"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БАРЛЫҚ ДАНАЛЫҚ КІТАПТА»

12.08.2022
«БАРЛЫҚ ДАНАЛЫҚ КІТАПТА»
42
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы Абайдың туған күні қарсаңында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Барлық даналық кітапта» атты әдеби көрме — экспозиция ашылды. Әдеби экспозицияда «Ғасырлармен үндескен асыл қазына», «Абай әлемі – жауһар туындылар кітапханасы» және «Ұлы даланың ұлы қаламгері» атты кітап көрмелері ұсынылды.

Алдымен қонақтарға «Абай әлемі – жауһар туындылар кітапханасы» тақырыбымен «Абай әлемі» кітаптар топтамасы ұсынылды. Еске сала кетейік, 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Абай әлемі» жобасының мақсаты – Абай және Шығыс Қазақстан облысы ақын-жазушыларының еңбектерін қайтадан жарыққа шығарып, оқырман қауымға ұсыну. Кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Майгүл Сейітқажықызының айтуынша, 2018 жылы «Абай әлемі» сериясымен ең алғашқы болып Абай Құнанбайұлының екі томдық шығармалар жинағы басылып шыққан екен. Кітаптар топтамасының алғашқы басылымында сондай-ақ А.Құнанбайұлының СанктПетербург қаласында 1909 жылы жарық көрген алғашқы шығармалар жинағының репринттік басылымы, Қара сөздері, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтің, Федор Достоевскийдің бұрын-соңды жарияланбаған шығармалары жарық көрді. Алаш қайраткерлерінен бастап бүгінге дейінгі Абай шығармашылығын зерттеушілердің еңбектері жинақталған 5 томдық «Абайтану» таңдамалы шығармалар жинағы, Т.Көбдіков, М.Қабанбаев, А.Иванов, М.Сәрсеке, О.Бөкей, С.Досжан, Д.Рамазан және т.б. жазушылардың еңбектері қайта ба- сылып шықты. Ал келесі — «Ұлы даланың ұлы қаламгері» атты кітап көрмесі заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналыпты. Көрмеде жазушының көптеген шығармалары, энциклопедиялық басылымдары, Бөрілідегі мұражайынан алынған жәдігерлердің суреттері қойылған. Жазушының қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі кеңінен қамтылған «Абай жолы» шығармасы әлемнің 120 тіліне аударылғаны белгілі. Роман-эпопеяның кітапхана қорында сақталған 5 тілдегі аудармасы да көрмеден орын алған. «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты үшінші экспозицияда оқырмандар назарына кітапханадағы сирек басылымдар ұсынылған. Сирек басылымдардың алтын қорында кітапхананың 1883 жылы қоғамдық кітапхана болып іргесін көтерген уақытынан бастап қала тұрғындары, зиялылар, шенеуніктер сыйға тартқан төрт жарым мыңға жуық кітаптар мен Абай заманынан бастап жарық көрген 129 атаудан тұратын мерзімді басылымдар бар. Мұндағы әдебиеттер XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырда баспа бетін көрген. Ал XX ғасырдың басында жария көрген сирек қордың өлкетану басылымдары Омбы, Верный, Ташкент, Қызылорда, Орынбор, Орал мен туған қаламыз Семейдегі баспаханалардан басылып шыққан. Сирек басылымдар қорымен, әлем әдебиетінің жауһарларына айналған шығармалармен, ұлт зиялыларының асыл мұраларымен таныстырған мерзімді басылымдар бөлімінің басшысы Жаңылгүл Әділбекқызы бүгінгі күні осындай құнды жәдігерлерді алып оқуға мүмкіндік беретін кітапхананың бағасын біле бермейтінімізді де айтып өтті. — Біздің кітапхана қоры өте бай. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, оқырмандарымыз мұндай асыл қордың маңызын түсіне бермейді. Оған мысал келтірейін, пандемияға дейінгі жылы Польша елінен саяси жер аударылған поляктардың өмірін зерттеумен айналысып жүрген ғалым біздің қалаға, кітапханамызға арнайы келген болатын. Ол сирек қормен танысып, өзінің зерттеу еңбегіне қажет көптеген деректер тапты. Ал бізде осы аса құнды жәдігерлерді зерттеуге деген құлшыныс аз, — дейді мерзімді басылымдар бөлімінің басшысы. Әдеби экспозиция келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қызметкері Әлия Әділханқызы көрмеден кейінгі әсерін бөлісті. — Бүгінгі көрмеде Абай кітапханасының қоры өте бай екеніне көзіміз жетіп отыр. Абай, Шәкәрім, Әуезовтің, Алаш зиялыларының әдеби мұраларымен қоса, өлкемізді зерттеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерімен де таныстық. Кітапхана қорында елімізде ғана емес, бүкіл әлемде сирек кездесетін жәдігерлер сақталғанын біліп таңғалдық. Көбінде теледидардан айтылған ақпаратқа құлақ түреміз де, кітапханаға арнайы келіп, тарихи маңызы бар оқиғалармен танысуға уақыт бөле бермейміз. Осы көрмеден соң оны тамашалауға келгендердің көзқарастары өзгеріп, кітапханаға назарлары ауады деп ойлаймын.

Мұндай танымдық ісшараларға әсіресе жастар көп келсе, құнды еңбектерді алып оқыса, олардың рухани тұрғыда дамуына септігін тигізер еді, — дейді Әлия Әділханқызы.

«БАРЛЫҚ ДАНАЛЫҚ КІТАПТА» «БАРЛЫҚ ДАНАЛЫҚ КІТАПТА» «БАРЛЫҚ ДАНАЛЫҚ КІТАПТА»

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: «БАРЛЫҚ ДАНАЛЫҚ КІТАПТА»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

21 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС