусым айынан бастап алғашқы туристерді қабылдай бастаған. Үлкен Нарын ауылында туристік-ақпараттық орталық құру бойынша жоба іске асырылуда, ол өзіндік туристік хабқа – 10 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жергілікті туристік өнімдер туралы ақпарат беру жөніндегі сервистік қызметке айналмақ. Орталық ағымдағы жылдың желтоқсан айында ашылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 12 млрд теңге қаржыға 20 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Жоба аясында Катонқарағай ауданының Өрел ауылында 1,5 млрд теңгеге 150 төсек-орындық «Мұзтау» туристік кешені ашылған.

Жиын барысында күн тәртібіндегі өзекті тақырыпқа қатысты жазғы және қысқы маусымдардағы туристік орындары мол Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сергей Охременко, Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев өз аумақтарында туризмді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Олардың сөзінше, барлық бағыттар бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

– Шығыс Қазақстанда туризм саласын дамытуда дұрыс жұмыс атқарылып жатыр. Алайда әлі де дамыта түсу қажет. Оған мүмкіндік мол. Мысалы, Катонқарағай ауданында 15 кәсіпкер грант алды дедік. Олардың ауданға қандай, қанша пайда әкелгенін есептеген адам бар ма? Егер тағы талаптанушылар болса, олардың санын отызға дейін жеткізуге болады. Берел қорғанына туристер тартуды, Катонқарағай ауылындағы жартылай бос тұрған аурухананы Шығыс медицинасымен емдейтін орталыққа айналдыруды дұрыстап әрі тездетіп ойластыру керек. Сондай-ақ Самар ауданының Сарыбел ауылының жанындағы құмды жағажайды да үлкен демалыс орнына айналдыруға болады. Ол жердегі құрылыстарды бейберекет салғыза бермей, бір типтес, көрікті демалыс үйлерін салдыруды бақылау қажет. Алдағы уақытта ол жерден жер учаскесін беру жағын да бақылап, неғұрлым әлеуетті, қолынан іс келетін кәсіпкерлерге ұсыну қажет. Марқакөлдің, Риддердің, Алтай ауданының көрікті орындары туризмді дамытуға өзі-ақ сұранып тұр. Міне, осының бәрі тиісті басқарманың аталған аудандар мен қала әкімдерінің алда бірлесіп атқаратын жұмысы. Туризмді дамыту үнемі бақылауда болатын маңызды сала, – деп түйіндеді сөзін  ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: АУЫЛ ТУРИЗМІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

28 минут бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС