"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ

07.10.2022
МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 5 қазан күні Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, VIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Нұрлан Нұржанов, облыстық басқармалар басшылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау; облыстық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту; ауыл шаруашылығы жануарларын жаю; үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы төрт мәселе қаралды. Облыстық мәслихат шешімімен Абай облысы тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Нариман Таушов тағайындалды. Нариман Бақытұлы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылық өндірісінің қаржыгер- -ұйымдастырушысы мамандығы бойынша, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Ұзақ жылдар салық заңнамасында қызмет етіп, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының салық департаменттерін басқарған. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында тәжірибесі мол Нариман Таушов бұған дейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы, 2021-2022 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Сессияда облыста ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары бекітілді. Қағидаларға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру, жаю кезінде айдауды ұйымдастыру, айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары, сондай-ақ жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары қарастырылған. Облыста ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары жобасымен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев таныстырды. — Абай облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайтын қағидалар «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді. Қағидалардың жобасы облыстық Қоғамдық кеңеспен алдын ала келісілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың, облыстың кәсіпкерлер палатасының қорытындылары алынып, «электрондық үкімет» порталында қоғамдық тыңдаулар өткізілді, қағидаларды әзірлеу кезінде барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілді,- деді Анзор Мициевич. Қағидаға сәйкес, ауруға шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, ауыл шаруашылығы жануарларын жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарының шекарасында жаюға; су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, сондай- -ақ қоғамдық орындарда, шомылу орындарында, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпы пайдаланымдағы су қабылдағыштарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға, бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға; мал иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаю орнына дейін және кері айдап апаруға, жаюға жол берілмейді. — Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Айыппұл мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі, − деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы. Депутаттар тарапынан құқық бұзушыларға қатысты айыппұл көлемін ұлғайтуды және бақылаусыз жайылып жүрген малдың әр басы үшін иелеріне айыппұл салу туралы ұсыныс айтылды. Қараусыз жайылған малдардың жол апаттарына себеп болып жатқан жағдайлар да аз емес. — Біз желілік полиция бөлімімен және теміржолшылармен жол қауіпсіздігіне қатысты бірнеше кездесу өткіздік. Қараусыз жүрген малды біз айыппұл тұрағына апарамыз. Бірақ айыппұл тұрақтарын ұйымдастырудың тәртібі жоқ. Бұл — алдағы уақытта қолға алынатын шаралар, — деді Анзор Абаев. Депутаттар малды түгелдей есепке алу туралы талаптар енгізуді ұсынды. Олардың айтуынша, қараусыз жайылған мал жол апатына себеп болса, тағылған белгі арқылы мал иесін оңай анықтап, жауапкершілікке тартуға болады. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы қолға алынып жатқан тағы бір жаңашылдық туралы айтты. Яғни темір жолдың жайылымдарға жақын жатқан бөліктерінде «электрондық шопандар» немесе арнайы тосқауылдар орнату ұсынылуда. — Бұл малдың жол бойына шығып кетпеуі үшін қажет, яғни қауіпсіздік шараларының бірі. Бұл мәселені қазір пысықтап жатырмыз, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,− деді басқарма басшысы. Басқарма басшысы айтылған ұсыныстар тиісті ведомстволарға жіберілетінін жеткізді. Сессияда сонымен қатар үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев, облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы облыс әкімінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев айтып өтті. Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС