"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӘБИ ДЕНСАУЛЫҒЫ

  Оған ана ғана емес, әке де жауапты

14.09.2022
СӘБИ ДЕНСАУЛЫҒЫ
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

    Әйгерім Асанова – «Тарбағатай ауданының №2 орталық ауруханасына қарасты Тұғыл дәрігерлк амбулаториясының» дәрігер-педиатр маманы. Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылының тумасы. 1993-2006 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы орта мектепті тамамдап, Семей мемлекеттік медицина университетіне оқуға түседі. 2013 жылы жоғарғы оқу орнын аяқтаған жас маман бірден туған ауылына педиатр мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Бүгінде Әйгерім жұмысымен отбасылық өмірді қатар алып жүрген аяулы ана, бақытты жар. Жолдасымен бірге екі қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отыр. Біз өз кезегімізде балалар арасында жиі кездесетін аурулардың алдын алу мен Тарбағатай ауданында балаларға қандай жағдай жасалғанын білу мақсатында педиатр маманымен сұхбаттасқан едік.

 

–Әйгерім Маратқызы,  бүгінде балалар арасында қандай аурулар жиі кездеседі?

–Балалар арасында тыныс жолдарының қабынуы жиі кездеседі. Яғни, тамақ аурулары, мұрыннан су ағу. Оған ең бірінші қоздырғыш – ауа тамшысы арқылы тарайтын вирустар себеп болады. Ол баланың тыныс жолдары арқылы организмге еніп көбейеді. Егер де баланың мұрны таза, жұмысын жақсы атқарып тұрса, мұрын ішіндегі түктер вирусты ұстап қалып, шығарып жібере алады.  Ал егер баланың тыныс жолы толып тұрса қоздырғыш бірден ауызға кіріп, жұтқыншақ пен бадамша безде көбейе бастайды. Ондай кезде кішкентай сәбилердің немесе бүлшіндердің мұрыны мен тамағын халық арасында кең тараған емдік шараның бірі тұзды сумен шаюға болады. Немесе бір жасқа дейінгі балаға жылы суды көбірек беру қажет. Осындай ем-домнан кейін бала тезірек жазылады.

Егер баланың тамағы ауырып жүріп, аяғына суық тиіп қалса немесе салқын сусындарды ішіп қойса, иммунды жүйесі әлсіреп, вирус жұтқыншақтан ары қарай құлаққа, көмейге, өкпеге барып шоғырланады. Кейде бүйрекке, бауыр, асқазан, ішекке қарай өтіп қабыну үрдісін қалыптастыруы әбден мүмкін.  Сондай-ақ бүлдіршендер көп жағдайда, ауруды бала-бақшадан жұқтырып алып жатады. Сондықтан баланың аузын тұзды сумен шайып, сұйықтықты көп ішкізу қажет. Күз бен көктем айларында ауырмаған болса қалың киіндірмей суыққа үйреткен абзал. Ал жаңа туған сәбиді таза ауаға шығарып тұрған дұрыс.

Кейде ата-аналар баланы тым қорғаштап, стирильді түрде ұстап жатады. Ондай кезде бала қоршаған ортаға төзімсіз болып өседі. Ешқайда шығармай, бірден бала-бақшаға апарған кезде бүлдіршіннің иммунитеті вирусқа қарсы тұра алмай, бала әлсіреп, ауыра береді. Сонымен қатар, жиі кездесетін тамақ ауруы мен тұмаудан сақтану үшін екпені уақытылы алып тұрған дұрыс.

– Жүкті әйелдерді көбіне қандай ауру түрлері мазалайды?

–Көбінесе жүкті әйелдерде қан аздық, бүйрек ауруы, қан қысымының жоғарылауы және кесір тілігінің арасы өте жиі болғандықтан жатырдың жыртылуы жиі кездеседі.

– Әйел тексерілуге келген кезде одан  бала кезде немен ауырғанын сұрайды. Бұл нені білдіреді? Олар сәбиде де қайталануы мүмкін бе?

– Баланың әке-шешесінде тұқым қуалайтын аурулар – бүйрек ауруы, қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті, обыр ауруы, көздің алыстан көрмеушілігі және қазіргі таңда көп кездесетін – ол аллергия. Бұл аурулар балаға гендік ақпарат арқылы берілуі мүмкін. Егер балаңызға аталған аурулар берілмесін десеңіз, алдын алу шараларын жүргізу қажет. Мысалы тұқымыңызда қант диабеті болса, бала қантқа әуес болмауы тиіс. Жалпы, жылына бір рет қант мөлшерін қадағалап отырған жөн.

–Көбінесе дүниеге дені сау сәби әкелу анаға байланысты деп жатады. Ал болашақ әкенің денсаулығының мықты болуы қаншалықты маңызды?

– Қазіргі таңда инстаграм желісінде ауыратын балалар туралы ақпараттарды жиі көзіміз шалып қалып жатады. Осының барлығы жеп отырған тамақтың да  табиғи болмауымен де байланысты деп ойлаймын. Сондықтан жүктілік кезінде дұрыс тамақтану қажет. Мысалы, газдалған сусындар, қораптағы тағамдар, шоколад, түрлі қоспалар, сонымен қатар ішімдік, темекі тек химиялық заттардан тұрады. Оның құрамында ешқандай табиғи өнім жоқ. Дүкен сөрелерінде тұрған конфеттердің жасалу мерзімін де таба алмайсың. Онымен қоса, құрамы белгісіз белсенді қоспаларды да ішудің зияны орасан. Бұл тұрғыда әйелмен бірге оның күйеуінің де денсаулығы маңызды. Жас жұбайлардың денсаулықтарында кінарат болса, бірге қаралып, витаминдер қабылдау – баланың аман-есен дені сау болып туылуына кепіл бола алады. Сондықтан, сәбилі болу кезінде ананың ғана емес, әкенің де денсаулығының үлкен рөл атқарады.

–Ауданда бала денсаулығын нығайту, олардың түрлі ауруларға шалдығуының алдын алу мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

–Тарбағатай ауданына қарасты барлық ауылда бала денсаулығын нығайту мақсатында 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін ауруларды емдеу бағдарламалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстар аясында біз әйелдерді алдын ала профилатикалық тексерулерге шақырамыз, осылайша созылмалы аурулардың алдын алып, жүктілікті жоспарлауға үйретеміз. Жүктілік кезінде анаға дұрыс тамақтануды түсіндіріп, күнделікті қандай тағамдарды аз немесе көп жеп жүргенін бақылаймыз, сонымен қатар баланы емізу техникасын үйретеміз. Жаңа босанған жас аналармен жеке қабылдау өткіземіз.

Балаға алты айға дейін тамақты дұрыс беру мақсатында ресурстық бөлме ашылған. Ол жерде аналарды шақырып, сәбиді қалай тамақтандыру керектігі жөнінде сабақтар өтеді. Онымен қоса, биыл Балалар жылы болып жарияланғандықтан, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар таратылуда.

–Жас аналарға қандай кеңес айтар едіңіз?

–Баланың иммунитетін көтеретін дәрі болмайды. Ауырып қалса, балаға бірден антибиотик бермей, денсаулығын 3 күн бақылау керек. Антибиотик инфекциямен қатар, иммунитетті, яғни сау клеткаларды да өлтіреді, сосын ауырып қалған жағдайда антибиотиксіз жазылмайтын болады. Әрине, кей жағдайларда антибиотиктің көмегі бар. Дегенмен оны ауырған сайын үнемі беріп отырудың қажеті жоқ. Жалпы, қандай бала болмасын, 3 күн ауырады, ал 4-ші күні жақсара бастайды. Адам ағзасы солай қалыптасқан. Дегенмен ауырғанда тәбет жоғалады, ал инфекциямен күресу үшін күш керек, асқазан толып тұрса, иммунитеттің бәрі тамақты қорыту үшін күш жұмсайды. Мұрынға инфекция түскенде, ағза су бөліп, мұрыннанан су ағады да, инфекцияны сыртқа шығарады. Дене қызуы жоғарылағанда, инфекцияны өлтіреді, өлген инфекция қақырыққа айналады, оны шығару үшін бала жөтеледі, асқазанға инфекция барғанда құсып, іші өтіп шығарып тастайды. Ал біз осы табиғи құбылысқа кедергі жасаймыз, ыстығын тез түсіріп тастаймыз, жөтелге қарсы дәрі беріп, мұрнындағы суды тоқтатып, құсқанын, іші өткенін басатын дәрі береміз, «тамақты же» деп аузына нығыздаймыз.  Мұны бәрі дұрыс емес. Баланың иммунитеті қалыптасуы үшін 5 жасқа дейін ауыруы керек. Қазіргі кезде дәріханада дәрінің түрлері көп, жыл сайын жаңарып отырады. Олар қымбаттап барады, әртүрлі фирмалар бір дәрінің атын өзгертіп шығара береді, бірінен бірі қалыспайды, алатын дәрінің  алдымен құрамын білу керек, кейде қымбат тұратын дәрі негізінде тиын ғана тұратын болып шығады. Бала дәрінің барлық түрін ішіп көрсе, кейін ештеңе көмектеспей қояды. Қымбат дәрі алғанша, комплексті  витамин, езбелер алған дұрыс.

Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен Талшын Қалиасқар,
«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

4 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

4 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

7 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС