"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРМЕН ТАНЫСУЫ ЖАЛҒАСУДА

09.08.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРМЕН ТАНЫСУЫ ЖАЛҒАСУДА
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның сенбі және жексенбі күндері Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласы мен Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барды

КУРЧАТОВ

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласындағы іссапарында бірқатар нысандарды аралады. Нұрлан Ұранхаев ат басын бұрған алғашқы нысан Курчатов қалалық ауруханасы болды. Бүгінде бұл мекемеде медициналық көмек көрсететін 23 дәрігер мен 79 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында қала бойынша жалпы өлімжітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 3,8 пайызды құраған, 6 айда ана мен бала өлімі тіркелмеген. Қазіргі таңда ауруханада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухананың бас дәрігері Дәурия Садыбекова төрт қабатты ғимараттың айналасы жарықтандырылмағанын және кадр тапшылығы мәселесі бар екенін жеткізді. Аймақ басшысы алдағы уақытта қажетті мамандарды облыстан тарту көзделетінін айтып, қала әкіміне бұл бағыттағы жұмыс барысын қадағалауға тапсырма берді. Сонымен қатар Нұрлан Тельманұлы Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорнының №1 қазандығына болды. Кәсіпорын директоры Арман Тоқпақов облыс әкіміне қаланың жылыту жүйесі бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, қалада 78 тұрғын үйді және 44 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз ететін 4 қазандық бар. Дегенмен алдағы уақытта қосымша нысандардың іске қосылуына байланысты қаладағы қазандықтардың қуаты жеткіліксіз болады. Осыған орай, 2016 жылы 5,3 млрд теңгеге жаңа қазандық салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мен құжаттамасы дайындалған. Алайда бұл жоба қаржыландыру көзінің болмауына байланысты жүзеге аспай қалған екен. Бұдан кейін аймақ басшысы «Курчатов Водоканал» мекемесінің сүзгі-сорғы станциясына барды. Бұл станция 1968 жылы салынғандықтан, бүгінде тозығы жеткен, сондықтан күрделі жөндеуге сұранып-ақ тұр. Мамандардың айтуынша, үздіксіз сумен жабдықтау үшін федералды салық қызметін жаңғырту қажет. Жобалықсметалық құжатты әзірлеу және зерттеу үшін «Хайман» компаниялар тобы» ЖШС жобалаушылары шақырылған, зерттеу қорытындысы бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін баға ұсынылатын болады. «Сүзгі станциясын жаңғырту қажет. Біз жаңа су қоймасын іске қосқымыз келеді, ол үшін станцияны 5000 текше метрге қайта құру керек», — деді станция өкілдері. Тұрғындардың айтуынша, құбырдан алынатын су таза болғанымен, жөндеу жұмыстары кезінде халық 3 күнге дейін сусыз отыруға мәжбүр. Сүзгі-сорғы станциясынан кейін Нұрлан Тельманұлы «Тополёк» 120 орындық балабақша ғимаратын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Мұндағы жөндеу жұмыстары барысында ешқандай қиындықтар кездеспеген. «Радиал Лимитед» ЖШС директоры Владимир Лидің айтуынша, ғимарат осы жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Сондай-ақ Нұрлан Ұранхаев «Ядролық технологиялар паркі» АҚ жұмысымен танысты. Бүгінде ядролық парк суды 5 жылға дейін ұстап тұра алатын өнертабыс ойлап тапқан. — Қазір бұл жобаны ауыл шаруашылығында қолданып жүрген шаруашылықтар да бар, — дейді парк төрағасы Александр Борисенко. Курчатовқа сапары барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жер, су, рухани мәселелер көтеріліп, қала тазалығы сөз болды. Жиын басында қала әкімі Курчатов қаласының қазіргі тыныс-тіршілігін баяндап, халық алдында есеп берді. Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 маусымына халық саны 12 350 адамды құраған. Қала өнеркәсібі дәстүрлі түрде тау-кен өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. — Биыл 1 шілдеде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 млрд 588,6 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі — 71,9%. Қаңтар-маусым айлары аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша жоспар-тапсырма 1 млрд 671,8 млн теңгені құрады, бұл жоспар-тапсырма 83,2 млн теңгеге аз (95,0%) орындалды. Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, өңдеу өнеркәсібінде 388 млн 300 мың теңге сомасына өнім өндірілді. Ағымдағы жылдың 6 айында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 48 бірлікке артып, 446-ға жетті, өсу қарқыны 112 %-ды құрады , — деді қала әкімі Олег Чугунков. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына тоқталған қала әкімі 353 адамның тұрғын үй кезегінде тұрғанын жеткізді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында №1 жаңа шағын аудандағы 100 тұрғын үйде инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, сумен, электрмен жабдықтау, кәрізбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат әзірленген. «Моноқалаларда инвестициялық бюджеттік жобаларды іске асыру» бағдарламасы шеңберінде 241,7 млн теңге сомасына «№1 шағын ауданды кварталішілік желілердегі электрмен жабдықтау» жобасы аяқталған. — Полиция бөлімі қала аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. 2022 жылдың 6 айында тіркелген қылмыстардың 15,2%-ға немесе 33-тен 28-ге дейін төмендегені байқалады, қылмыстардың жалпы ашылуы 69,9 % (2021 ж. — 75,9 %), ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100,0 %-ды (2021 ж. — 85,7%) құрады. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жалпы саны 180, барлығы полиция бөлімі кезекшісінің бақылауында, — дейді шаһар басшысы. Кездесу соныңда облыс әкімі тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларды қабылдады. Кездесу аяқталғаннан соң, аймақ басшысы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысып, «Курчатов – ғылыми қала» тұжырымдасы аясында ұйымдастырылған жиынға қатысты. — Бүгінгі таңда Курчатов қаласы ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом, термоядролық және сутегі энергетикасы сияқты перспективалы төмен көміртекті және экологиялық таза энергетикалық технологияларды дамытудың, сондай-ақ радиоэкологиялық бағыттағы зерттеулердің республикалық ғылыми орталығы болып саналады. Курчатов ғылыми қалашығының одан әрі дамуы дәл осы бағыттармен байланысты болуы мүмкін, — деді ҚР Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков. Өз сөзінде Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласында еліміздің ғылым саласын дамыту бойынша университет ашылатынын жеткізді. 2022 жылы аула аумақтарында 15 жарықтандыру тірегін орнату бойынша жұмыстарды жалғастыру көзделген. Қазіргі уақытта «Магнат» ЖК-мен 2980,0 мың теңге сомасына шарт жасалды, жұмыстарды 2022 жылғы 28 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы аясында осы жылдың 25 тамызына дейін Победа көшесіндегі Халықтар достығы саябағына 5 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделуде. Школьная көшесінде 48 пәтерлік тұрғын үйді қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленген, аталған жобаның құны 279,6 млн теңгені құрайды. — Қала – шағын, әдемі. Алдағы уақытта мұнда тиісті жөндеу жұмыстары басталатын болады. Қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталды, облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлінеді. Жол мәселесі де шешіледі. Ал АЭС салу жоспарына келсек, бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып, білген де шығарсыздар. Атомды бейбіт түрде қолдану – еліміз үшін үлкен инвестиция, мемлекетіміздің одан әрі дамуына бірден-бір қадам. Егер елімізде АЭС салынатын болса, оған білікті мамандар қажет. Сондықтан Курчатов қаласында жоғарғы оқу орны салынуы әбден мүмкін, себебі қалада қажетті құралдардың барлығы дерлік бар, — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев сөзінің соңында.

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРМЕН ТАНЫСУЫ ЖАЛҒАСУДА

БОРОДУЛИХА

Аймақ басшысының Бородолиха ауданындағы сапары «Е.Зайтенов» шаруа қожалығында және Орлов кенішінде басталды. Сондай-ақ ауданға қарасты екі ауылда салынып жатқан саябақ пен хоккей кортының құрылыс барысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жұмыс сапарын аудандағы нысандарды аралаудан бастады. Нұрлан Тельманұлы ең алдымен «Е.Зайтенов» шаруа қожалығына барды. Бұл шаруа қожалығы 2001 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Семей, Жезкент, Өскемен қалаларының тұрғындарына аталған шаруа қожалығында өндірілген сүт, қаймақ, май, ірімшік, шұжық өнімдері бұрыннан танымал. Бүгінде шаруа қожалығының меншігінде 12 мың гектар ауылшаруашылық алқаптары бар. Қожалық басшысы Ерлан Әмірбекұлы шаруа қожалығының техникалық жабдықталуын және өнімдерін таныстырды. Келесі кезекте Нұрлан Ұранхаев аудан орталығындағы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. Спорт нысанының жалпы ауданы – 8685,1 шаршы метр, бассейн ауданы 797,5 шаршы метрді құрайды. Іссапар аясында облыс әкімі аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесу өткізді. Кездесуде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасы, инфрақұрылымдық даму, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, жол және тұрғын үй құрылысын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты бірқатар проблемалық мәселелер сөз болды. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин ауданның осы жылдың І жарты жылдығындағы әлеуметтікэкономикалық дамуы туралы баяндады. Облыс басшысы Нұрлан Тельманұлы жаңадан құрылған облыстың алдағы жоспарлары мен даму перспективалары туралы айтып берді. — Бородулиха ауданы облысымызды азықтүлікпен қамтып, ауылшаруашылық саласының дамуына үлкен үлесін қосып отыр. Бұл әсіресе қазіргі уақытта, әлемде қалыптасқан экономикалық қиындықтар мен қымбатшылық жағдайында ерекше сезіліп отыр. Сол себепті ауданның шаруалары мен еңбекқор халқына ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Бүгінгі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында ауданның үлесі – 18%. Өсу қарқыны бар. Дегенмен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісін жалғастырып, нақты мақсатына қарай қолдану керек, — деді облыс әкімі. Ауыл тұрғындары ауыз судың сапасына, мәдени орындардың жоқтығына, әсіресе жолдардың нашарлығына шағымданды. Жарықтандыру мәселесі де көтерілді. Облыс әкімі аталған мәселелердің шешімін қарастыруды аудан басшысына тапсырды. — Жалпы, жол мәселесі қайда барсаң да өзекті. Өзім де сол жолдармен жүремін, мәселемен жақсы таныспын. Халықтың наразылығы орынды. Бұл мәселені біз Мәжіліс пен министрліктер деңгейінде қарастырдық. Жауапты органдарға мәселенің шешімін табу тапсырылды, — деді Нұрлан Ұранхаев. — Бұдан басқа ғаламтор желісі, ауыз су, жұмыссыздық мәселесі бар. Оларды да шешуіміз керек. Себебі бұның барлығы, ең алдымен, халықтың тұрмысына әсер етеді. Кездесуден кейін Нұрлан Тельманұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың сапары «Семей Орманы» орман табиғи резерватында жалғасты. Резерват 1968 жылы құрылған. Жалпы ауданы 52,767 гектарды құрайды. Жұмыстың негізгі бағыты – орманды қалпына келтіру және орман өсіру, ормандарды өрттен, аурулар мен зиянкестерден қорғау, жабайы жануарларды қорғау. Ұжыммен кездесуде қызметкерлер облыс басшысынан суару жүйесін ауыстыруға көмек беруді сұрады. Бұл қарағай көшеттерін сапалы өсіру үшін қажет. Бүгінгі күні орман резерватында кадр жетіспейді. Негізі, 3 гектар жерде 30 адам еңбек етуі тиіс болса, қазіргі таңда 12 адам ғана жұмыс істеуде. Бұған жалақының төмендігі себеп болып отыр. «Семей Орманының» Бородулиха филиалының директоры Арман Утегенов кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін аудандағы колледжде қажетті мамандар дайындауды ұсынды. Облыс басшысы бірлесе жұмыс атқарылса, бұл ұсынысты іске асыруға болатынын айтты. Бұл күні Абай облысының әкімі Бородулиха колледжіне де барды. Білім беру мекемесі аспаз, механизатор, дәнекерлеуші сынды жұмысшы мамандықтарын дайындайды. Бүгінгі таңда мұнда 140 студент білім алуда. Колледж жанында 2007 жылы пайдалануға берілген жатақхана бар. Оқу орны басшылығының айтуынша, колледж бұрынғы тұрмыстық комбинаттың бейімделген ғимаратында орналасқан. Оқу корпусы мен жатақхананы жөндеуге қаражат қажет. Осыдан соң Нұрлан Ұранхаев Жезкент кентіндегі «Шығыстүстімет» ЖШС өндірістік кешенінде болды. Мұнда мыс-полиметалл кені жабық тәсілмен өндіріледі. Кеніш 1977 жылдан бері жұмыс істейді. Компания құрамына 1996 жылы кірді, бұған дейін Жезкент тау-кен байыту комбинатының құрамында болды. Кеніште жылына 900 000 тонна кен өндіріледі. Орлов өндірістік кешенінің техникалық директоры Хан Александрович өндіріс және алдағы перспективалары туралы айтып берді. Облыс басшысы барған келесі нысан 1930 жылы негізі қаланған «Белағаш ұн тарту комбинаты» болды. Кәсіпорын тәулігіне 60 тоннаға дейін әр түрлі сұрыпты ұн өндіреді. 2013 жылы комбинат банкротқа ұшырап, 2016 жылы жұмысын қайта жандандырды. Мұнда бүгінгі күні 43 адам еңбек етеді. Нұрлан Ұранхаев Зенковка ауылындағы саябақтың құрылысымен де танысты. Саябақ шаруа қожалықтары басшыларының, жеке кәсіпкерлердің және ауыл тұрғындарының қаражаты есебінен салынуда. Қазіргі уақытта «Белгісіз солдат» ескерткіші қалпына келтіріліп, 300-ден астам ағаш отырғызылды. Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарын «Хоккей» модулінде аяқтады. 2017 жылы пайдалануға берілген бұл модульді жергілікті кәсіпкер Константин Поп өз қаражаты есебінен салдырған. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапары барысында келелі мәселелер көтерілгенін атап өтті. Нұрлан Тельманұлы аудан басшылығымен және облыстық басқармалармен бірлесе отырып қойылған сауалдардың шешімін қарастыратынын айтты.

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРМЕН ТАНЫСУЫ ЖАЛҒАСУДА

Талшын ҚАЛИАСҚАР,
Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таң
ы»

Ұқсас жаңалықтар

КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

16.01.2023
КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ Өткен сенбіде Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ, «Семей...

Толығырақ...

65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

15.11.2022
65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

Өткен жұма, 11 қараша күні Абай облысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен  келді. Министр алдымен облыс әкімі...

Толығырақ...

Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

01.11.2022
Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

Абай облысында бірқатар департаменттің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Semeytany.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысының...

Толығырақ...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

31.10.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

Көкпекті 29-30 қазан күндері облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті және Ақсуат аудандарына жұмыс сапарымен барды. Аймақ бас- шысы алдымен жергілікті...

Толығырақ...

БИЫЛ 276 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

04.10.2022
БИЫЛ 276 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгінде Абай облысында баспана кезегінде 18 мыңға жуық адам тұр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл мемлекеттік...

Толығырақ...

Абай облысында ардагерлер кеңесінің Конференциясы өтіп, Кеңес құрамы мен төрағасы сайланды

04.10.2022
Абай облысында ардагерлер кеңесінің Конференциясы өтіп, Кеңес құрамы мен төрағасы сайланды

Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының басшылығы, облыстың 2 қаласы мен 8 ауданынан анықталған делегаттар, мемлекеттік қызмет, ғылым-білім, мәдениет пен спорт, әлеуметтік...

Толығырақ...

Жаңалықтар

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСУ ТӘРТІБІН БІЛЕСІЗ БЕ?

4 дня бұрын

«БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

5 дней бұрын

Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

7 дней бұрын

Орталық саябақтағы көгалдар автоматты суару жүйесіне қосылды

7 дней бұрын

Хабарландыру

7 дней бұрын

Абай облысында «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 неделя бұрын

Жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

1 неделя бұрын

Бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықтады

1 неделя бұрын

Абай облысы әкімі «Елімай» командасын Премьер-лигаға өтуімен құттықтады

1 неделя бұрын

Абай облысында пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС