"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

20.09.2022
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жуырда 8-10 сынып оқушылары арасында «Киелі Алтайым — туған жерім» археологиялық мектебін өткізді.

Археологиялық мектеп 2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің бастамасымен оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында өткізіліп келеді.

Археологиялық мектептің оқытушысы ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультеті түлегі, археология және этнология ғылымдарының магистрі, Шығыс Қазақстан көшпенділерінің археологиясы туралы 30-дан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы, Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы  Айдын Сенғалиұлы Жүнісханов шақырылды.

Археологиялық мектептің қатысушылары үшін ғылыми-зерттеу және тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.

− Ақбауыр кешенінде жас зерттеушілер тас дәуіріндегі неолит кезеңінен қалған әлемдегі ең көне жазу жүйелерінің біріне қол жеткізудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. Кешен аумағында әр түрлі дәуірдегі қорғандар, жартастағы суреттер, елді мекен қалдықтары, тас мүсіндер сияқты тарихи ескерткіштер бар. Осы экскурсия барысында оқушылар атақты археолог, Берел қорғандары мен Атыраудың Алтын адамын ашқан, ең жоғары «Платина Тарлан» сыйлығының иегері, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашевқа Ақбауыр кешені туралы ғана емес, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы және бүкіл республикадағы археологиялық ашылымдар туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Ғалымның жетекшілігімен неолит, қола, ерте темір дәуірі ескерткіштері, сақ және ерте орта ғасыр мәдениеттері зерттелді. Олардың көпшілігі алғаш рет зерттеліп, сипатталған. Зейнолла Самашұлының 400-ге жуық ғылыми жұмыстары елімізде ғана емес, Ресейде, Қытайда, Францияда, АҚШ-та жарық көрген. Ол тарихи ескерткіштерді тауып, зерттеп қана қоймай, сақтаудың да маңызды екенін атап өтті:

— Мектеп оқушыларының Баяш Өтепов ауылындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуы балаларға ерекше әсер қалдырды. Археологиялық жаңалық орнында балалар қазба жұмыстарының әдістерімен танысты, сонымен қатар өздерін археолог ретінде сынауға мүмкіндік туып, қолдарына қылқалам ұстап, қазба жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар олар С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында өткен «Алтай — түрік әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты секциялық отырысына қатысты.

Археологиялық мектеп барысында балаларға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Алтын Алтай» мұражайына және С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайдың археологиясы және мәдени мұрасы» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жәдігерлерінің әртүрлілігімен балалардың есінде қалды. Мұражайда жеті зал бар, олардың әрқайсысы бір-бірінен тақырыптық жағынан ғана емес, экспонаттардың бірегейлігімен де ерекшеленеді.

Мектеп аясында облыстың жетекші жоғары оқу орындары профессорларының ұйымдастыруымен археология және өлкетану пәндері бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Балалар тұратын лагерьде психологиялық тренинг, кино кеші, би сайысы, спорттық және логикалық ойындар сияқты т.б. түрлі демалыс іс-шаралары ұйымдастырылды.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Оқушылар алған әсерлерін де бөлісті.

— Археологиялық мектепке қатысқаныма өте қуаныштымын. Археологтермен бірге  жұмыс істеу барысында бұл жауапкершілікті, байсалдылық пен шыдамдылықты қажет ететін өте күрделі еңбек екенін түсіндім. Мен алғаш рет тас үңгірлерді, көне тас суреттер мен жазуларды көрдім,- деп Зайсан ауданындағы Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейінің 9-шы сынып оқушысы Ғани Мәди пікірін білдіріп, археологиялық мектептің ұйымдастырушылары мен ұстаздарына алғысын айтты.

Археологиялық мектеп балаларға өткен ғасырлардың жұмбақ әлемінің шымылдығын ашып, ұмытылмас әсер қалдырды.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ

 

Мақалада: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19 секунд бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

2 часа бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

2 часа бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

2 часа бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

2 часа бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС