"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

19.07.2022
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
49
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында тәуелсіздігін алған Қазақстан
Республикасы түбегейлі саяси-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырды.
Қоғамдық өмірді нарықтық экономика мен демократиялық басқару прин- циптеріне сай өзгерту көптеген қарама-қайшылықтар мен қиындықтар
туғызғандығына қарамастан тарихи қажеттілік еді.

Әлемдік тарихи даму талаптары келесідей қоғамдық болмыстың төрт негізгі саласын айқындап беріп отыр. Олар —
экономикалық, саяси, әлеуметтік және
рухани салалар. Бұл салалар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бір
саладағы өзгеріс ерте ме, кеш пе, басқа
салалардағы өзгерістерге әкеледі. Кез
келген қоғамның тұрмыс-тіршілігі ең алдымен материалдық өндіріспен байланысты. Сондықтан ел экономикасын нарықтық қатынастарға қарай бұру,
халықтың экономикалық белсенділігін
арттыру бастапқы кезде кезек күттірмейтін
мәселе болды. Сонымен қатар саяси салада да күрделі бетбұрыстарды жүзеге
асыру қажет-тұғын. Осы мақсатқа сәйкес
жаңа Конституция қабылданды. Ата
Заңымызда Қазақстан Республикасы
адам құқықтары мен бостандықтарына
кепілдік беретін зайырлы мемлекет деп
бекітілді. Посткеңестік дәуірден кейін адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғауда 1992 жылы қабылданған ҚР
«Сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңының маңызы зор
болды. Тоталитарлық режимнен кейін- гі бұл заң азаматтардың дінге қатысты
айқындалуына толық еркіндік берді,
сөйтіп, мемлекеттік атеизм келмеске кетті.
Заң қабылданғаннан бергі 30
жылда еліміздегі діни ұйымдар мен
бірлестіктердің саны геометриялық прогрессияда өсе бастады. Қазіргі таңда
Алматы қаласының өзінде 240-тан
астам діни бірлестіктер бар екен, оның
150-ге жуығы христианшылдықтың
протестанттық бағытына тиесілі, 40-тан
астамы – мұсылман, 16–сы орыс православиелік шіркеуінікі, 6-уы римдіккатоликтік, 3-уі иудаизмнің әр түрлі
бағыттарына тиесілі. Осыған дейін
еліміздегі дәстүрлі діндер арасындағы
қарым-қатынас тұрғылықты халық арасында соншалықты күрделі мәселелер
тудырмаған еді. Ал жаңа бағыттағы
діндердің әрекетіне тұрғындардың
көзқарасы бірдей емес. Жастар арасында жүргізілген соңғы әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, сауалнамаға жауап
бергендердің діни тиесілікті өзгертуіне
45,4% «қарсымын», 35,9 % «қарсы болмаймын», 18,6 % «бәрібір» деп жауап берген. Сонымен қатар жас қазақстандықтар
өзіндік бірегейлігін анықтауда азаматтық
белгіге басымдылық берген (54%),
яғни өзін Қазақстан азаматымын деп
анықтаған. Ал діннің қоғамға ықпалын
респонденттердің 44,1% оң бағаласа,
11,3 % теріс бағалаған. Сауалнамаға
қатысқандардың басым көпшілігі (66,5%)
өздерін «енжар діншілдер» деп санаса (мен дінге сенемін, бірақ діни өмірге
араласпаймын), 10,8%-ы «белсенді діншілдер» (мен дінді ұстанамын,
діни қауымның мүшесімін және діни
рәсімдерді сақтаймын), 9,8 %-ы діни
сенімге құрмет көрсететіндер, 9,2%-ы
дінге сенбесе де дәстүр бойнша діни
рәсімдерді ұстанатындар, 3,4%-ы діни
мәселелерге немқұрайлылар, 0,4%-ы
«атеистер» қатарына жатқызған. Бұл
зерттеулер қоғамда толеранттылық
деңгейі жоғары екендігін көрсете отырып азаматтардың құқықтық мәдениетін
жетілдіру қажеттілігін де байқатады.
БАҚ-тың мәліметтеріне жүгінсек,
еліміздің тұрғындарын жаңа діндердің
белсенділігі алаңдататындығы
байқалады. Әсіресе республикамыздағы
дәстүрлі болып табылатын ислам
және православие дінінің өкілдері
жаңа діндердің таралуына қауіппен
қарайтындығын аңғару қиын емес.
Тоталитарлық құрсаудан шыққан
тәуелсіздіктің алғашқы жылдары діни
сенімдердің шектелуін демократиялық
нормалардың бұзылуы деп бағалаған
болсақ, қазіргі кезде кейбір діни
бағыттардың демократиялық принциптерге қайшы келетіндігі, тіпті адам
құқықтарын елеп-ескере бермейтіндігі анық болып отыр. Осыны ескерген билік экстремистік бағыттағы діни
ұйымдарға тыйым салды. Атеизм мемлекеттік идеология болып табылған
кеңестік жүйеден шыққан жас мемлекеттерде азаматтардың дін, діннің шын мәні
туралы білімдері таяз болып шықты.
Сондықтан сыртқы бітімі «жалтырап»
тұрған, ел басына түскен ауыртпалықты
діни тұрғыдан интерпретациялаған «кірме» діндер етек жайды. Экономикамыз
тұралап, рухани құндылықтар
көмескіленіп қалған жылдары бұл жаңа
діни бағыттар халықтың әлеуметтік аз
қорғалған топтарына гуманитарлық,
мейірімділік, қаржылай көмек көрсету
арқылы да өз топтарына тартқаны жасырын емес. Екінші жағынан, сыртқы
инвестицияларға зәру болған мемле- кетімізде миссионерлер әрекетіне көз
жұмып қарағаны да рас. Осы уақыттарда
сыртқы қаржылық құйылымдармен
қатар шетелдік миссионерлер де ағылып
келе бастады. Белгілі бір деңгейде
олардың әрекеті мемлекет пен қоғамның
тұрақтылығына нұқсан келтіріп, негізін
шайқалтатыны күмән келтірмейді.
Ал халық руханилығына жат
құндылықтардың қоғамның прогрессивті дамуына оң ықпал ететіндігі өте үлкен күмән келтіреді. Қазіргі
қоғамымызда орын алып отырған діни
процестердің бәрі бірдей емес. Жаңа
діндердің қоғамға ықпалын ғалымдар
төмендегідей бағалайды: «Біздің
қоғамымызда бұрын болмаған діни
конфессиялардың Қазақстанға келуін
қазақстандықтардың мәдени бірегейлігін белгілі бір деңгейде ерікті немесе
еріксіз шайқалтатын жаһанданудың салдарына жатқызуға болады». Осы жерде
атақты ағылшын тарихшысы Тойнбидің
«Батыс өркениеті экономика мен саясат
саласына өз ықпалын таратып болды,
енді қалғаны мәдениет саласы» деген
ойы еріксіз еске түседі.
ХХІ ғасырдың ақпарат және
ақпараттық технологиялардың
ғасыры екені белгілі, сондықтан
қарсыласын бағындырудың басты
құралы ретінде идеологиялық форматтар алдыңғы қатарға шығуда. Ал
дін ең пәрменді идеологиялардың бірі
екендігі талас тудырмайды. Әрине,
жаһандану дәуірінде біздің әлемдік
процестерден шет қала алмайтынымыз белгілі. Сондықтан ендігі кезек- те тәуелсіздігіміздің ақпараттық және
мәдени-рухани аспектілеріне де жете
көңіл аударуымыз қажет. Бұл тұрғыда
дін мәселесінде де дәйекті әрі жанжақты таразыланған саясат ұстанған
абзал. Мемлекеттің тұрақты дамуының
басты кепілі — қоғамдағы тұрақтылық.
Сондықтан қазіргі таңда зайырлы мемлекет үшін азаматтық бірегейлік басты
белгі болып табылғанымен, діннің де
қоғамдық процестерге пәрменді ықпал
ететінін естен шығармаған абзал.
Қазақстан Конституциясы гуманистік,
демократиялық принциптерді жария- лап қана қоймай, оларды әлеуметтік
өмірдің барлық салаларында жүзеге
асыру механизмдерін де жан-жақты
қарастырған. Алайда кейбір «жаңа діни
ағымдардың өздерінің діни ілімдері мен
түсініктерін сіңіруге талпынатындығы
республика тұрғындарын қынжылтады.
Гуманитарлық зерттеулер орталығы
Алматы қаласында жүргізген ҚР
этноконфессионалдық саласындағы
мониторингі «жаңа діни культтердің таралуына өз көз қарасыңызды білдіріңіз»
деген сұраққа респонденттердің 24,6%-
ы «олар Қазақстан мәдениеті үшін еле- улі қауіп төндіреді», 21%-ы «ешқандай
жасанды кедергілер жасап қажеті
жоқ, адамдар діни нанымды еркін
таңдаулары қажет» деп жауап берген.
Алайда адамдардың бәрі бірдей еркін таңдау барысында белгілі бір дінді
қалап алады деп айту қиын. Сондықтан
мемлекет пен қоғам азаматтардың
психикалық саулығына да аса көңіл
бөлуі керек. Өйткені жастардың көбі
танымдық қызулықтың салдарынан,
сондай-ақ қарым-қатынастың, отбасы мен жақындарының оларға жеткілікті көңіл бөлмеуі, яғни өтпелі
кезеңде туындайтын психологиялық
қиыншылықтардың салдарынан да
жаңа діндерге еріп кетеді. Осыған орай,
мектептер мен басқа да оқу орын- дарында ұлттық тәрбие мен рухани жетілуге көп көңіл бөлуіміз қажет.
Қазақстанның болашағы ұлттық мақсатмүддемізге сай келмейтін діни идеялармен уланбаған, жан-жақты терең білімді
жастардың қолында. Христофор Колумб
Америка құрлығын ашқаннан соң, жергілікті халықты отарлау саясаты христиандандыру саясатымен қатарласа
жүзеге асырылған еді. Оның нәтижесі
бәрімізге белгілі. Ал қазіргі кезде бұл
саясаттың тәсілдері мен формасы
өзгергенімен, мазмұны сол қалпында
қалды. Сол дәуірде христиандықты
зорлықпен күштеп таңудың барысында христиандықты қабылдаған
халықтардың басым көпшілігі тарих
толқынында құмға сіңген судай жойылып кетті. Ал қалғандарының көсегесі
көгерді деп айту қиын. Мемлекетіміз бен
ұлтымыздың болашағын ойласақ, бұл —
ойланатын жайт. «Дінінен айырылған
халық ұлттық қасиетінен де ажырайды,
ұлтсыздандырылған халық дінінен, ділінен айырылатыны белгілі…. Ал үстемдік
жасаған ұлт өркениеттер алмасуы,
білім мен ғылым тарату сияқты желеумен кейде ашық, кейде жасырын түрде
өз дінін, өз тілін енгізеді». (Айталы А.
Ұлттану. – А.: «Арыс». 2000. – 145-бет)
Дін — ұлт мәдениетінің ажырамас
құрамдас бөлігі. Бұл — аксиома. Алайда
діннің қоғам дамуындағы рөлін асыра
әсірелеу де жақсылыққа әкеле бермей- ді. ХХ ғасыр басындағы қазақтың зиялы азаматтары мұны жақсы түсінді және
сондықтан мемлекеттің зайырлы сипатына зор мән берді. «Ұлттық интеллигенция, бір жағынан, өз халқының мем- лекеттілігін, мәдениетін, тілін, білімін
діннен жоғары қойды. Ояна бастаған
ұлттық сананың діни клерикализм жете- гінде кетпегенін қалады. Екінші жағынан,
түрік, мұсылман өркениетінен алшақтау
ұлтсыздандыруға, төлтума ерекшеліктерден айырылуға апаратын жол екенін
түсінді». (Сонда, 149-150-б.) Осы кездер- де Ресейдің мұсылман халықтарының
алдыңғы қатарлы өкілдері арасында
пайда болған жадишілдік қозғалысы да
діни догматизммен шектеліп қалмай,
адамның творчестволық ойлау, рухани іздену, діни және зайырлы мәдениет
элементтерін ұштастыру мәселесіне көп
көңіл бөлді.
Діни білімі терең адамдардың өзі
әрқашан қоршаған ортаны тануға
мүмкіндік беретін ғылымдарды игеруге
үлкен мән берген. Сондықтан діни және
зайырлы мәдениеттер бір-біріне қайшы
келмейді, қайта бірін-бірі толықтырып
отырады. Өкінішке қарай, әр түрлі діндер ғана емес, бір дінді ұстанатын
адамдардың өзі ымыраға келе алмай жатады. Мысалы, қазір республи- ка тұрғындарының 70%-ға жуығы ислам дінін ұстанады деп жүрміз. Алайда
соңғы кездері мұсылман қауымының
арасындағы алауыздықтың ушығып
бара жатқандығы да жасырын емес. Көп
жағдайда бұл діни білімнің таяздығы мен
біржақтылығынан, сонымен қатар жергілікті халықтар дәстүріндегі исламның
ерекшеліктерін дұрыс түсінбеуден туындайды. Исламның таралуы барысын- да жергілікті дәстүрлер мен ислам өзара
бейімделу үрдістерін бастан кешірді. Ескі
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер исламның
негізгі қағидалары қазақ хандырының
жарғыларына енді, үкім шығаруда
қазылар Ханафи мәзхабының үлгілеріне
сүйенеді. Қазіргі таңда шет елдерде
(әсіресе араб елдердерінде) діни білім
алып келген жастар Қазақстандағы исламды сол елдердің дәстүрі тұрғысынан
бағалап, түсіндіруге бейім және бұл
түсініспеушілікке алып келеді.Сондықтан
білім беру жүйесінде сұхбаттық
мәдениетке, басқаның көзқарасын
бөліспеген күнде де оппонентіңді сыйлай
білуге баулудың маңызы зор.

Әділ МАРХАБА,
Семей көп салалы колледжі
оқытушысы, исламтанушы

Мақалада: ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Ұқсас жаңалықтар

«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

02.02.2026
«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа «Ақ жол»...

Толығырақ...Details

Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

02.02.2026
Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

Semeytany.kz - Мәжіліс қабырғасында «Ауыл» партиясы фракциясының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы және оған енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланды....

Толығырақ...Details

Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

02.02.2026
Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

Бүгін Семей қаласында шаңғы жарысынан «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» қалалық чемпионаты өтті. Спорттық додаға 200-ге жуық спортшы қатысты....

Толығырақ...Details

НПК фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

02.02.2026
НПК фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

Мәжілісте Қазақстанның Халық партиясының депутаттық фракциясы отырысы өтіп, онда парламентарийлер Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қарады. Фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов...

Толығырақ...Details

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

02.02.2026
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының...

Толығырақ...Details

ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқылап, әлеуметтік бағытты күшейтуге басымдық берді

02.02.2026
ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқылап, әлеуметтік бағытты күшейтуге басымдық берді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратында ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы жан-жақты талқыланды. Жиын барысында кеңес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

2 часа бұрын

Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

2 часа бұрын

Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

2 часа бұрын

НПК фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

4 часа бұрын

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

4 часа бұрын

ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқылап, әлеуметтік бағытты күшейтуге басымдық берді

4 часа бұрын

Жаңа Конституция жобасы ғылым мен адам әлеуетін дамытуға жол ашады — академик Эрлан Батырбеков

5 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды

7 часов бұрын

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС