"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ!

04.07.2014
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елдiк рухты көтеруге келгенде журналистерден асқан патриот жоқ. Елiм, жерiм, тiлiм дегенде өзегi тiлiнiп түсетін  ақпарат құралдары  өкiлдерiнің  әлдекiмдердiң жалға беретін  лашығын амалдың жоқтығынан паналап, пәтер жалдап жүрсе де басқаның баспаналы болуына мұрындық болып, өздері пәтерлі болғандай қуанатын  мәрт көңіл  кеңдігін де ешкім жоққа шығара алмас.

 

Біздің әрiптестерiміздiң осы әрекетi кейде күнi бойы кiсi тасып, кешке үйiне жаяу қайтатын көлiк жүргiзушiсiнiң кейпiн көз алдыңа әкеледi. Баспана сұрап, өтiнiш айтып, көмек сұрап, осы уақытқа дейін әкiмдердің алдына бармады емес, барды-ау… Бiрақ…  Өкінішке орай, қалам ұстаған қауымның қамын ойлаған ел ағалары болмады.

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын астанамды.

Өлеңнің отын жағып жылытармын,

Өзімді, әйелімді, жас баламды,–

дегізіп,  заманында қайсар ақын Қасымға да талай есікті қақтыртып, талай бастықтың босағасын тоздыртып, қабырғасын қайыстырған кезде баспана мәселесіне  қатысты туған осы жыр әлі де өміршеңдігін жоғалтпай, қазір тіпті баспанасыз БАҚ өкілдерінің гимніне айналып кеткендей…

Қазiргi Тәуелсіз Қазақстанның қара нары, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани, әлеуметтiк өмiрдiң жаршысы, жан айқайшысы-журналистер қауымы егемендi мемлекетіміздің еңсе тiктеуiне өлшеусiз үлес қосып, қазақ баласы үшiн жақсы бiр iс iстелсе жаhанға жар сала қуанып,  ел болашағы, қазақтың тарихы, жері, тілі, төл мәдениетi, салт-дәстүрі, қазақ халқының ұлттық мүддесi сияқты мәселелердің қозғаушысы, бір сөзбен айтқанда еліміздің МӘҢГІЛІК болуының ұйтқысы болып келедi.

 

{jcomments on}Ал осы уақыт iшiнде  журналистiң халi қалай деп сұраған бiр әкім болды ма?! Әй, қайдам?! Сауал қарапайым көрiнгенiмен,  салмағы түсіне білгеннің санасына жүк боларлықтай.  Біреудің жалдамалы пәтерінде күнелте жүріп, алты алаштың жағдайын жазса- қаламынан тастамайтын, ойласа — жадынан шығармайтын  журналистердiң баспана мәселесіне  осы уақытқа дейін көз қырын салған жергiлiктi билiктi көрмедiк. Пәтер иесі келіп  «үйді босат» деп айтып қала ма деп буынып, түйiнiп отыратын өмiр олардың жеке шығармашылығы мен жұмыс бабына кедергiсiн келтiрiп қана қоймай, шығармашылық жемiсiн берер мәуелi шағында жас журналистер өмірлерін көрiнгеннiң босағасында жалтақтаумен өткiзуге мәжбүр. Журналистердің иықтарына түсетін салмақ та жыл өткен сайын ауырлап, атан  түйеге жүк боларлықтай күрделене түсуде. БАҚ өкілдеріне түсетін осы салмақты санасы сергек, өнерге жақын әкімдер ғана  түсініп,  көпшілігі  жылына бір келетін кәсіби мерекелерінде ғана құттықтап, Шерхан ағамыздың сөзімен  айтқанда:  «жегендері жантақ, арқалағандары    алтын» тілшілер қауымын  жарылқай қоярлық   пиғыл танытқан емес.  

 

Тәуелсіздік алған жиырма жылдан артық уақыт бойы билiк басындағылар тарапынан мемлекеттiң сөзiн сөйлеп, ұлттық идеологияны насихаттап жүрген төртiншi билiкке  оң қабағымен қарап, өздеріне әлеуметтiк жеңiлдiк жасалатындығынан  күдерін үзе бастағанда бір топ  әріптестеріміз   биылғы төл мереке қарсаңында баспаналы       болып,үміті үзіле бастағандардың көңілдеріндегі тәтті үміт қайта оянғандай болды. Сүйінші сұрарлықтай жаңалық — биыл қала әкімі Айбек Кәрімов Семейдегі журналистер қауымына  бұрын соңды болмаған қамқорлықты жасады: «Қазақстан-     Семей» телеарнасының екі қызметкері- Эльмира Жүрсінбекқызы мен Әлия Қаймолдина, «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі –Сәруар  Кабдуллаев, «Спектр» газетінің қызметкері – Маргарита Калачян, біздің «Семей таңы» газетінің екі қызметкері – Талғат Дүйсенбеков пен Ерзат Жанатұлы қала әкімі Айбек Кәрімовтің тікелей ықпалымен баспаналы болды.

Қала түгіл далада  баспана тауып, үй алу қашан оңай болып еді. Қолында билігі жоқ, қалтасында күнделікті күн көрістен  асар байлығы жоқ қарапайым БАҚ қызметкеріне  пәтер алу аспандағы жұлдызға қол созумен бірдей екендігі айтпасақ та белгілі. Осы жағдайды тәуелсіздік алғаннан бері Семейге басшылық жасаған сегізінші әкім Айбек Кәрімов қана түсінді. Сөйтіп, баспаналы болған әріптестеріміз де, баспаналы болудан үміті бар әріптестеріміз де биылғы кәсіби мерекені өткен аптада көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.

Қазақ сатирасының абызы Қалтай Мұхамеджанов айтты деген мына бiр оқиға  пәтер жағдайы сөз болғанда  әріптестеріміздің өз араларында жиі айтылатын әңгіме:

— Өзеке,- деп бастайды әңгімесін «Ара-Шмель» журналының редакциясына кездесуге келген бір жолы Өзбекәлі Жәнібековке бағыштап, Қалтай аға:

-«Ара-Шмель» журналында қызмет iстейтiн баспанасы жоқ  журналистердің көз жасын жинап едім, екi бөтелке болды. Соны есiгiңiздiң алдына төгейiн деп едім, сiз тайып жығыла ма деп төкпедiм. Журналистер жарқын жүзбен жұмыс iстеу үшiн ең бiрiншi баспана керек. Бiзде Қажытай Iлиясов деген фельетонист бар. Осы Қажытай үй сұрап арыз жазғанда Сталин марқұм тiрi екен. (Жұрт ду күледi)» деген екен.

Қалағаңның сыпайылай отырып, марқұм Өзбекәлi Жәнiбековке арыз-шағымды жеткізіп айта бiлуiнiң өзіндік бiр үлгiсi едi бұл. Сатира сарбазының қалжыңға сүйенiп айтқан арызын ұққан басшының да кемеңгерлiгi шығар, сол өтініштен кейін «Ара-Шмельдiң» бір топ журналистері баспанаға  қол жеткiзiптi деседі.(Біздің баспанасы жоқ БАҚ өкілдерінің көз жасын жинаса екі бөтелке емес, бірнеше бөтелкеге толар еді –ау … авт.)

Табандатқан төрт жыл бойы ел басына күн туған шақта, майдан даласында етігімен су кешкен, жастығының жалынын, денсаулығының жарымын  соғыста қалдырып, елге оралған қазақ жырының хас қыраны Қасым Аманжоловтың Алматыда жалдамаған бұрышы, паналамаған қуысы қалмай, қиналған шақта ақын жаны сыр жасыра алмай  «алдамшы елес сықылды үміт қуып, он жыл бойы болдым зар баспанаға» деп  жан күйзелісін жырға қосқаны белгілі.

Баспана тауқыметін тартып жүргенде достары бір көмек болса өнерді түсінетін   сол азаматтан болады деп  мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист, сол кездегі Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы Ілияс Омаровтың қабылдауына жібереді. Тұла бойы тұнған ағыл-тегіл жыр Қасым ақын өнер мен өлеңнің үлкен жанашыры деп естіген ағасына құралақан барсын ба:

Омарұлы Ілияс сіз екенсіз,

Ойланарсыз, толғанып іс етерсіз.

Күйсіз өмір секілді өлеңім бар,

Кей жерлерін өзіңіз түзетерсіз,–

деп бастап, хат сарынында жазылған Ілияс Омаровқа  арнаған, қазір көпшілікке  таныс, атақты өлеңін оқи жөнеледі:

Танымаймын, қанықпын сыртыңыздан,

Мен ризамын еліме ұл туғызған.

Таныстықтың пердесін аштым жырмен,

Жат болмассыз ақындық ғұрпымыздан.

 

Күле кіріп бұл жерге әдеппенен,

Күңіреніп шықпаспын әдетпенен.

Аға көрдім өмірде, іні көрдім,

Қайсысынан көңілім дәме етпеген.

 

Талай жанға қойғанмын адам атын,

Ел таниды өзінің азаматын.

«Азамат» деп ел сізге ат қойыпты,

Сол себепті бұл жырды жазды ақын.

 

Жасап көрген емеспін сөз саудасын,

Тебіренгеннен тереңнен шығар даусым.

Туған елі өлеңнен құя салған,

Алдыңызда отырған мынау Қасым.

 

Өмір — теңіз толқыны теуіп сыртқа,

Шығарып та тастап жүр кей уақытта.

Тереңіне қайтадан ұмтыламын,

Толқынымен ойнаймын ақпай ыққа.

 

Жаман, жақсы болсам да ел ұлымын,

Елім деген ер болса – серігімін.

Туған елдің намысын, абыройын,

Өрге тартар бір жүрдек көлігімін,-

деген осы өлеңді тыңдап болысымен Ілияс Омаров,  бірден  қалалық атқару комитетінің сол кездегі төрағасы Ғафиз Айбасовқа  телефон шалып:
– Ғафиз, саған Аманжоловтың пәтері туралы өткен айда телефон соғып едім ғой. Бір аптаның ішінде ақынға үй беретін бол! Сен екеуміз осылардың тілегін орындау үшін уақытша отырған адамдармыз, бұлар мәңгілік қалады,-деп  тапсырма береді.
Ілиястың осы сөзін естігенде баспананың жоқтығынан қиналып жүрген   Қасым ақын көз жасына ие бола алмай, сол жерде жылап жіберіпті.  «Аманжоловтың пәтері туралы бір ай бұрын телефон соғып едім ғой» дегенінің де сыры бар. Қасымның ел ішіне тарап кеткен «Берсең бер, бермесең қой баспанаңды» деп суырып салып айтқан өлеңі  Ілекеңнің де құлағына жетіп, шамасы ақынға пәтер беруді алдын-ала шешіп қойса керек. Қасым  сол пәтерден жарықтық «Ілекең берген киелі босаға» деп,  өле-өлгенше ешқайда көшпеген ғой.  «Бір ордерге бір бастық қол қойғанша, үлгеріппін мен жазып өлең томын» деп  осы баспана тауқыметі жанына батып, ренжігенде жазған өлең жолдары  да бар ғой.

Тiлшiлердiң мемлекеттiң көмегiнсiз өз бетiмен жер алып, үй салатын айлығы көп емес, баспанаға өте мұқтаж екендігi бүгін қаланы басқарып отырған  әкім Айбек Кәрімовтің  құлағына  жетті. Сең орнынан қозғалды. Атқарушы биліктің оң көзбен қарайтынынан үміті үзіле бастағандардың көңілдерін-де бір сенім  пайда болды. Тек, осы үміт үзілмесін, сенiм жоғалмасын деп тілейік…

Баспана тауқыметі жырына еріксіз өзек   болған Қасым Аманжоловтың:

Талай жанға қойғанмын адам атын,

Ел таниды өзінің азаматын.

«Азамат» деп ел сізге ат қойыпты,

Сол себепті бұл жырды жазды ақын,-

деген өлең жолдары бүгін журналистердің жағдайын түсінген әкім Айбек Кәрімовке разы семейлік БАҚ өкілдерінің көңіл түкпірінде сайрап тұрғандай…

-Баспана –  адамның алаңсыз өмір сүретін, ұрпағы  өніп-өсетін киелі ыстық ұясы,  ордалы отаны,- дейді Ауған соғысының ардагері, жылдар бойы үй кезегінде тұрып, баспана  тауқыметін Қасым ақыннан кем көрмеген,  біздің редакцияның қызметкері Талғат Дүйсенбеков. Қолына пәтердің кілті  тиген күні төртінші ұлы дүниеге келген интернационалист –жауынгер  жылдар бойы армандаған баспанаға қол жеткізіп, жанұясына қамқор болған қала әкіміне разылық сезімін жаңа туған нәрес-тесіне Айбек деген ат қойып  білдірген.

Жақсы іс жалғасын тауып, қоныс той алдағы уақытта да көп болсын деп тілейік, ағайын!

Құрметпен, Риза Молдашева

Ұқсас жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

15.06.2026
Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

Туристік маусымның қызған шағы қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алакөл жағалауында кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сай жүргізуге бағытталған...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

15.06.2026
«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

15.06.2026
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Заң бойынша әскерге шақырудан қандай жеңілдіктер немесе кейінге қалдырулар қарастырылған?   Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

24 часа бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

24 часа бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

2 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

2 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

5 дней бұрын

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

5 дней бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

5 дней бұрын

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС