"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭКОНОМИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ

12.07.2022
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды салаларының
бірі болғандықтан, елімізде агроөнеркәсіп саласына баса назар ау- дарылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға
арналған ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде еңбек өнімділігін
екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі есе ұлғайту және
отандық өндірісті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен
қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру, өңделген өнім үлесін арттыра отырып, агроөнеркәсіптік
кешен өнімдерінің экспортын ұлғайту, сондай-ақ ірі экожүйе
қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыруға қол жеткізу
межеленіп отыр.

Жақында Абай облысы
әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңадан
құрылған облыстың даму пер- спективаларын Парламент
Мәжілісінің депутаттары- мен және бірқатар министр- лік өкілдерімен бірге талқыға
салған еді. Жиында қаралған
екі маңызды мәселенің бірі
аймақтың ауыл шаруашылығы
саласын дамыту болды.
Қатысушылар Абай облысында
агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттары мен
мүмкіндіктерін қарастырды.
Абай облысының ірі агроөнеркәсіптік аудандарының
бірі — Бородулиха. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту өңірлік бағдарламаны іске асы- ру тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі. Ауыл
шаруашылығын дамытудың басым бағыттары – өсімдік,
сүт шаруашылығы, қайта өңдеу саласын дамыту және
АӨК цифрландыру.
Ауданның жер қоры және жер пайдаланушылар жайы- на тоқталып өтсек. Жалпы аумағы 698 мың га құрайтын жер
қоры, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қатар,
елді мекендердің, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі,
қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтажына
арналған, ерекше
қорғалатын жерлер, су
қорының жерлері және
де босалқы жерлер
деп бөлінеді. Аумақтың
жартысынан астамы — ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
ж е р л е р : шабындық, жайылымдық жерлер, егіс алқаптары. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердің 53,2 пайызы шаруа қожалықтарына, 46,8 пайызы
ұйымдарға (ЖШС, ӨК) тиесілі.
Өңірде мал шаруашылығы дамып келеді, сондай-ақ
өсімдік шаруашылығы да жақсы жолға қойылған. Өсімдік
шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің
62,2 пайызын, мал шаруашылығы 37,8 пайызын құрайды.
Егіс алқабының 90 пайыз бөлігін алып жатқан жаздық
егіске ауыл шаруашылық дақылдары егіледі. Мәселен,
осы жылы жаздық бидай, арпа, сұлы, қарақұмық,
дәндік жүгері, бұршақ, сондай-ақ астық қоспасы, күздік
дақылдар, майлы дақылдар, күнбағыс, соя егілді.
Шаруашылықтар техникалық базасын жоспарға
сәйкес жаңартып отырады. Осы жылдың алғашқы 4
айында ауыл шаруашылық құрылымдары 213 техника мен жабдық, оның ішінде 33 түрлі модификациядағы
тракторлар, 3 егіс кешені, 5 астық жинайтын комбайн
сатып алды. Шаруашылықтарды дақыл тұқымдарымен
қамтамасыз ету үшін ауданда 3 тұқым өсіру және бір
элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.
Қазіргі күні қай салада болмасын цифрлық технологи- яны тиімді пайдалану өзекті болып отыр. Статистика де- ректері бойынша, бүгінгі күні 95,7% цифрландырылған.
Егістік жерлерді, жайылымдарды және шабындықтарды
цифрландыру жұмыстары жалғасуда.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне
сүйенсек, өңірде 468 шаруа қожалығы және 2 өндірістік
кооператив, 38 жауапкершілігі шектеулі серіктестік
агорөнеркәсіп саласын дамытуға үлес қосуда.
Мал шаруашылығы басты сала болғандықтан, бұл
бағытқа ерекше көңіл бөлінеді. 48 шаруа қожалығы мал
шаруашылығымен айналысып отыр. Ауданда, жалпы,
46 951 бас ірі қара, 46 702 бас қой мен ешкі, 8 887 жылқы
бар.
Аудан үшін сүт бағытындағы мал өсіру маңызды болып табылады. «Е. Зайтенов» ш/қ, «Новая Заря «ш/қ»,
«Алмакос плюс» шаруашылықтары сүт өнімдерін өндіруде.
Биылғы жылы жиналған сүт көлемі 983 тонна. Қазіргі күні
сүт қабылдау пункттерінің жүктемелігін және халықтан жи- налатын сүттің көлемін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр,
осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғаса бермек.
Өңірде үш шаруашылық етті бағыттағы тұқымсыз
малды асылдандырумен айналысады. Биыл 200 бас
малды бордақылауға қою жоспарда бар. Бүгінде ірі қара
мал етінің экспорттық әлеуетін, асыл тұқымды малдың
генетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар
жүзеге асырылуда.
Ал «Горизонт» Ш/Қ, «Беккер» ЖК, «Барон» ЖК ауыл
шаруашылығының бір саласы омарта шаруашылығын
дамытып, яғни ара өсіріп, бал жинап, халыққа пайдалы
өнім ұсынып отыр.
«Малдың саулығы – адамның саулығы» дейміз.
Бүгінде ірі қара мал арасында Сібір жарасы, пастереллез, туберкулез сияқты аурулар жиі кездеседі.
Сондықтан мал ауруларының алдын алу мақсатында
ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар —
бақылау, зерттеу жұмыстары, профилактикалық дезинфекция жүргізіледі.
Қазіргі таңда малды вакцинациялау жұмыстары үлкен
маңызға ие. Жалпы, аталған ауруларға қарсы 64 000 бас ірі
қара малға вакцина егілді. Шамамен 7700 жылқы малына
Сібір жарасы мен жылқы пастереллезіне қарсы вакцина
салынды. Дегенмен, алдын алу шараларына қарамастан,
бүгінгі күні аудан бойынша 501 бас ірі қара бруцеллезге
шалдыққан. Ауруға шыққан малдар бақылауға алынып,
тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізілді.
Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

16 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

17 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

18 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

18 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

18 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС