"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНДА

16.09.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНДА
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНДА

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында аймақ басшысы аудан орталығы Қарауылдағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясында, аудандық орталық ауруханада, аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Нұрлан Тельманұлы сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Нұрлан Ұранхаев ат басын бұрған алғашқы нысан Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы болды. 300 орындық білім ошағы 2020 жылы қолданысқа берілген. Облыс әкімі мектеп ішін аралап, балаларға жасалған жағдаймен танысты.

Ұлы ақының атындағы мектеп-гимназияда қазіргі күні 608 оқушы білім алуда. Білім ұясы заманауи талапқа сай, физика, химия, биология және тілдік пәндердің жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ мультимедиялық журналистиканы оқыту бойынша ең заманауи құрылғылар, толықтырылған виртуалды шынайылық (VR/AR), робототехника және IT-кабинеттері, екі лингофондық-мультимедиялық кабинеттер және инклюзивтік білім беруге арналған ресурстық сынып бар. Кабинеттерде заманауи актив панельдер орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары мен дабыл бергіш іске қосылған.

Мамандандырылған мектеп-гимназиясының тағы бір ерекшелігі – мектеп оқушыларына еліміздің 8 жоғары оқу орнының оқытушылары қашықтан дәріс беретін мүмкіндік жасалған.

Мектеп директоры мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстыру барысында алдағы жоспарлары жайлы да айтып берді.

— Мектеп-гимназия жанынан интернат салу жоспарда бар. Тек Абай ауданы ғана емес, облыстың басқа аудандарынан да оқушылар біздің мектепте білім алатын болады. Өзге өңірдің балаларының Абай жерінде білім алуы, білім және туризм кластерінің дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын, — дейді мектеп-гимназия интернаты директоры Роллан Тілеуханов.

Осыдан соң облыс әкімі Абай аудандық орталық ауруханаға барды. Бұл мекеме қолданысқа 1976 жылы берілген. Мұнда тәулік бойғы стационар 27 төсекке, медициналық көмек көрсетуге арналған күндізгі стационар 15 төсекке арналған. Пандемияға байланысты коронавирустық инфекцияға арналып қосымша жасақталған 10 орынның үшеуі – жансақтау төсек орны. КВИ-ге шалдыққандар саны артқан жағдайда аурухананың қосымша 20 төсек-орын жабдықтауға мүмкіндігі бар.

— Өкінішке қарай, ғимарат ескірген, сондықтан күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның сметалық құжаттамасы дайын. Ғимараттың үшінші қабатында күрделі жөндеу жұмыстарын бастадық. Жалпы алғанда, аудан бойынша үш ауруханаға осындай жұмыстар жүргізу қажет. Бұған қоса қолданыстағы 3 санитарлық автокөлігіміз 70-80 пайызға тозған, — дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Қалбабаев.

Бұдан кейін аймақ басшысы ауданда 2018 жылы қолданысқа берілген жүзу бассейнінің жай-күйімен танысты. Бассейн күніне 100 адамға дейін қабылдай алады, денесін шынықтырамын деген азаматтар тек суда жүзіп қана қоймай, жаттығу залында да спортпен айналыса алады.

Нұрлан Тельманұлы келесі кезекті аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бұл мекеме Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайының филиалы ретінде 2012 жылы ашылған. Бүгінгі таңда мұражайда 5 мыңнан аса жәдігер жинақталған. Сондай-ақ зерттеу-іздестіру жұмыстары мен оқу-ағарту жұмыстары да жүргізіледі. Мұнда аудан тарихы, атақты тұлғалар, ардагерлер жайында құнды материалдар мен жәдігерлер қойылған.

— Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайының филиалы өлке тарихын насихаттау мақсатында жылына 20 мың келушіні қамтуды жоспарлап отыр. Шешімін күткен мәселе де жоқ емес. Мұражай қыс мезгілінде электр қуатымен жылытылады. Енді оны орталық жылу қазандығына қосса, нұр үстіне нұр болар еді, — дейді Семей қаласының тарихи өлкетану мұражайының директоры Қайрат Сабырбай.

Сапар соңында облыс әкімі аудандық Мәдениет үйінде Абай ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Жұрт алдында сөз алған Нұрлан Ұранхаев облыс бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған бірқатар шаралар жайлы баяндады.

— Жуық арада біз сіздермен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Алдыңғы кездесуде жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға байланысты біраз ұсыныстар да болды. Біз олардың барлығын ескереміз. Тарихи орындар мен ескерткіштер заман талабына сай болу үшін кешенді жұмыстар жүргізілетін болады. Ойқұдық, Еңлік-Кебек сияқты «Абай жолында» суреттелген барлық тарихи жерлер туристік маршрутқа енуі керек. Бұл аудан үшін де, облыс үшін де қосымша табыс көзі болмақ. Әлемде ұлы тұлғаларын дәріптеу арқылы экономикасын нығайтқан елдер бар. Ұлылар мекені аталған Абай ауданының да даму перспективасы бар деп есептеймін,– деді Нұрлан Ұранхаев.

Кездесуде сөз алған Абай ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарына да тоқталып өтті.

Жиында облыс басшысы аудан тұрғындарын мазалап жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Абайлықтар үшін бүгінгі таңда ең өзекті болып тұрған – жол мәселесі. Бұл орайда Нұрлан Тельманұлы осы бағытта жүргізілетін жұмыс ретін баяндады.

— Әрине, ауданның жолдарына қатысты өзге де кілтипандар жоқ емес. Мысалы, Бөрілі ауылына дейінгі, «М.Әуезов музейіне кіреберіс» деп аталатын бірнеше шақырымды жер төсемін көтеру арқылы күрделі жөндеу қажет. Қарауыл ауылынан Қоңыр әулие бұрылысына дейінгі қашықтық 65 шақырым болса, оның 10 шақырымына ғана асфальт төселген. Алдағы жылы 154 — 169 шақырым мен 169 — 184 шақырым учаскесін қиыршық тастан асфальт жабынына ауыстырып, орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Мұндай мәселе облыстағы басқа елді мекендерде де бар. Жалпы облыстағы жолдардың сапасы мен оны жөндеу бойынша қазіргі таңда тиісті мекемелер нақты ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеп жатыр, — деді облыс әкімі.

Нұрлан Ұранхаев тұрғындармен кездесуден кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Өтініш білдірушілердің талап-тілегі тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Облыс әкімінің Абай ауданына жұмыс сапарын қорытындылайтын болсақ, 2026 жылға дейін аймақ бойынша 56 сумен жабдықтау объектісін салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Ауылдық елді мекендерде осындай 43 нысанның құрылысы жүргізілмек, оның екеуі Абай ауданында салынады. Баспанамен қамту мәселесі де ретімен іске асырылып, жыл соңына дейін ауданда 45 жеке тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС