"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ ЕРНАР ӘУЕЗОВ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

06.10.2022
ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ ЕРНАР ӘУЕЗОВ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
3.9k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген реликт шағала — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқандықтан қорғауға алынған құстардың бірі. Шағаланың бұл түрін ашқан талантты ғалым, қазақтың тұңғыш орнитологы , жазушы Мұхтар Әуезовтың ұлы Ернар Әуезов екенін біреу білсе, біреу біле білмейді. Ернар Әуезов ұшқан құс пен жүгірген аңның шығу тегін зерттей отырып, аман сақтап қалудың жолын іздеп, шарқ ұрған жан болған екен.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскенде Валентина Николаевна Кузьминамен танысып үйленеді. Бұл некесінен 1929 жылы Лейла есімді қыз, 1935 жылы Ернар есімді ұл дүниеге келеді.

ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ ЕРНАР ӘУЕЗОВ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?Ернар бала кезінен табиғатқа жақын болған. Баласының осы құштарлығын жете сезінген Мұхтар Омарханұлы әлі мектепке бармаған ұлына бір бөтелке сүт пен бір бөлке нанын беріп, қолына мылтығын ұстатып, алаңқайға жалғыз қалдырып кетеді екен. Табиғатқа тумысынан жақын бала ҚазҰУ-дың биология факультетіне оқуға түскен.Талай жауапты экспедицияларға қатысқан. Оқуын бітірген соң Зоология институтының орнитология бөліміне қызметке орналасады. Осы институтта қызмет істей жүріп ашқан үлкен жаңалығы – реликт шағаласы болатын.

ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ ЕРНАР ӘУЕЗОВ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Сирек кездесетін құс түрін Ернар Мұхтарұлы қалай тапты:

1968 жылы ҚР Ғылым академиясы зоология институтының ғылыми қызметкері Ернар Мұхтарұлы Әуезов Алакөлде су құстарына сақина салып жүрген кезде, сыртқы пішіні қара басты өгіз шағалаға ұқсас ересек құстардың тобын кездестіреді. Жас ғалым оларды бірнеше күн бойы бақылағанда көз ұяшығының алдын дөңгелек ақ шеңбер қоршаған, қара мойынды құстардың өгіз шағалаға мүлде ұқсамайтынын байқап, жас ғалым болжамын нақтылау үшін институт лабораториясында зерттеу жүргізеді.
Ол келер жылы тағы да Алакөлге барып, ғайыптан пайда болған құстың тегін зерттей түседі.Басқа шағалаларға қарағанда көлемі екі есеге жуық кіші құстың сәл нәрседен дүр етіп ұша жөнелетін секемшілдігі де жас ғалымның назарынан тыс қалмайды..
Алакөл – еліміз үшін маңызы ерекше аймақ. Ұлы Қытай елімен шекаралас. Аумағынан Ұлы Жібек жолы өтеді. Реликті шағала осы көлдің жағалауында мекендейді.
Алакөлдегі жан-жануарлар табиғи қорығын құрудағы еңбегі Ернар Әуезовтың есімін әлемге танытты. Ал Экология және биоресурстар министрлігінде жұмыс істеп жүргенде еліміздің жан-жануарлар әлемі туралы заң жобалары мен нормативтік актілерін әзірлеуге белсене қатысып, көптеген орнитологиялық конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасаған ол өмірінің соңына дейін ғылымнан қол үзбеген. АҚШ-тың жоғары оқу орындары шақыртып, бір жылдары Оксфорд университетінде дәріс те оқыған.

Ернармен араласқан адамдар оны көп сөйлемейтінін, әкесінің беделін ортаға салмайтын жан болатын деп еске алады. 1995 жылы кенеттен жүрек дертінен қайтыс болған Ернар жарты ғасырлық ғұмырында қазақ орнитология ғылымын талай ғасырларға жылжытып, қазақ ғылымына ерекше үлес қосқан жан.

Ернар Әуезов үш рет отау құрған. Үшеуі де орыс ұлтының өкілі. Алғашқысынан – Асқар, екіншіден Лола есімді қызы бар.

ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ ЕРНАР ӘУЕЗОВ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Мақалада: ЕРНАР ӘУЕЗОВМұхтар Әуезовтың ұлыҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ ЕРНАР ӘУЕЗОВ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС