"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

26.06.2014
ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала басшысы Айбек Кәрімовтің төрағалығымен өткен жиында екі мәселе талқыланды. Біріншісі, аталмыш комиссияның 2014 жылғы 12-ші наурызда өткен отырысының хаттамалық шешімінің орындалуына, екіншісі, жастар арасында, сондай—ақ, жоғары, орта арнайы және орта оқу орындарында діни экстремизм мен терроризмнің тарау проблемаларына қатысты болды.

Бірінші мәселе бойынша қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Қанат Қабдуллин баяндама жасады. 2014 жылғы наурыздың 12-сі күні өткен отырысқа осы мәжілісте есеп беруге тиіс болған терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің кейбірі дайындыққа немқұрайлы қарағандары үшін ескерту алған көрінеді. Сондай-ақ, сол жиында қабылданған шешімге сәйкес, облыстық Әділет басқармасы басшысының атына хат жазылып, оның тарапынан көрсетілген лауазымды тұлғалар қатаң ескертілгені туралы жауап алынған.

Комиссия отырысының күн тәртібінде қаралған жастар арасында, сондай-ақ, жоғары, орта арнайы және орта оқу орындарында діни экстремизм мен терроризмнің таралу мәселесіне қатысты бірінші болып Семей қаласы ІІБ   экстремизмге қарсы күрес жөніндегі бөлімінің басшысы Жанат Малаев ақпарат берді. Өз сөзінде ол жастар арасындағы экстремизмнің алдын алудың негізгі құралы болып білім беру жүйесі табылатынын тілге тиек етті. Алдын алу шаралары жастардың жас мөлшері мен өмір сүріп отырған әлеуметтік    жағдайларын есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін де атап өтті.

— Экстремисттік белсенділіктің ықпалына ең жиі ұшырайтын 14-22 жас аралығындағы жастар. Өйткені, дәл осы жас аралығында әртүрлі себептерге байланысты радикалды көзқарастардың қалыптасу ықтималдығы жоғары. Бұл орайда, экстремизмнің алдын алу үшін нәсілдік және діни өшпенділіктің көріністерін анықтау бағытында қаламыздағы оқу орын- дарындағы әлеуметтік хал-ахуалға мониторинг жүргізілуі қажет. Қандай да бір келеңсіз жайттарды анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау керек, — деп атап өтті      Жанат Сыдықұлы.

Сондай-ақ, ол шетелде білім алып жатқан қала тұрғындарының санына байланысты мониторинг жүргізу, қаладағы оқу орындарының оқытушылар құрамымен жастар арасында экстремистік көзқарастардың алдын алу бойын- ша ортақ шараларды қалыптастыру үшін арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деген ойын да ортаға салды. Қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің дін өкілдерімен бірлесе отырып, жыл басынан бері 19 жедел алдын алу шараларын өткізгенін айта келе, қала аумағында жастар арасында экстремистік ұстанымдарды насихаттайтын ұйымдардың жоқтығы анықталғанын айтты. Оның үстіне бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған көрінеді.

 

{jcomments on}Жастар арасында экстремизмнің алдын алу бойынша Ішкі істер басқармасы тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат тыңдалғаннан кейін қала әкімі Айбек Кәрімов осыған қатысты өзінің пікірін білдірді.

 

— Экстремистік ұйымдардың ықпалына ең жиі ұшырайтын 14-22 жас аралығындағы жастардың саны қанша екенін білу қажет. Бұл өз кезегінде жүргізілетін алдын алу шараларының тиімділігін   арттыруға мүмкіндік береді, — деді      Айбек Мүталапханұлы.

Жиында жастар арасында экстремизмге қарсы күрес шаралары туралы     Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің   басшысы Ғалия Смайылованың да баяндамасы тыңдалды. Өз сөзінде ол ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді одан ары нығайта түсу бағытында барлық шаралар атқарылып жатқанына тоқталды. Бұл орайда жастар арасында экстремизмнің алдын алу мақсатында дін өкілдері мен біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметкерлерден, зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы ақпараттық-насихат тобының жұмысын да атап өтті.

— Ақпараттық-насихат тобының       жұмысын ұйымдастыру барысында жаңа Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Себебі, жастар қоршаған ортадағы оқиғаларды өткір қабылдайтындықтан және ерекше әлеуметтік сипаттарына байланысты теріс пиғылды ұйымдардың ықпалына тез ұшырайды. Бұл орайда экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыс қоғамдық маңызы бар шараларды өткізу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде діни мерекелерді бірге атап өту өте кең қолданылуда. Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында қала бойынша 17 524 адамның қатысуымен барлығы 59 шара өткізілген, — деді Ғалия Жақыпқызы. Өз сөзінде ол ағымдағы жылдың 18-ші       мамыр күні Абыралы өңірінде шалғайда жатқан бес ауылдық округтің тұрғындарымен кездесу өткізілгенін жеткізді. Қыр-күйек айында екі күндік арнайы семинар өткізу жоспарланып отырған көрінеді.

Жиында қаламызда диструктивті ұйымдардың әреке-тінен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетумен айналысатын арнайы ұйым құру мәселесі көтерілді. Ғалия  Жақыпқызы бұл мәселенің өзекті екенін айта келе, оны шешу үшін қаражат бөлу қажеттігін айтты. Бұл орайда Айбек Мүталапханұлы ұсыныстың дер кезінде жасалып отырғанын атап өтіп, оны жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстар орындалатынын жеткізді.

Отырыста жастар арасында экстремизмнің алдын алу бойынша өз саласында атқарылып жатқан шаралар жайында білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова да ақпарат берді. Ол өз сөзінде бұл бағытта қала мектептерінде көптеген шаралар өткізілгеніне тоқталды. Оқушылар арасында  экстремистік көзқарастардың қалыптасуының алдын алу жұмыстары да      бақылауға алынған екен. Сондай-ақ, Гүлжан Қайырханқызы мектеп бітірген жастардың қандай оқу орындарына оқуға түскені, оқуын тәмамдағаннан кейін қандай жұмыс істеп жатқаны     туралы ақпарат жиналатынын жеткізді. Оның айтуынша, қалыптасқан арнайы база жастардың әлеуметтік жағдайын бақылауда ұстауға, сол арқылы діни   экстремизмнің алдын алуға септігін   тигізетін көрінеді.

Жиын соңында қала әкімі Айбек Кәрімов экстремизмнің алдын алу өте маңызды мәселе болып табылатынына тағы бір тоқталып өтті. Бұл бағытта барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары тығыз байланыс орнатып, жұмыла жұмыс істеу керектігін айтты. Сондай-ақ, қала басшысы экстремизмнің алдын алуда кешенді түрде жұмыс жасауды жалғастыру қажеттігін де атап өтті.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС