"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

27.09.2022
АУЫЛДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Самар ауданы Құлынжон ауылының шағын жинақты мектебінде «Ybyrai mektebi» атты жіксіз оқытудың пилоттық моделі іске қосылды. Аталған шараға Құлынжон мектебінің түлегі, «Ybyrai mektebi» жобасының демеушісі, BI-Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Әлия Чокушева, ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының директорының міндетін атқарушы Гүлмира Джакупова, Самар ауданының әкімі Раджан Сейтқанов, Самар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

«Ybyrai mektebi» жобасы Құлынжон мектебінің түлегі Айдын Рахымбаевтың бастамасымен «Aidyn & Anar Rakhimbayev Foundation» қорының қаражатымен жүзеге асырылуда.

Салтанатты шарада «Құлынжон ауылы мектебінің директоры Аралбек Берікұлы «Ybyrai mektebi» тұжырымдамасымен таныстырды.

Ауыл мектебінде орталықты қайта құру, күрделі жөндеу және жаңа коммуналдық орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп, барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл — 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бөбекжай, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп, сондай-ақ ауылдың барлық тұрғындары үшін комьюнити орталығы бар бір үлкен кешен.

Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған жаңа форматтағы бұл мектепте білім алу — Самар өңіріндегі барлық балалардың арманы. Көрші ауылдардың да балалары осында келіп оқиды екен.

Жоба негізін қалаушылардың айтуынша, бұл модель үздіксіз оқу үдерісін, балалардың балабақшадан бастауыш мектепке және одан кейінгі кезеңге  күйзеліссіз өтуін және одан әрі оқытудың бірыңғай тәсілін қамтиды.

Кешеннің маңызды бөлімдерінің бірі – мәдениет үйі, оның жұмысында бала — мұғалім — ата-ана, яғни үш жақты байланыстың болуы міндетті.

«Ybyrai mektebi» кешенінің жобасы ауыл мектебінің түлегі Айдын Рахымбаевтың бастамасымен «Айдын және Анар Рахымбаевтар» қорының қаражатымен жүзеге асырылуда. Жобаға салынған инвестиция көлемі 2 миллион долларды құрайды.

Орталықтың базасында робототехника және 3D модельдеу, қолданбалы өнер, театр өнері және вокал, бейнелеу өнері үйірмелері, кинотеатр, сондай-ақ баскетбол, волейбол, шағын футбол, күрес, шахмат және тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.

Мектеп директоры Аралбек Берікұлының айтуынша, қазіргі күні мектепте 190 бала білім алуда. Алматы мен Астана қалаларынан Мичиган мемлекеттік университетінде білім алған мұғалімдер сабақ береді. Алдағы уақытта оқушыларға математика пәні сингапурлық әдіс бойынша оқытылатын болады. Оқушылар үй тапсырмасын бірден мектепте орындайды. Балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Құлынжон ауылындағы бұл мектеп республикалық тәжірибе алаңы мәртебесін алғанын айта кеткен де жөн. Бұл – ауыл мектебі үшін үлкен жетістік.

Мақалада: АУЫЛДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

19 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

21 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС